Бұл Тұжырымдама Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына; "Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына"


Білімнің қазіргі жағдайда жеке тұлғаны тәрбиелеу жүйесі



бет5/7
Дата31.12.2021
өлшемі31,45 Kb.
#23687
1   2   3   4   5   6   7
Білімнің қазіргі жағдайда жеке тұлғаны тәрбиелеу жүйесі.

Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет- тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін , яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу , тиянақты білім беру. Адам бойында ешқандай құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай тереңи білім толтыра алмайды. Сондықтан тұлғаға айналдыру үшін құндылық- бағдарлы тәрбиенің маңызы зор.

Құндылық- тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар. Оларға шындық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, махаббат, шығармашылық жатады.

Құндылықтар – тек обьективті , яғни шынайы бола алады.

Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады. Осының нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, іс-әрекет етеді.

Білім берудегі құндылық бағдар –сезім мен ақыл-ойға тең дәрежеде сүйену керек. Осы тепе-теңдіктің болмауынан білім жүйесінде сыңар жақты педагогикалық көзқарастар орын алып келгелі белгілі. Сондықтан да мектептерде құндылық-бағдарлы тәрбие үлгісін ұстанып, оны өмірге ендіру көкейкесті мәселерлердің бірі болып саналады.


Құндылық-бағдарлы тәрбиеде басшылыққа алынатын негізгі бағыттар:

- тәрбиеге жалпы адамзаттық мәдениет тұрғысынан педагогикалық көзқарас қалыптастыру

- педагогикалық үрдіс барысында жалпыадамзаттық мәдениетке енуді педагогикалық түсінік негізінде игеру

- тәрбие үрдісінің мазмұнын анықтауда адамдық өмірге лайықты құндылықтар жүйесін белгілеу, ал білім мен білікті –адамның дүниеге қатынасын анықтайтын деп құрал деп қарау.

- Баланың бүкіл өмірін тәрбиелік үрдіске айналдыру ;

- Баланың даму деңгейіне лайықты өмірлік мәселелерді сатылы түрде анықтап, баланы өз субьектісіне айналдыру.

Тәрбиедегі басты мәселе- балалардың тұлға аралық қатынасын дамыту, өз құрбы-құрдастарымен , отбасы мүшелерімен қарым –қатынасын жасай білу, ол үшін өзге адамдарды түсінуі , қабылдауы, өзінің көңіл-күйі, атқарған іс-әрекетінің есебін түсініп, істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға беруі тиіс.
Оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамыту құндылығы.

Оқушылардың танымдылық түрткілерін дамытуда өздерінің артықшылығы мен кемшілігін көре білуге

және өздерінің жеке басының құндылығының , даралық сипатын саналы сезінуге тәрбиелеу көзделеді.

Бүгінгі бала тек мұғалім берген білімді игеріп қана қоймай, оны ары қарай өзінің белсенді , зерделі, дарындық іс-әрекетімен сабақтастыра білу қажет.

Оқушылардың интеллектуалдық , шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі:

1. Психологиялық-педагогикалық жұмыстар

2. Күнделікті сабаққа қатысу.

3. Пән мұғалімдерімен байланыс жасау.

4. Зерттеушілік қабілетін дамыту.

5. Интеллектуалдық, танымдық қабілетін арттыратын іс-шаралар жүргізу.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет