Бизнес-ойлау психологиясы


АҒЫМДАҒЫ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА САТУДЫ НЕГЕ АРТТЫРУ КЕРЕК?



бет84/185
Дата08.12.2023
өлшемі4,9 Mb.
#135325
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   185
Байланысты:
МУ Основы пред-ва 03102019 каз

АҒЫМДАҒЫ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА САТУДЫ НЕГЕ АРТТЫРУ КЕРЕК?

Мұның ең бірінші себебі, осылайша компания қаржы ресурстарын үнемді бөледі: жаңа сатып алушыларды тартуға ұмтыламын деп жарнамаға қаржы жұмсамайды. Оған қоса, адами ресурстар азырақ қолданылады, өйткені бұрынғы клиенттермен қарым-қатынас құрудың, олардың сеніміне кірудің қажеті жоқ. Олар компанияның пайдасына өз таңдауларын жасап қойған.
Қайта сатуды арттыруды қажет ететін негізгі себептерді атаймыз:

  • Сатып алушы өзіне қажет тауарды нарықтан іздеуге уақыты мен күшін жұмсамайды. Ол сіз және сіздің тауар туралы біледі, бұрын сізден тауар сатып алған. Демек, өнім барлық жағынан оған ұнайды. Келесі тауарды ол дәл сізден сатып алады деп сенімді түрде айтуға болады.

  • Клиент осыған дейін компаниямен қарым-қатынас жасап, оң әсер алған. Оған қызмет көрсету ұнады, барлық тілектері ескерілді, сату жөніндегі маман сыпайы қарым-қатынас жасады, тауар дәл уақытында жеткізілді. Сәйкесінше, бұл клиент басқа жеткізушіге бармайды, сізге қайтып келеді, себебі оған сервис ұнады.

  • Егер клиентке сіздің компанияңыздың жұмысы ұнаса, өнім сапалы болып, сервис жоғары болса, сізге қайта сатуды жолға қоюдың қажеті жоқ. Клиенттің бастапқы қызмет көрсетуді жоғары бағалағаны, онымен жасалған келісімнің барлық шарттары сақталғаны маңызды. Бұл жағдайда ол, бұдан әрі қарай да ең алдымен сіздің компанияңызға хабарласатын болады.

Қайта сатуды арттыру құралдары

Не

Қалай

Мысал

Абоненттік қызмет көрсету

Сатып алушыға әлеуметтік желіде алға бастыруды қоса алғанда, сіз оны ай сайынғы негізде әртүрлі тарифтік жоспар бойынша ұсына аласыз.

Мысалы, клиент қосымша жарна төлеп аяқ киімінің өкшесін ауыстыра алады немесе аяқ киімін жылына үш рет тазалату құқығын алады

Клубқа мүшелік

Клубтың клиентке арналған арнайы шарттары мен ұсыныстарын білдіреді. Егер сіз өте тартымды ұсыныстар құрсаңыз және жағымды жағдайлар ұсынсаңыз, онда аудиториямен ұзақ мерзімді күшті қарым-қатынас құра аласыз. Сатып алушылар сізге толық сенім білдіреді

Мысалы, сіз клуб мүшелері үшін жылына бір рет кеш ұйымдастыра аласыз. Немесе оларға жаңа аяқ киім коллекциясын ескі бағамен сатуға болады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет