«Блокчейн» (тура баламасы — «блоктардың тізбегі») —бұл технология «биткойн» электрондық валюта мен транзакция жасау үшін 2008 жылы белгісіз ғалым Сатоши Накамотомен ұсынылған. Ол алғаш рет 2009 жылы цифрлық валютаның компоненті ретінде жасаған. Blockchain барлық операциялар бойынша негізгі жалпы реестр рөлін атқарады. Blockchain технологиясының арқасында, Bitcoin ешқандай билік немесе орталық серверді пайдаланбай қосарланған шығындардың мәселесін шешетін алғашқы сандық валюта болды.
Блокчейн дегеніміз не ?
Блокчейн (блок-тізбегі) — сақтау құрылғылары жалпы серверге қосылмаған дерекқор. Бұл дерекқор блоктар деп аталатын реттелген жазбалардың үнемі өсіп келе жатқан тізімін сақтайды. Әр блоктағы уақыт белгісі алдыңғы блокпен байланысты жұмыс істейді
Блокчейн қалай жұмыс істейді?
Әрбір адам интернетке өз ақпараттын орналастыра алады. Содан кейін әлемнің кез-келген жерінен басқа адам оған қол жеткізе алады. Блоктар тізбегі кез келген мәндерді жібере алады. Тек blockchain файл арқылы екінші адам ақпаратты ала алады. Сонымен қатар қабылдаушы адамда белгілі «криптографиялық кілт» болуы керек. Сол кілт арқылы белгілі блокты пайдалануға рұқсат алады.
Сол «криптографиялық кілттер» хэш-код немесе хэш ақпарат арқылы жұмыс істейді. Хэш-код адамның қол саусағының таңбасы сияқты ешқашан қайталанбайды. Транзакциялардың тұтастығын (өзгермелілігін) бақылау үшін блоктарда қолданылады. Мысалға төрт хэш-код операциясын көрейік.
Сол «криптографиялық кілттер» хэш-код немесе хэш ақпарат арқылы жұмыс істейді. Хэш-код адамның қол саусағының таңбасы сияқты ешқашан қайталанбайды. Транзакциялардың тұтастығын (өзгермелілігін) бақылау үшін блоктарда қолданылады. Мысалға төрт хэш-код операциясын көрейік.
Майнинг қалай жұмыс істейді және оның түрлері
Майнинг деп Bitcoin немесе басқа криптовалюталарды өндіру немесе іздеп табу болып табылады. Майнинг негізі ағылшын тілінен аударғанда Mine — өндіру деген мағынаны білдіреді. Биткоин немесе басқа криптовалютаны табу үшін майнингті қолданамыз.