Бұлшық ет қозғыш ұлпасы



бет2/3
Дата08.12.2023
өлшемі104,63 Kb.
#135144
1   2   3

Қаңқа етінің мұндай қасиеті жоқ. Ол орталық жүйке жүйесінің әсерінсіз жиырылмайды. Қаңқа еті тұлғалық жүйке жүйесімен, оның ішінде ми қыртысымен байланысты болғандықтан олардың жиырылуы адамның еркіне байланысты. Жүрек еті мен бірыңғай салалы етті адам (жануар) өз еркімен жиырылта алмайды, бұлардың жиырылып -жазылуын және автоматиялық қасиетін вегетативтік жүйке жүйесі реттейді. Ет пен жүйке байланысы бұзылса немесе түрлі себептермен ет ұзақ уақыт жиырылмаса, ет талшықтары құрылымы өзгеріп, семіп қалады (атрофия). Қаңқа бұлшық ет ұлпасы бір даму кезден – мезодерманың дорзалді бөлігі болып табылатын сомиттердің ортаңғы бөліктері – миотомдардан дамиды. Бұл ұлпаның гистологиялық элементі жасуша емес, ал миосипласт пен миосателлитоциттерден тұратын көлденең жолақты бұлшық ет талшығы 300 миллионға жуық бұлшық ет талшықтары будаларға бірігіп, шамамен 600 қаңқалық (сомалық) бұлшық еттерді құрайды.

  • Жарық микроскоп арқылы зерттегенде, бұлшық ет талшығының пішіні, ұштары сүйір аяқталатын созылыңқы көлденең - сызылған цилиндрге ұқсайды. Қаңқа бұлшық еттері жұмыс істеген кезде қан айналымы 60-80 есеге күшейеді, ал, ми мен асқазан - ішек жолдарында ол 8-10 есеге ғана өседі. Қазіргі таңда қаңқа бұлшық еттері белгілі бір жиелікпен жиылатындығы, сол кезде жанында орналасқан тамырларға, әсіресе жүрек пен көктамырдың біріккен жерінде насос ретінде жұмыс істейтін, жүрекке қарағанда 2-3 есе күшті жұмыс істейтін капиллярларға әсер ететіндігі дәлелденген. Міне осы перифериялық жүрек болып табылады

«Перифериялық жүрек» миды одан да қарқынды жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Бұлшық еттер әлсіз болған сайын, адам стрессті жағдайды оншалықты қиын өткереді.

Капиллярлар қаншалықты шыныққан болса, жүрекке жүктеме соншалықты аз болады. Көлденең жолақты бұлшық ет талшықтарының қалыпты морфофункционалық жағдайын қолдау физиологиялық регенерация арқылы қатамасыз етіледі. Осы тұста талшықтың ескі және бұзылып жатқан құрадастары (миофибрилдері, митохондриялары) жаңа органеллаларға және саркоплазманың басқа құрылымдарына алмастырылады. Бұл процесс екі механизмдер арқылы жүзеге асырылады: 1) жасушаішілік регенерация – бұл жағдайда симпласттың жаңа миофиламенттері, мембраналық құрылымдары саркоплазмасының синтездік аппаратының (ЭПТ, Гольджи коплексі, бос рибосомдар) активациясы есебінен түзіледі; 2) жасушалық регенерация – миосателлитоциттердің пролиферациясы мен миобласттарға дифференциялануы есебінен өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет