Бұйрығымен бекітілді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы



бет2/7
Дата31.12.2021
өлшемі53,61 Kb.
#22062
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Kodeks etiki i akadem chestnosti kaz

Преамбула

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы әлеуметтік және білім беру рөлін ұғына отырып, негізіне әлем университеттерінің зерттеу және білім беру қызметі жататын, халықаралық ғылыми бірлестік қабылдаған әдеп құндылықтары мен негізге алынатын қағидаттарды мақұлдайды.

Академияның білім алушылары мен қызметкерлері академиялық адалдық қағидаларын және жалпы жұрт таныған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға тырысады.


    1. Академияның білім алушысы мен қызметкерінің әдебі

Білім алушылар мен қызметкерлер:




  • жалпы жұрт таныған мораль нормаларын сақтайды және жалпы адами құндылықтарды құрметтейді;

  • академиялық адалдық нормаларын сақтайды;

  • Академияның беделін нығайтуға жәрдемдеседі және оған зиян келтіретін мінез-құлықтан аулақ болады;

  • өзгелердің құқықтарын, ар-намысын және абыройын құрметтейді;

  • әділетсіз қарым-қатынас жасауға және кемсітушіліктің, тіл тигізудің және қысымшылықтың барлық түрлеріне жол бермейді;

  • әңгімелесу барысында сыпайылық танытады және күлімдейді;

  • шешім қабылдауға жеке көңіл білдірулермен немесе жеккөрініштілікпен әсер етуге мүмкіндік бермей, өзінің мінез-құлқын, сезімін және эмоциясын бақылайды;

  • барлық адамдармен қызметтік немесе әлеуметтік жағдайына қарамай бірдей дұрыс қарым-қатынас жасайды;

  • әріптестерінің іскерлік қасиеттерін, мінез-құлықтары мен жеке өміріне қатысты теріс пікірлер білдіруден тартынады;

  • өз міндеттерін жоғары жауапкершілік, тәртіптілік, әділдік және адалдық таныта отырып орындайды;

  • ұжымда өзінің жұмыс пен оқуға деген қатынастарымен позитивті моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етеді;

  • қызмет бабындағы сыйластықты және іскерлік этикетті сақтайды;

  • өзінің кәсіби, басқарушылық және тұлғалық құзыреттіліктерін дамытады;

  • іскерлік киім стилін ұстанады;

  • Академияның мүлігі мен жабдығына ұқыпты қарайды, тазалық пен тәртіпті сақтайды;




  • Академияның позитивті имиджінің көтерілуіне ықпал етеді және Академия имиджіне нұқсан келтіретін ақпаратты таратуға жол бермейді.

    1. Академиялық адалдық

Академиялық адалдық – бұл академиялық және ғылыми ортадағы мінез- құлық принциптері, қағидалары мен құндылықтардың жиынтығы. Ол жеке жұмыс орындау, бейтаныс адамның зияткерлік еңбегіне құрметпен қарау және көшіріп алу, плагиат (бөгде адамның зияткерлік меншігін иелену), өзін-өзі плагиаттау, жасырып қалу, келісу, білімді ағымдық және қорытынды бақылау тапсырмалары туралы ақпаратты заңсыз беру; бір жұмысты бағаланатын тапсырмалардың әртүрлі түрлеріне ұсыну; анық емес деректерді (бұрмалау) ұсыну және тәртіпсіз академиялық мінез-құлықтың өзге де әрекеттерін жасау сынды жосықсыз тәжірибеден бас тарту барысында танытылатын парасаттылық, адалдық пен жауапты мінез-құлықты қамтиды.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет