Сабақтан кейін Әкежанды мектептен алып кету үшін шешесі келді.
Олар бірге мектептен шығып, алдымен дүкенге кіруді шешті. Олар келесі көшеге бұрылып, жаяу жүретін өтпеге келді.
– Жол белгілері деген не? – деп сұрады Әкежан шешесінен.
Жолда жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге арналған арнай жол белгілері
болады. Бағанаға қарашы. Адам салынған көк төртбұрышты көрдің бе? Бұл белгі – жаяу адам жүргіншілер өтпесі. Жол белгілері жолдарда қозғалысты реттеуге көмектеседі – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол апаттарынан сақтануды ескертеді, қайда баруға болады және болмайтындығын көрсетеді.
Тағы да қандай жол белгілері болады? – деді Әкежан.
Ескерту белгілері – бұл бағдаршамның сары түсіне сәйкес, «Абайлаңыз!»
Тыйым салу белгісі қызыл түске сәйкес келеді. Сонымен қатар нұсқау белгілері бар, – деп түсіндірді Әкежанға шешесі. – Жол белгілерінің жеті тобы болады. Бұл белгілер барлық әлем халықтарына түсінікті!
Шеше, адамдар оларды қалай түсінеді, әлемдегі халықтар әр түрлі тілде
сөйлейді ғой? – деді Әкежан.
Барлық адамдар әр түрлі көлік түрлерін, велосипед пен мотоциклді
пайдалана алады. Жол белгілері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге түсінікті болу үшін, оларды сурет түрінде ойлап тапқан, - деп түсіндірді шешесі. (163 сөз)
«Жаяу жүргіншілер мектебі»