Бизнес-ойлау психологиясы



бет106/188
Дата24.07.2022
өлшемі4,9 Mb.
#37886
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   188
Білім (қайдан алу керек)

  • Дағдылар (қайдан алу керек)

  • Технологиялар (қайдан алу керек)











  • Сондай-ақ зияткерлік ресурстарға мыналар жатады:

      • сауда маркалары – яғни тауарлардың белгілері - сөздік немесе графикалық. Бұл өнімдердің брендтері, логотиптер, слогандар;

    • авторлық құқықтар – сіздің шығармашылық қызметіңіздің нәтижесінде құрғаныңыз -бағдарламалар, фильмдер, музыка, веб-сайттар және т. б.;

    • сауда құпиялары – өндіріс құпиялары, құнды ұсыныстар, бірегей технологиялар, байланыстар, ингредиенттер; формулалар және т. б.;

      • келісім-шарттар – яғни сіз және сіздің серіктестер туралы барлық бизнес-ақпарат, бағалар, шарттар және т. б.;

    • патенттер – яғни сіздің өнертабыстарыңыз бен жаңа технологиялар.


    • Ресурстардың келесі түрі – адами, бірақ бұл туралы біз қызметкерлерді басқаруға арналған жеке сабақта сөз етеміз.

    • Бизнестің уақытша ресурстары немесе резервтері өте шектеулі. Бұл ресурс түрі бірегей: оны жинақтау мүмкін емес. Оны ішінара жұмсауға немесе пайдалану кезеңін созуға болмайды.

    • Ресурстардың соңғы түрі туралы нақты айту қиын болса да, уақыт – кез келген бизнестің негізгі ресурсы. «Уақыт – ақша» деген белгілі мәтел естеріңізде ме? Бизнестегі іс-әрекеттеріміздің әрбір нақты кезеңіне көп уақыт жұмсаған сайын, соғұрлым ол бізге қымбат. Не жақсырақ: екі апта ішінде жобаны 100 000 теңгеге оны қайта жасауға болмайтындай етіп жасайтын жақсы маманды жалға алу, немесе дәл сол жұмысты екі ай жасайтын 50 000 теңгеге делдал қызметкерді жалға алу керек пе? Арзанырақ болған сайын тиімді деп көрінуі мүмкін басында. Бірақ, әлеуметтік желілерде сіздің тауарыңызды жылжыту менайналысуға тиісті SMM-маманды жалдадық дейік. Кәсіби маманға 100 000 теңге төлеп, сіз бір аптадан соң тапсырыстар ала бастайсыз, сату басталады және пайда түседі. Екінші жағдайда сіз жұмыскерге төлем жасауда үнемдейсіз, бірақ сатылым тек қана екі айдан соң ғана басталады, сіз алуға тиісті ықтимал пайдадан айрыласыз. Нақты сол үшін осы немесе басқа ресурстардың қажеттілігі туралы барлық шешімдерді уақыт тұрғысынан тексеруге болады. Ол үшін өзіңізге үнемі сұрақтар қоясыз: «Қандайда-болмасын күндегі өнімдерді сатуға қанша уақыт кетті?», «Бұл уақыт бөлігінде және ілеспе шығындарда (кеңсені жалдау, жұмыскерлердің айлықтары және т.б.) пайдалы болды ма?», «осы уақыт ішінде жарнама қаншаға шықты?», «Бұл шығындар мен беруді салыстырғанда пайдалы болды ма?» және т.б.

    • 4-тапсырма

    • Сіздің бизнесіңіздің қандай әрекеттері мен процестері сіздің уақытыңыз басым бөлігін және қызметкерлеріңіздің уақытын алып отырғанын бірге ойлайық. Біз бұл процестерді қалай оңтайландыра аламыз?


    • Оқушылар тапсырманы өз бетінше немесе барлық топпен орындай алады.

    • Олардың жауаптарын жылдамдату үшін, оларды қосымша сұрақтар қою арқылы дұрыс арнаға бұра аласыз.




    • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   188




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет