7.1-тақырып. Басым істерді анықтау Басым істер тізімін анықтау
Эйзенхауэр матрицасы
Осы кезеңге дейін сіз бизнес-модельдермен, маркетингпен, бизнестің сату стратегиясымен және негізгі ресурстарымен таныстыңыз. Алайда бұрынғыша: «Иә, бизнес – бұл қызықты, болашағы бар, мен идеяны қалай ойластыратынын, ақшаны қалай табатынын, менде қандай ресурстар бар екенін түсінемін,»... деген сұрақтар көкейімізде әлі тұр. Десе де: өзіңізге «маған кәсіпкер болу үшін нақты не істеу қажет?» деген сұрақ қойыңыз.
Бұған сіз істеуге тиісті істердің қарапайым тізімі көмектеседі. Қарапайым тізімді құру күнделікті операциялық қызметті бақылаудың қарапйы ғана тәсілі болып табылады. Адамдар өзінің жадына аса тым сенбеген кезде, көбінесе, әртүрлі тізімдер жасайды, мысалы, сатып алушылар тізімі немесе қажетті істер тізімі. Өзінің ойлау мүмкіндіктерін барынша күшейту үшін олардың көмегімен сіз өз ойыңызды ұйымдастыра аласыз.
Мұндай істер тізімінің шаблоны төмендегідей болады:
Әрекет
Жауапты тұлға
Маңыздылық
(маңызды немесе жоқ)
Шұғылдық
(шұғыл немесе жоқ)
Жай-күйі
(«Істеукерек», «процесте» немесе «істелді»)
Басталуы
Аяқталуы
Ескерту
1-мақсат
1-әрекет
Есімі
2-әрекет
Есімі
3-әрекет
Есімі
2-мақсат
4-әрекет
Есімі
5-әрекет
Есімі
6-әрекет
Есімі
Кез келген стартаптағы істің тізімін үлгі ретінде қарайық.
Мұндай тізімдерді құру логикасы мынадай: ең алдымен, сіздің мақсаттарды тізбелеуіңіз керек. Бұл: нарықты талдау, шығындар, стратегия және т.б. болады. Содан кейін әрбір мақсат үшін сіздің оған қол жеткізуде істелетін іс-әрекеттер тізімін жазуыңыз керек. Сіз атқарушыға қызметтік хат жаздым деп есептеңіз: ол ештеңені ұмыт қалдырмау керек, әйтпесе мақсатқа қол жеткізілмейді.