Бизнес-ойлау психологиясы



бет166/185
Дата08.12.2023
өлшемі4,9 Mb.
#135325
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   185
Байланысты:
МУ Основы пред-ва 03102019 каз

2-тапсырма
Ал енді стартап жобаларыңызбен командаға бөлініңіздер. Әр команда өзі өмір сүріп жатқан қоғамға көрсете алатын көмектің кемінде 10 түрін ойлап табуы керек.
Әрі қарай оқушыларға кәсіпкерлер өз міндеттерін сақтамаған кезде орын алуы мүмкін жағдайлар туралы айтып бере аласыз. Бұларды қадағалайтын және мұндай міндеттемелердің сақталмауынан туындаған салдарларды жою үшін бақылаудың заң арқылы көзделген түрлі тәсілдері бар.
Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiм) – борышқор мiндеттемесiн орындамаған кезде несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы. Нәтижесінде, кәсіпкер айыппұл төлеп, шығындарды өтеуге мәжбүр болады.
Залал – сіз шартты бұзған кезде серіктесіңіздің көтеретін шығындары, сондай-ақ серіктесіңіз ала алатын, бірақ шарт бұзылған соң ала алмайтын кіріс.
Кепіл – міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі. Сіз міндеттемелерді орындамаған ретте шығынға ұшырамайтынына сенімді болу үшін серіктес, банк немесе мемлекет пайда болуы мүмкін залалды өтей алатын кепілдің енгізуін талап ете алады. Мәселен, сіз банктен шағын зауыттың құрылысына несие алып жатырсыз. Кенеттен шығынға ұшырасаңыз ше? Онда банк сізге берген бүкіл қаражатынан айрылып қалады. Банк қауіп-қатерден сақтану үшін кепілге пәтеріңізді алады – егер несиеге алған ақшаны белгілі бір уақытта қайтып бере алмасаңыз, меншігіңіздегі пәтер банктің иелігіне өтеді және оның шығындарының орнын толтырады.
Кепілдік – міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі, оған сәйкес кепілгер (үшінші тарап) басқа тұлғаның кредиторы алдында міндеттемелердің орындалуына толықтай немесе бір бөлігіне жауап беруге міндеттенеді. Мәселен, сіз жаңа зауыт салғыңыз келеді, бірақ банк ақшаны қайтып бере алатындығыңызға күмәнданады. Онда кепілгеріңіз ретінде несиелік тарихы жақсы серіктесіңіз немесе басқа фирма бола алады (бұрындары кредит алған және оны мерзімінде қайтып берген, демек банк оған сенеді). Егер сіз несиені өзіңіз қайтып бере алмасаңыз, осындай кепілгер сіздің міндеттемелеріңізді орындауға міндеттенеді.
Банк кепілдігі – жазбаша міндеттеме. Ол бойынша банк кепілдік берушінің өзге несиелік немесе сақтандыру ұйымы (кепілдік беруші) принципиалды кредиторға (бенифициарға) беретін міндеттемесінің шарттарына сәйкес бенифициар оны төлеу туралы жазбаша талапты ұсынған кезде ақшалай соманы төлеуге міндетті. Мәселен, сіз тауар сатып алғыңыз келеді, бірақ бұған ақшаңыз жетпей жатыр. Несиеге сатып алынған тауарды сатқаннан кейін өзіңіз төлей алмасаңыз, банк кепілдік беруші ретінде серіктеске қарыздарыңызды төлеу туралы уәде бере алады. Бұл ретте, сіз банкке оның кепілдік беруші болғаны үшін сыйақы төлейсіз.
Кепілақы – шарт бойынша уағдаласушы тараптардың бiреуiнiң өзiнен алынатын төлемнiң есебiнен екiншi тарапқа және шарт жасау мен орындауды не өзге мiндеттеменi орындауды қамтамасыз етуге берiлетiн ақшалай сома. Мысалы, сіз құжаттарды аудару үшін аударма агенттігіне бердіңіз. Қызмет ақысын төлеген соң аударманы келісілген уақытта алатыныңызға сенімді болғыңыз келеді. Агенттік те өзі жасайтын аударманың ақшасын алатынына сенімді болғысы келеді. Сондықтан сіз агенттікке аударманың толық ақысын емес, ал тек бөлігін ғана төлейсіз, яғни кепілақы қалдырасыз. Агенттік осылайша сіздің бәсекелестерге кетіп қалмайтындығыңызға және атқарылған жұмыстың толық ақысын алатындығына сенімді болады. Ал сіз жұмыстың орындалатынына сенімді боласыз, өйткені агенттік қалған соманы алуға ниетті болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет