«Бұл адам не ойланып отыруы мүмкін» эссе



Дата05.05.2023
өлшемі200,14 Kb.
#90378

Т
апсырма:

«Бұл адам не ойланып отыруы мүмкін» эссе

Бұл суретте адам көңілсіз көрінеді.Соған қарап, күйбең тіршіліктен шаршағандық ,бәрінен жалыққандық ,тыныштықты қалайтын сияқты.Өз өзімен сөйлесіп отырғаны белгілі.«не ойлауы мүмкін» деген сұраққа мен былай жауап бергім келеді.Бұл адам өзінің басындағы көптеген шешілмей жатқан,ішкі жан тыныштығын бұзған бір ғана проблема емес бірнеше проблемаларды ойлануда.Мысалы айтатын болсақ: «Мен не істеп жүрмін»,«Осы уақытқа дейін не істеп үлгердім»,«болашақта қандай адам боламын »,«Мен өз армандарыма ,өз мақсаттарыма апаратын жолдамынба, дұрыс әлде бұрыс жолдамынба»,«өз-өзімді шыңдауым керек,алға қарай ұмтылуым керек,болашағымды ойлауым керек» және тағысын тағыда сол секілді ойларды ойланып, толғанып отырғандай көрінеді.Өзінің арман-мақсаттарын ойлау, болашағын ойлау адамды шыңдай түседі деп ойлаймын.Бірақ мына уақыттың көзді ашып жұмғанындай жылдам өтуі адамды қынжылтады.Бұл уақыт тоқтаусыз жұмыс жасағандай ,бір орында тұрмайтындығындай адамда солай бір орында тұрмай әрекеттенуі керек ,өз болашағы үшін .Болашақты ойлау адамды терең ойға батырады . Мен армандарыма жете аламынба,ол арман- мақсат маған түбінде қуаныш сыйлай аладыма деген сынды ойлар қатты уайымдатады.Сол үшінде «жеті рет өлшеп бір рет кес» дегенде сөздер бекер айтылмаған.Солардың барлығын ойланып ,ой елегінен өткізіп,сайлап,сараланып жасалуы керек деп ойлаймын кез келген әрекет.Өз болашағын ойлаған адам түбінде жеңіске жетеді деп ойлаймын.Өзі үшін алаңдап, болашақта болатын отбасы туралы ойлану ,сол үшін әрекет жасау ,еңбек ету , жақсы көрсеткіштерге алып барады. Өз- өзіңді шыңдау ,өз-өзіңді тәрбиелеу әрине оңай дүние емес .Алайда, адам баласы кез-келген затты және іс-әрекетті өзіңнен бастау керек екені анық. Дегенмен де біздің қазіргі қоғамда адамдар өзін-өзі тәрбиелеуге аса назар аудара бермейді.адам өз іс-әрекетіне үнемі есеп бере бермейді. Сондықтан да өмірде көптеген қателіктерге тап болып жатамыз. Бұл дегеніміз адамдардың өз –өзіне аса мән бермеу, яғни әр адамның жүріс –тұрысы, көзқарасы, пікірі болады. Адам болған соң қоғам болады. Қоғамда әртүрлі адамдар да болады. Сол себепті барлық зат біз ойлағандай бола бермейді. Өмірде жақсы–жаман бірге жүреді соны ескере отырып, өзіміздің жүрген ортамызды табу яғни адам баласына сен жүретін ортаныңда әсері қоғамның да әсері зор. Сондықтан да адам болашағын өзгерткісі келсе бірінші өзінен бастау керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет