Бұйрығымен бекітілді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы


Академиялық адалдықты сақтамағаны үшін жауапкершілік



бет5/7
Дата31.12.2021
өлшемі53,61 Kb.
#22062
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Kodeks etiki i akadem chestnosti kaz

5. Академиялық адалдықты сақтамағаны үшін жауапкершілік

  1. Сапалы оқыту мен зерттеудің әділдік және құндылық қағидаттары қызметтегі басты басымдығы болып табылатын ұжымның кез келген мүшесі – білім алушылар, оқытушылар, қызметкерлер академиялық адалдықты бұзу мәселелерін қоя алады.

  2. Институт/МСҰМ директораты академиялық адалдықты бұзуға қатысты көтерілген кез келген мәселені қарастыруы тиіс, ол мәселені жан-жақты зерделеу және академиялық адалдықты бұзу фактілерін әділ бағалау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.

  3. Білім алушылар және қызметкерлер оқуға немесе жұмысқа қабылданған кезде осы Кодекспен жазбаша түрде таныстырылуы керек.

  4. Кодекс нормаларын білмеу оларды сақтамағаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.

  5. Осы Кодекс нормаларын бұзған Академия қызметкерлеріне қатысты ішкі еңбек тәртібінің қағидалары мен еңбек шартына сәйкес тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылады.

  6. Осы Кодекстің нормаларын бұзған Академия білім алушыларына қатысты осы Кодекстің ережелері мен оқу шартына сәйкес шаралар қолданылады.

  7. Институт/МСҰМ директораты және Академия басшылығы академиялық адалдықты бұзудың алдын алу және оған жол бермеу мақсатында білім алушылар мен қызметкерлер үшін қолайлы жағдайды, оның ішінде кеңес беру арқылы жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет