БүлдірШін жастаҒы балалардЫҢ физикалЫқ ЖәНе ПсихикалЫқ- әлеуметтік дамуЫ (0-5 Жас) (Оқу-әдістемелік құрал) астана, 2014


жастан асқан балалардың бойын өлшеу



Pdf көрінісі
бет10/51
Дата16.06.2022
өлшемі13,03 Mb.
#36959
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
2 жастан асқан балалардың бойын өлшеу 
алгоритмі мен техникасы
1. Баланы бой өлшеуіш алаңына арқасын шәкілге қаратып жалаң 
аяқ тұрғызады.
2. Дене тіктеліп, қолы денесін бойлай еркін түсіріліп, тізесі жазы-
лып, табаны нық қосылып тұруға тиіс.
3. Басы көзінің төменгі қиығы мен сыртқы есту тесігі (құлағы) 
бір көлденең жазықтықта болатындай қалыпта тұрады. Бұғағын 
көтеріп тұрған осындай қалыпта өлшенеді.
4. Өлшенетін баланың шәкілге денесінің үш жері – арқасының 
жауырын аралығы, құйымшақ тұсы және өкшелері тиіп тұруға 
тиіс.
5. Бой өлшеуіштің жылжымалы жұқа тақтайшасы баланың 
төбесіне тигенше тығыз, бірақ қатты баспай, түсіріледі, бұдан 
соң баланы бой өлшеуіштен шығарып, нәтижесін жазып алады.
есте сақтаңыз!
Балалардың бойын аяқ киіммен өлшеуге болмайды. 
БалаНЫҢ Бас ШеҢБеріН ӨлШеу
Созылатын сантиметрлік лента пайдаланылуға тиіс. 
Үлкен желке-маңдай шеңбері өлшенеді. Лентаны бастың желке 
тұсындағы шығыңқы бөлігінен бастап қабақтарының арасындағы 
доғаға дейін орайды. Қайталап өлшеу оның дәлдігін нақтылайды. 
Өлшеу дәлдігі 5 миллиметрге дейін. 
Барлық кезеңдерде жүргізілген баланың өлшемдері бой, дене 
салмағы және бас шеңберінің стандартты диаграммасында 
нүкте түрінде белгіленеді және физикалық даму графиктері 
(қисықтары) жасалады, ал диаграмманың өзі баланың даму 
картасының ішіне салынуы тиіс (112-нысан). 
Өлшеу нәтижелерін диаграммаға енгізген кезде неғұрлым жиі 
жіберілетін қателер баланың жасына қатысты. Баланың туған 
күнінен бастап дәл хронологиялық жасы әрбір тексеру кезінде 
есептелуге тиіс. 
Хронологиялық жас жылдар мен айлардан көрінеді.


Оқу-әдістемелік құрал
12
2.2. БалалардЫҢ Өсу ЭталОНЫ меН қИсЫқтарЫ
Баланың даму графиктері педиатр мен жалпы практикалық дәрігердің жұмысындағы 
маңызды құрал болып табылады. Олар баланың маңызды кезеңде физиологиялық өсу және 
даму қажеттіліктеріне қол жеткізілген сәйкестік деңгейін анықтауға көмектеседі. Алайда өсу 
барабарлығын түсіндіру қолданылған эталондық деректерге байланысты әрі егер бұл эталон 
физиологиялық өсуді барабар көрсетпесе, ол қате болуы да мүмкін. 
Өсу эталоны жекелеген баланың, балалар тобы мен олар өмір сүретін қоғамдастықтардың жалпы 
әл-ауқатын бағалаудың неғұрлым жиі қолданылатын және құнды құралдар тобына жатады. Өсу 
эталонының құндылығы іштегі нәресте дамыған кезде және бала кезде көптеген физиологиялық 
үдерістердің баланың қалыпты өсуін қамтамасыз ету үшін қанағаттандырылуға тиіс екендігімен 
байланысты. Сөйтіп, индивидтің немесе популяцияның денсаулығының жай күйін барабар 
бағалау үшін баланың өсуіне берілген бір ғана баға жеткіліксіз болса да, қалыпты физиологиялық 
даму негізгі нәтиже ретінде әл-ауқат аспектілерінен тұратын кез келген стратегияның қажетті 
мақсаты болып табылады. Сәбилер мен бүлдіршін жастағы балалар денсаулығындағы айқын 
білініп тұрған осалдық сонымен қатар балалар тұратын қоғамдастықтың саламаттылығы мен 
әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалаған кезде баланың өсуі туралы деректерді «пайыздық» 
индикаторға айналдырады. 
0-ден 5 жасқа дейінгі балалардың ер балалар үшін бөлек және қыздар үшін бөлек стандартты 
Физикалық даму картасы бар.
Әрбір карта үш жас ерекшелігі тобына арналған (0-ден 6 айға дейін, 6 айдан 2 жасқа дейін, 2 жастан 
5 жасқа дейін) жоғарыда аталған 4 арасалмақты көрсететін 12 физикалық даму графигінен тұрады: 
Бұл карталарда баланың физикалық дамуын дұрыс бағалау үшін тиісті көрсеткіштерді (жасы, 
салмағы, бойы/ұзындығы) барынша дәл көрсету қажет.
Физикалық дамуды дұрыс бағалау үшін әр балаға мынадай арасалмақты көрсететін 4 кестені 
пайдалану қажет: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет