БүлдірШін жастаҒы балалардЫҢ физикалЫқ ЖәНе ПсихикалЫқ- әлеуметтік дамуЫ (0-5 Жас) (Оқу-әдістемелік құрал) астана, 2014



Pdf көрінісі
бет40/51
Дата16.06.2022
өлшемі13,03 Mb.
#36959
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51
Байланысты:
Публикация на каз

Оқу-әдістемелік құрал
50
ұстанымын пайдаланамыз, олар: сұраңыз және тыңдаңыз, мақтаңыз, кеңес беріңіз, түсінгенін 
тексеріңіз және отбасына мәселені шешуге енгізу көмектесіңіз. Ата-аналарды осы әрекеттерді 
медициналық ұйымға келіп жүрген кезінде жасап көруге ынталандыру және оларға кері байла-
ныс ұсыну қажет. 
Мұндай жағдайда мынадай: «Сіз балаңызбен қалай ойнайсыз?» және «Сіз онымен қалай қарым-
қатынас жасайсыз?» деген бағалау сипатындағы сұрақтар пайдаланылады.
Ойын
– балалар оның көмегімен заттарды ұстап, когнитивті даму үдерісінде жаңа дағдыларды 
игеруге тырысатын тәсілдер. 
қарым-қатынас
– ата-аналар мен балалардың әлеуметтік, эмоционалдық және тілдік дамуды 
білдіретін белгілерді, ишара мен сөздердің көмегін қоса алғанда, бір-біріне сигналдар жіберетін 
тәсілдері.
«Ойнау» және «қарым-қатынас жасау» сөздерінің пайдаланылу себебі олардың отбасыларға 
түсінікті болуында, техникалық мағына білдірмеуінде және сонымен қатар сезімталдық пен 
қайырымдылық секілді ұғымдарды нақты көрсетуінде болып табылады. Мысалы, 1-6 айдағы ба-
лалармен қарым-қатынас жасау бойынша «дыбыстарды айта отырып, дыбыстарды қайталайтын 
ишара немесе балаңыздың ишарасын жасай отырып, баламен әңгімелесуді бастаңыз» деген 
ұсынымдар өзара жақсы қарым-қатынастар қағидаттарын бейімдеу болып табылады және 
сезімталдықты, кішіпейілділікті және эмоционалдық алмасуды көрсетеді. Сәби жастағы баланың 
когнитивті дамуы үшін сезгіштік пен қайырымдылық қажет. 
сезімталдық
– баланың сигналдарын, оның қажеттіліктері мен тілектерін білдіретін әрекеттері 
мен дыбыстарын түсіну 
қайырымдылық
– баланың сигналдарына дұрыс әрі жағдайға қарай жауап қайтару қабілеті 
Сезімтал тәрбиеші баланың сигналдарын түсініп, оларды дұрыс түсіндіреді. Сезімтал болу үшін 
тәрбиеші баланы жеке адам ретінде көре білуге және заттарға баланың көзқарасы тұрғысынан 
қарай білуге тиіс. 
Барынша сезімтал болуды қалай үйрену қажет? Мысалдар арқылы қарастырайық: 
1. Балаңыздың көзіне көз алмай қараңыз.
2. Баланың не ойлайтынын елестетіңіз.
3. Баланың қазір не істеуге тырысқаны туралы ойланыңыз. 
Қайырымды болу және балаға уақытылы жауап қайтару үшін сезімтал болу қажет. Тәрбиеші үшін 
баланың сигналдарына жағдайға қарай жауап қайтару қабілеті оның балаға тиімді қамқорлық 
жасауды қамтамасыз ету қабілетінің аса маңызды негізі болып табылады. Тәрбиешінің бала та-
лап еткен кезде тамақтандыру, баланы төнген қауіптен қорғау, жылаған баланы жұбату, аурудың 
белгілерін тану, балаға жағымды эмоциялармен жауап қайтару қабілеті артады. 
Қайырымды болуды үйренуге арналған мысалдар:
1. Балаңыздың шығарған дыбыстары мен ишарасын айнытпай қайталаңыз.
2. Балаңыздың мысалын жасаңыз.
3. Балаңызды не қызықтыратынына басым назар аударыңыз және оны мақтап, көтермелеңіз.
4. Баланың тәжірибесін қолданыңыз (мысалы, бала қызығушылық танытқан затты атай отырып, 
күрделі тапсырмаларды қосыңыз және байланыс орнатыңыз). 
Балалар емханаларында медицина қызметкерлері әдетте тәрбиешілерге консультациялар 
береді. Олар: 

Балалар мен олардың ата-аналарының (тәрбиешілерінің) өзара қарым-қатынасын 
бақылайды. 

Тәрбиешінің баламен үйде қалай ойнайтынын және қарым-қатынас жасайтынын түсіну үшін 
ата-аналарға (тәрбиешілерге) сұрақтар қояды. 

Ата-аналарға (тәрбиешілерге) кеңес берген кезде Аналарға арналған жадынанманы (Дені 
сау баланы және бала ауырған кезде дамыту мақсатында тамақтандыру және күтім жасау 
бойынша ұсынымдар) пайдалана алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет