Idealday_SHOU
Shonbay online university
«Идеалды күн» курсының алғашқы тапсырмасы
Бұл курс – сіздің өзіңізге жасаған сыйлығыңыз, өзіңізге салған инвестицияңыз.
Барынша мол пайда алып, жақсы нәтиже көрсеткіңіз келсе берілген тапсырмаларды
үлкен жауапкершілікпен, тәртіппен орындауыңыз қажет.
Қарсылық білдірмей, қырсықпай, білемін,
оқып қойғанмын, өтіп қойғанмын,
естігенмін деп айтпай берілген тапсырмаларды дұрыс, жақсы, орынды, миды қатты
қоспай, яғни пікірді (шаблондарды) өшіріп, ақыл мен зейінді осы курсқа бағыттау
керек. Сонда ғана сіз тек білім алып қана қоймай, үлкен тәжірибе мен шеберліктің
иесі бола аласыз. Біздің беретін алғашқы видеомыз сізге бағытталады – бұл өзіңізге
жасалған инвестицияның қайтып келуі үшін сіздің жасайтын алғашқы қадамыңыз.
Тапсырмалар:
1.
Осы курс барысында 3 ай бойы ешқандай артық кітап оқымау, өзіңіздің
таңдауыңызбен оқылатын кітаптарды уақытша шектеу. Тек курс барысында
берілетін кітаптарды, қажетті мағлұматтарды оқу.
Себебі мағынасыз, мақсатсыз, ешқандай мән берілмей қабылданған контент,
білім, ақпараттың біздің миымызға беретін зияны өте көп.
Біз беретін
тапсырмаларды толыққанды орындау үшін ойыңыз тұнық болу керек.
2.
Әлеуметтік желілерде, инстаграмда сізді деструктивті әрекетке әкелуі мүмкін
пайдасыз контент, ақпарат беретін пабликтерді, парақшаларды оқудан
тыйылу, яғни олардың санын барынша қысқарту.
Сіздің мазаңызды, уақытыңызды алатын адамдардан «отписаться» ету,
WhatsApp-тағы зейініңізді алатын топтардан шығу керек не мән бермейтіндей
дауыссыз режимге қою керек.
3.
Басқа тұлғалық дамуға байланысты (кәсіпке қатысты емес)
курстарға
жазылған болсаңыз, онда ол курстарды кішкене шектей тұрыңыз.
Себебі бірнеше курсты бір уақытта оқып жүрген адамдар методикаларды
орындауда қателесіп, шатасып кетуі мүмкін. Курсқа жүйелі тәсілмен қарау
керек, яғни бір ұстазды таңдап, бір адаммен жұмыс істеймін деп ниеттенсеңіз,
онда қосымша басқа ақпарат іздеп, курстарды, ұстаздарды, методикаларды
бір-бірімен салыстырудың қажеті жоқ. Бір бағытты ұстаныңыз.
4.
Өзіңіздің қазіргі жағдайыңызды (состояние) қағаз бетіне жазу, бекіту. Суретке
түсу.
Себебі адамның миы салыстырмалы түрде ғана ойлайды.
Оқудың соңында
курстың пайдасы тиген не тимегендігін түсіну үшін қазіргі күйіңізді жазып
қоюыңыз қажет. Бүгіннен бастап курс басталғанға дейін (1 қыркүйекке дейін)
7 күніңізді жазып жүріңіз. Арнайы дәптер арнасаңыз болады. Мысал:
Idealday_SHOU
Shonbay online university
Уақыт Іс-әрекет/оны сипаттау
7:00
Ояну
Қандай көңіл-күймен, қалай ояндыңыз? Әдетте таңғы жаттығу
жасайсыз ба, жоқ па?
7:30
Таңғы ас
Не жедіңіз?
8:30
Жұмысқа баратын жол
Жаяу бардыңыз ба, көлікпен ба? Кептеліс болды ма? Қандай
сезіммен жұмысқа бардыңыз?
9:00-
18:00
Жұмыс уақыты
Жұмысыңызды қалай істедіңіз? Қандай нәтиже көрсеттіңіз?
Кіммен сөйлестіңіз? Не білдіңіз? Көңіл-күйіңіз қандай болды? Қай
жерде тамақтандыңыз? Түскі асқа не жедіңіз?
18:00
Жұмыстан кейінгі уақыт
Қайда бардыңыз? Кіммен кездестіңіз? Немен айналыстыңыз?
Кешкі асқа не жедіңіз? Қандай мәселелерді шештіңіз?
20:00
Үйдегі уақыт
Кіммен, қалай уақытыңызды өткіздіңіз? Не істедіңіз? Не
оқыдыңыз? Қандай фильм көрдіңіз?
23:00
Ұйықтау
Қандай сезімде болдыңыз? Қандай ойлар болды? Жоспарыңыз,
нәтижелеріңіз қандай? Күн барысында қандай эмоциялар болды?
Ескерту! Бұл тек қана мысал. Тура осы режимді ұстану, не тек осы сұрақтарға
жауап беру керек деген емес. Сіздердің күн тәртіптеріңіз мүлдем
басқаша
болуы мүмкін, жұмыс істемеуіңіз мүмкін, оянып-тұру уақыттарыңыз өзгеше
болуы мүмкін және т.с.с.
Ең бастысы оянған сәттен ұйықтаған дейінгі уақытта кезек-кезегімен не
істедіңіз, көңіл-күйіңіз, ішкі сезімдеріңіз қандай болды,
қалай өзгерді, не
себепті екенін сипаттап жазу керек. Қазіргі физикалық жағдайыңызды,
денсаулығыңызды,
моральдық-эмоционалдық
күйіңізді,
материалдық
жағдайыңызды, қанша табыс алатыныңызды – осының барлығын қағаз бетіне
түсіріп, жазып қою керек.
Суретке түсіп, ол суретті сақтап, түскен датасын жазып қойыңыз.
*Қазір қосымшада сурет қабылдау
функциясы дайын емес, кейін пайда болғанда бізге жібере
алатын боласыз.
5.
Мүмкіндігіңіз болса, анализ тапсырыңыз, толық медициналық тексерістен
(check-up) өтіңіз.
Осы тапсырмаларды орындағаннан кейін ғана келесі жаңа сабаққа өтуіңіз керек.
Курстың 1-сабағы 1 қыркүйекте беріледі.