Бизнес,басқару және туризм бб


Қорытынды бағалау критерийлері



бет13/14
Дата29.12.2023
өлшемі222,25 Kb.
#145004
түріПрограмма
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
кәсіпкерлік 2023 силлабус межфак (1)

Қорытынды бағалау критерийлері

Қорытынды бақылау тесттік тәсілмен арнайы компьютерлік сыныпта емтихан түрінде өткізіледі. Тесттік тапсырмалар 3 бөлімге бөлінген. Бірінші бөлімде жеңіл сұрақтар, екінші бөлімде орташа ауырлықтағы сұрақтар және үшінші бөлімде аса ауыр сұрақтар шоғырланған. Барлық сұрақтар дәріс, практика, СОӨЖ толықтай қаралып, пысықталған.


Қорытынды бақылау -емтиханға пәннің бағдарламасымен толық игерген және жіберілу рейтингісінің алған студенттер жіберіледі.Қорытынды баға автоматты түрде ағымдық бақылаудың орташа баға негізінде есептелінеді: қорытынды баға (100%) = жіберілу рейтінгісі (60%)+қорытынды бағалау (40%)Жіберілу рейтінгісі (60%) = аралық бақылаудың орташа бағасы (20%) + ағымдық бақылаудың орташа бағасы (40%) Аралық бақылаудың орташа бағасы = АБ1+АБ2/2Ағымдық бақылаудың орташа бағасы = ағымдық бағалардың ортаарифметикалық жиыны БӚЖ орташа бағасын, айыппұл және марапат балдарын ескергенде.Қорытынды баға (100%) = АБ орт х 0,2+Ағымдық бақылауорт х 0,4 + ҚБ х 0,4

95-100

Қойылған сұрақтарға толық, жан-жақты жауап беріледі, студент ұғымдармен еркін жұмыс жасай алады, маңызды және маңызды емес белгілерді, себеп-салдарлық байланыстарды ажырата алады. Объект туралы білімдері ғылым мен пәнаралық қатынастар жүйесінде көрсетіледі. Жауап ғылыми терминдермен тұжырымдалған, әдеби тілмен жазылған, қисынды, дәлелденген, студенттің авторлық ұстанымын көрсетеді. Жауап толық, дұрыс; негізгі идеялар, қарастырылатын қайнар көздерді білу. Қосымша әдебиетті пайдалану. Дәлелдей білу, аргументациялау, қарсылық білдіру, қорытынды жасау ептілігі.

90-94

Қойылған сұраққа толық, жан-жақты жауап беріледі, объект туралы саналы білім жиынтығы көрсетілді, тақырыптың негізгі ережелері дәлелді түрде ашылды; жауапта ашылатын ұғымдардың, теориялардың, құбылыстардың мәнін көрсететін нақты құрылым, логикалық бірізділік байқалады. Объект туралы білім осы ғылым мен пәнаралық байланыстар жүйесінде оны түсіну аясында көрсетіледі. Жауап ғылым терминдерінде әдеби тілмен жазылған. Студент жауап беру барысында жіберілген қателіктерді өз бетінше түзетуі мүмкін.

85-89

Қойылған сұраққа толық, жан-жақты жауап беріледі, тақырыптың негізгі ережелері дәлелді түрде ашылды; жауап құрылымы нақтыланған, логикалық дәйекті.
Жауапта ашылатын ұғымдардың, теориялардың, құбылыстардың мәнін көрсететін нақты құрылым, логикалық бірізділік байқалады. Жауап ғылым терминдерінде әдеби тілмен жазылған. Жауапта студенттің оқытушының көмегімен түзеткен кемшіліктері бар.

80-84

Қойылған сұраққа толық, жан-жақты жауап берілді, маңызды және маңызды емес белгілерді, себеп-салдарлық байланыстарды көрсете білу. Жауап анық құрылымдалған, қисынды, ғылым терминдерінде әдеби тілде жазылған. Оқытушының көмегімен студент түзеткен кемшіліктер немесе елеусіз қателіктер жіберілуі мүмкін.

75-79

Қойылған сұраққа толық жауап берілді, маңызды және маңызды емес белгілерді, себеп-салдарлық байланыстарды ажырату мүмкіндігі көрсетілген. Жауап анық құрылымдалған, қисынды, ғылым терминдерінде жазылған. Алайда, "жетекші сұрақтар" көмегімен студент түзеткен елеусіз қателер немесе кемшіліктер жіберілген.

70-74

Жауап толық, дұыс; негізгі идеялар білімі қарастырылатын қайнар көздер білімі көрсетілген. Графиктер құрып, талдау жасай білу. Дәлелдей білу, аргументациялау, қарсылық, қорытындылар жасай білу ептілігі. Тәжірибелік жағдайларды талдау үшін теориялық білімді пайдалана білу. Бірақ баяндауда анықсыздықтар бар

65-69

Толық және жан-жақты жауап берілмеді. Жалпы ойдың логикалық бірізділігі сақталмаған. Тұжырымдарды ашуда және терминдерді қолдануда қателіктер жіберілген. Студент елеулі және елеулі емес белгілер мен себеп-салдарлық байланыстарды өз бетінше ажырата алмайды. Студент жалпылама білімді нақтылай алады, мысалдарда олардың негізгі ережелерін тек оқытушының көмегімен ғана дәлелдейді. Сөйлеу тілі түзетуді талап етеді.

60-64

Сұрақ тақырыбы бойынша анықтамалардағы маңызды қателері бар толық емес жауап берілді. Студент осы ұғымның, теорияның, құбылыстың пәннің басқа объектілерімен байланысын түсінбейді. Тұжырымдар, нақтылау және баяндаудың дәлелдемелері жоқ. Сөйлеуі сауатсыз. Оқытушының қосымша және нақтылайтын сұрақтары студенттің қойылған сұраққа ғана емес, сонымен қатар пәннің басқа да сұрақтарына жауаптарын түзетуге әкелмейді.

55-59

Қойылған сұрақтарға толық жауап берілмеді. Студент дәлелдер келтіруге қиналады. Терминдердің, ұғымдардың анықтамаларындағы, фактілердің, құбылыстардың сипаттамаларында көптеген маңызды қателіктер бар. Жауапта тұжырымдар жоқ. Сөйлеуі сауатсыз. Қосымша сұрақтарға жауап бергенде студент білім арасындағы байланысты тек оқытушы берген соң ғана түсіне бастайды.

50-54

Жауап негізінен дұрыс, бірақ толық емес; онда бағдарламалық материалды жеткілікті түрде түсінбеу анықталады; теориялық ережелерді интерпредациялауда жекелеген қателіктер жіберіледі; материалды репродуктивті түрде ғана баяндау байқалады; өзіндік қорытындылар мен жалпылаулар жоқ.

0-49

Бағдарламалық материалды толық білмеу; оқу бағдарламасының негізгі материалын білмеу және ірі қателіктер жіберу



1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет