Бұл мамандық сұранысқа ие болуы мүмкін компаниялар



бет3/3
Дата18.06.2023
өлшемі322,98 Kb.
#102029
1   2   3
Байланысты:
Ақылды үй жобалаушысы

Дат­чик­тер­ді қо­су. Датчиктер кез келген ақылды үйдің негізі болып табылады.
Жүйе тұтастай шешуі тиіс жеке талаптар мен міндеттер тізбесіне қарамастан, осы датчиктерді автоматтандырудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді және басқа құрылғыларға белгілі бір сәтте қосу немесе ажырату қажеттілігі туралы сигнал береді.
Бұл құрылғыларды дұрыс таңдау ақылды үйдің жұмыс қабілеттілігі мен функционалдылығының негізі болып табылады.
  • Ақылды үй— жұмыс жасау қағидасы


  • Ақылды үй (Smart Home) – бұл өзара байланыста жұмыс жасайтын және барлық мәселелерді шешетін үйдегі барлық инженерлік жүйелердің бір желіге біріктірілуі. Ол мәселелерді әдетте үй үйесі тұрмыс барысында өз бетімен шешіп отырады.

  • Мәселен – сағат ояну уақытын өзі еске салады, жарық қозғалыс сезбегіне сай қосылады, плита өзі таңғы ас дайындайды, шаңсорғыш бағдарламаланған уақытына сай уақытта үй жинауды бастайды. Егер үй иесі үтікті өшіргенін немесе өшірмегенін есіне түсіре алмаса, онда ол бұйрық жіберу арқылы розетканы электр көзінен ажырата алады. Автоматикалық жүйелер ғимараттың ішінде болып жатқан іс-әрекеттің барлығын бақылауда ұстайды. Тұрмысқа қажетті сұрақтардың бірқатарын үй иесі қолындағы смартфонының арқасында шеше алады.

  • Smart Home жабдығының басқару пульті мен сезбектер жүйесі бар. Басқару орталығы барлық ақылды жабдықтармен өзара байланыста жұмыс жасайды, соның арқасында жұмыс алгоритмі құрылады. Мәселен – қожайын үйден шыққан кезде – үйде жарық сөнеді, перделер жабылады, ақылды розеткаға жалғанған жабдықтар өшеді. Белгілі уақытқа салқындатқыштың қосылуын, шкафтардың ашылуын, кір жуу машинасы мен сантехникадан су ағу сезбектерін икемдеп қоюға болады.

  • Бүкіл жүйе бір орталықтан немесе жеке-жеке электрқуатына тәуелсіз электр жүйесі сөнгенде де сақталынатын жадтың көмегімен басқарылады.





  • Smart Home жүйесі келесі жүйелермен басқарылады:

  • ЖАРЫҚ - бүкіл ғимаратта, жеке бөлмелерде, жедел жарық, сыртқы жарықшамдар немесе қосалқы бөлмелердегі белгіленген режимде жарықты қосу-сөндіру.

  • ЖЫЛУ, ЖЕЛДЕТУ ЖӘНЕ САЛҚЫНДАТУ ЖҮЙЕЛЕРІ – климаттық режим, ауа райы мен тәуліктің уақытына сай икемделеді. Жүйе түнгі уақытта температураны төмендетеді, терезені ашқанда сөнеді, сәйкесінше жұмыс алгоритміне сай сценариді орындайды.

  • ПЕРДЕЛЕР МЕН ЖАЛЮЗДЕР – уақыт пен ауа райына байланысты қашықтықтан ашылып, жабылады.

  • ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ –домофон, бейнебақылау, дабыл жүйесі. Судың ағып кетуінен қорғайтын жүйе суды өшіреді, «адам бар екенін білдіретін жүйе» ұрыларды шошытады. Жүйе үйге қонақтар келгенде есіктің алдына жарық жағады, тіпті оларды суретке түсіріп алады.

  • ҮЙ ӨСІМДІКТЕРІН СУАРУ ЖҮЙЕСІ - дербес, бекітілген режимге сәйкес.

  • Бұл қосып-жағу, қабырғадағы панель немесе ұялы телефондағы қосымшаның көмегімен басқаруға болатын ақылды үй жүйесінің барлық мүмкіндіктері емес. Онда бұдан әлдеқайда көп шешімдер бар.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет