__________________________________________________________________________
« Бұлтты технология»
орындаған ____________
қабылдаған____________
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Бұлттық есептеулер және даму тарихы
Бұлттық технологиялардың эволюциясы
Бұлттық технологиялардың түрлері
Бұлттық технологияларды қолдану салалары
ІІІ. Қорытынды.
Бұлттық технологиялардың артықшылықтары
Бұлттық технологиялардың кемшіліктері
КІРІСПЕ
Соңғы кезде үрдіс алып отырған жаңа технологиялардың бірі — Бұлттық технология. Ағылшынша «Cloud technology» немесе «Cloud computing» (Cloud — бұлт; technology — технология; computing — есептеулер) «бұлтбұлттық есептеулер» немесе «бұлтбұлттық технология, қызметтер» деп те атайды. Бұлттық есептеулерді қарапайым сөзбен былай түсіндіруге болады: тұтынушы өз компьютерінде белгілі бір бағдарламаны іске қосқанда негізгі есептеулер мен ондағы дереккөздер интернеттегі шалғай серверлерде орындалып, сол жерде сақталады да, ал жұмыс нәтижесі жаңағы тұтынушының компьютерінде стандартты веб-браузердің терезесіне шығарылып көрсетіледі. Сloud computing-ді жүзеге асыратын серверлерді есептегіш бұлттар деп атайды. Бұлттық технологияда жұмыс істеудің әдеттегі бағдарламалармен жұмыс істеудегі басты айырмашылығы — тұтынушы өз компьютерінің ресурстарын емес, өзіне интернет-қызметі ретінде берілген шалғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдалануында. Сол арқылы тұтынушы өз дереккөздерімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік алады, ал бірақ сол дереккөздер орналасқан операциялық жүйеге, бағдарламалар базасына, есептегіш серверлердің жұмысына еш кедергі келтіріп, оны өзгерте алмайды. Бұлтты технология деген қызмет көрсететін әртүрлі ұғымдардан тұратын үлкен бір тұжырымдама. Бұлтты технология тұтынушыға ғаламтор арқылы онлайнжағдайында деректерді өңдеуге мүмкіндік береді. Бұлттық технологияда жұмыс істеудің әдеттегі программалармен жұмыс істеуден басты айырмашылығы- тұтынушы өз компьютерінің ресурстарын емес, өзіне ғаламтор-қызметі ретінде берілген шалғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдалануында. Сол арқылы тұтынушы өз дереккөздерімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік алады, бірақ сол дереккөздер орналасқан амалдық жүйеге, программалар базасына, есептегіш серверлердің жұмысына еш кедергі келтіріп,оны өзгерте алмайды.
Бұлттық есептеулер және даму тарихы
Бұлттық есептеу (ағыл. cloud computing) қажетті конфигурацияланған есептегіш ресурстарға(мысалы, мәлімет өткізетін желілерге, серверлерге, ақпарат сақтау құрылғыларына т.б., барлығына бірдей немесе бөлек-бөлек) қай жерде болмасын, әрі ыңғайлы қол жеткізуді (access) қамтамасыз ету моделі. Бұлттық есептеу технологиясы бойынша қажетті IT ресурстарды төменгі эксплуатациялық шығындармен қолдануға мүмкіндік береді. Бұлттық технология тұтынушылары өздерінің ақпараттық инфрақұрылына жұмсайтын шығындарын азайта отырып, есептегіш қажеттіліктерінің өзгеруіне иілімді есептеу (elastic computing) арқасында шапшаң жауап бере алады.
Бұлтты есептеу анықтамасы 1960 жылы Джон Маккартидің қай уақытта болмасын компьютерлік есептеулер жалпыхалықтық пайдалану арқылы жүзеге асырылатын болады деген тұжырымынан кейін пайда бола бастады. Бұлтты есептеулер идеологиясы байланыс каналының дамуы мен бизнесте, өз ақпараттық жүйелерінің горизонтальды масштабталуы болған жеке қолданушыларда қолданылуы геометриялық прогрессия бойынша өсуі арқасында 2007 жылы атақтылығы арта түсті. Кейін бұлтты есептеу анықтамасын әр түрлі компаниялар қолдана бастады, мысалы Google. Ерекше мысал ретінде браузер арқылы офистік документтермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Google Docs қызметін атап өтуге болады. Бұлтты есептеулер (ағылшынша. cloud computing ) — компьютер ресурстары және қуаты интернет-сервис сияқты қолданушыға жеткiзiлiп берiлетiн мәлiметтердi өңдеу болып табылады. Бұлтты сервис ерекше қолданушы-серверлiк технология — желідегі серверлердің тобын, соның ішінде процессорлық уақытты, жедел жадыны, диск сияқты кеңiстiкті, торлық арналарды, мамандандырылған контроллерлерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді клиенттің қолдануы болып табылады, яғни қолданушы үшiн барлық топ бiртұтас виртуалды сервер сияқты көрiнедi және де қолданушы тұтынылатын ресурстардың көлемін өз қажеттiлiгiне қарай өзгерте алады. Сондай-ақ, төлемақы арқылы белгілі бір өзгертулермен сервер қуатын жоғарлатып немесе төмендете алады.
Бұлтты есептеулер (дүние жүзілік нарықта)
IDC (International Data Corporation) ұйымының зерттеуі бойынша батыс европаның көптеген мемлекеттері, яғни 13 бұлтты есептеулерге шығынды 25 пайызға ұлғайтпақшы. IDC сарапшыларының айтуы бойынша Батыс Еуропада cloud computing қолданылуы төмен, алайда 2014 жылға дейін бұл көрсеткіш 300 пайызға көтеріледі.
Бұлтты есептеулердің маңызы және болашақта көп қолданылатыны жайлы көптеген компания сарапшылары қарастырған. Мысалға келтіретін болсақ: Parallels ұйымы, Gartner, Edge Strategies, Microsoft, Forrester Research, Cisco, IHS iSuppli және тағы басқа да үлкен компаниялар.
Дүние жүзілік нарықта бұлтты технологиялар нарығында көсбасшы компаниялар АҚШта: IBM, Microsoft, Google, HP, AT&T.
Францияда: Atos, Cap Gemini, Steria, Orange SFR.
2011 жылдың ақпан айында Forrester Research аналитикалы серіктестігі 2020 жылға дейінгі бұлтты есептеулердің нарықта дамуы жайлы тұжырымын айтты. Есеп берудегі мәліметтер бойынша 2020 жылда бұлтты нарық көлемі $160 млрд. болады.
Ciscoның тұжырымы бойынша (Cisco Global Cloud Index (2010 — 2015ж.) 2015 жылға бұлтты трафик көлемі 12 есеге өседі, 130 эксабайттан 1,6 зеттабайтқа дейін, ал оның орташа жылдық өсуі 66 пайыз болып отырады деді.
Бір зеттабайт ол бір секстиллион байтқа немесе бір триллион гигабайтқа тең. Яғни 1,6 зеттабайт ол:
* 22 триллион сағат ағымдағы музыка;
* 5 триллион сағат іскерлік веб-камерамен веб-конференциялар;
* 1,6 триллион сағат жоғары рұқсатты онлайн видеоағындар (HD).
Бұлтты трафик Деректерді өңдеу орталығының (ДӨО) үштен бірін құрайтын болады. Дүние жүзілік бұлтты трафиг дүние жүзілік ДӨО трафигімен салыстырғанда екі есе тез өседі.
Бұлтты есептеулердің моделі мен қасиеттері
Негізгі қасиеттері:
NIST (National Institute of Standards and Technology) өз құжатында The NIST Definition of Cloud Computing бұлттардың келесідей сипаттамаларын анықтайды:
* провайдердің көмегінсіз өз-өзіне қызмет ете алу мүмкіндігі;
* желіге кең жиекті қол жетімділіктің болуы;
* жеке аудандарда өздерінің тиімді таратуына қордың жинақылығы;
* жылдам масштабталуы — қорлар үнемі қолданылуына байланысты жоғары жылдамдықта пайда болып және босап отыруы мүмкін.
Бұлттық технологиялардың эволюциясы
Бұлтты технология — қызмет көрсететін әртүрлі ұғымдардан тұратын үлкен бір тұжырымдама. Бұлтты технология тұтынушыға ғаламтор арқылы онлайн жағдайында деректерді өңдеуге мүмкіндік береді.
Бұлтты технология дегеніміз — деректерді өңдеу немесе сақтауды қашықтан қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың бірі. Бұлтты технологияның идеясы келесідей. Компьютерде ешқандай арнайы бағдарламалардың орнатуының қажеті жоқ. Тек Интернетке кіру мүмкіндігі болу керек. Ал барлық өңдеу,жүктеу және сақтау операцияларын интернет арқылы жүргізіледі. Бұлтты технологиялар — компьютерлік техниканың тұтас саласы.
Бұлттық технологияда жұмыс істеудің әдеттегі программалармен жұмыс істеуден басты айырмашылығы- тұтынушы өз компьютерінің ресурстарын емес, өзіне ғаламтор-қызметі ретінде берілген шалғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдалануында. Сол арылы тұтынушы өз дереккөздерімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік алады, бірақ сол дереккөздер орналасқан амалдық жүйеге, программалар базасына, есептегіш серверлердің жұмысына еш кедергі келтіріп,оны өзгерте алмайды.
Тиімді жақтары.
Үлкен ресурстарды қажет ететін қиын есептерді шешу үшін тұтынушы өзінде жоқ көптеген серверлерді, программаларды бұлттар тарапынан пайдалана алады;
Тұтынушы компьютерлік құрылғының осалдығына немесе оның сынып, бұзылуына немесе жұмыс істейтін программаның тоқтап, бұзылып қалуына тәуелдіболмайды;
Жеке компьютердегі программалармен салыстырғанда бұлттық қызметтер көбінесе тегіннемесе бағалары айлық жарна ретінде өте арзан келеді;
Кейбір жобаларды «бұлтқа шығарудың» әсіресе ірі компанияларға тиімді болатын жағы- аппараттық және программалық қамтамасыз етулерді басқаруға, қолдауға, жаңартуға, лицензиялауға кететін шығындарды үнемдеуінде болып табылады;
Сонымен қоса сол программаларды жүргізетін білікті мамандар тапшылығы мәселесін сол жобаны «бұлтқа шығару» арқылы шеше алады.
Бұлттық технологиялардың түрлері
Жеке бұлттар (private cloud) — жеке кәсіпорындарының өзіне ғана, сондағы жеке тұлғалар мен олардың тұтынушыларының жұмыс істеуіне арналған инфраструктура. Жеке бұлттар сол кәсіпорынның өздеріндегі серверлерде орналатылуы мүмкін. Немесе сыртқы тұлғаларда — ірі провайдерлердің сервер орталықтарында (Data-center) орналасып, VPN-каналы арқылы қолжетімді болуы мүмкін.
Ортақ бұлттар (public cloud) — көпшілікке арналған, олардың интернетте еркін жұмыс істеуіне арналған инфраструктура. Интернет желісіндегі Google, Yahoo т.с.с электрондық пошта жүйелері, Facebook, Twitter сияқты әлеуметтік желілерді Ортақ бұлттардың мысалы ретінде қарауға болады.
Қоғамдық бұлттар (community cloud) — ортақ мақсаттары бар қоғамдық тұтынушыларға арналған инфраструктура.
Аралас бұлттар (hybrid cloud) — екі немесе одан көп бұлт түрлерінің (жеке, ортақ, қоғамдық) аралас комбинациясын атауға болады. Бұлт түрінің осы моделін географиялық түрде әр жерде орналасқан филиалдары бар, немесе көптеген бағдарламалық жүйелері бар ірі компаниялар қолдануы мүмкін.
Басқарушы қызмет — бұлтты басқару жүйесі қызметтің өлшенетін параметрлеріне байланысты (сақтау қызмет өлшемі, өткізу сызығының кеңдігі, мезеттегі қолданушылар саны және т.б.) автоматты түрде бақыланып және де қорларды өңдеу жақсарып отырады.
Талап бойынша өзін-өзі күту (On-demand self-service). Қолданушыда талабы бойынша бір бағытта әр қызмет.
Бұлттық технологияларды қолдану салалары
Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың дамуы бүкіл дүниежүзінде ерекше қарқын алып отыр. «Көзді ашып-жұмғанша» жұмыс жасауға мүмкіндік беретін IT технологиялар қолданысын кеңейту, әрине, заман талабы. Ал оның әлемдегі жедел дамумен ілесіп, ақпараттармен алмасып қана қоймай, көптеген аудиториялармен бір жүйеде жұмыс жасау мүмкіндігі бар, озық үлгілерінің бірі – «бұлттық технологиялар» немесе «бұлттық есептеулер». Бұлттық технологиялар (ағылш. Cloud technology, яғни Cloud – бұлт, technology – технология) – цифрлық деректерді өңдеу технологиялары арқылы интернет-пайдаланушыға барлық қызмет түрлері бір аппараттық жүйеде біріктіріліп онлайн сервис ретінде ұсынылуы.
Бұлттық есептеулер (ағылш. Cloud computing, яғни cloud – бұлт, computing – есептеулер) – қажетті конфигурацияланған есептегіш ресурстарға (мысалы, деректерді беру желілеріне, серверлерге, деректерді сақтау құрылғыларына, барлығына бірдей немесе бөлек-бөлек) талап бойынша ыңғайлы желілік қолжеткізуді қамтамасыз ету моделі.
Сөздік:
Бұлт – Облако – Сloud
Бұлттық технологиялар – Облачные технологии – Сloud technologies
Бұлттық есептеулер – Облачные вычисления – Сloud computing
Бұлттық провайдер – Облачный провайдер – Сloud provider
Қолжетімдік – Доступность – Аvailability
Интернет желіге қосылған жалпыға қолжетімді деректер ортасын өңдеу, жүктеу және сақтау т.с.с. қашықтан басқарудың технологиялық мүмкіндіктерін ұсынатын виртуалды қызмет түрлерінің жалпыланған атауы. Виртуалды қызмет түрлерін ұсынып, ұйымдастырып, қолайлы жағдай жасап отыратын, кез келген деңгейдегі және кез келген қуатты ақпараттық ресурстарға қолжеткізуді қамтамасыз ететін бұлттық қызмет түрлерін провайдер атқарады. Бұлттық провайдер (ағылш. Cloud provider – бұлттық сервистерді жеткізуші) – бұлттық есептеулер негізінде қызмет көрсететін компания, ол әртүрлі виртуалды ресурстың (виртуалды серверлер, виртуалды желілер, виртуалды деректерді сақтау жүйелері) автоматтандырылған басқару түрлерін жеткізуші.
Маңызды мәлімет «Бұлттық есептеулер» ұғымы алғаш рет 1970 жылы америкалық ғалым Джозеф Карл Робнетт Ликлайдердің ARPANET (Advanced Research Projects Agency Network) желісінің құрылуына жауапты болуынан пайда болған. Ликлайдердің айтуынша: «Құжаттар, ақпарат көздері бір үлкен виртуалды сервер болып табылатын «бұлтта» сақталады және өңделеді. Жер бетіндегі әрбір адам желіге қосылады, ол тек деректерді ғана емес, сонымен қатар программаларды да алатын болады». Ал «Бұлттық есептеулер» 1960 жылы америкалық ғалым Джон Маккартидің: «Қай уақытта болмасын компьютерлік есептеулер «жалпыхалықтық пайдалану» арқылы жүзеге асырылатын болады» деген тұжырымнан кейін пайда бола бастады. Маңызды мәлімет 2002 жылы Amazon компаниясы бұлттық веб-сервисті әзірледі. 2006 жылы Amazon «Elastic Compute cloud» (EC2) деп аталатын сервисті іске қосты. Amazon EC2 және Amazon Simple Storage Service (S3) сервистері алғашқы қолжетімді және бұлттық есептеулер саласындағы көшбасшылардың бірі болды.
Дүниежүзілік нарықта бұлттық технологияларды қолданысқа енгізген компаниялардың саны көбейді, олар: IBM, Microsoft, Google, HP, Atos, Cap Gemini, ал Қазақстандық компаниялардан «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы ұсынған Microsoft Hosted Exchange және Microsoft Hosted SharePoint, Қазтелепорт акционерлік қоғамы ұсынған «SmartCloud», KT Cloud Lab компаниясының инфокоммуникациялық кешендері (mycloud.kz) т.б.
Бұлттық технологиялардың артықшылықтары:
• Интернетке қосылған кез келген құрылғы арқылы (ДК, планшет, смартфон және т.б.) басқарылады;
• көптеген программалар тегін (немесе қолжетімді бағада) және үнемі программалардың ең соңғы нұсқасымен жаңарып отырады;
• арнайы операциялық жүйелерді талап етпейді;
• кез келген жерде, кез келген уақытта ақпарат қолжетімді;
• көптеген қолданушылар үшін бірлескен жұмысты жеңілдетеді;
• құжат форматтарының үйлесімділігі;
• егер құрылғы (ДК, планшет, смартфон және т.б.) істен шықса, маңызды ақпарат жоғалмайды, себебі ол құрылғы жадында сақталмайды;
• ақпараттар автоматты түрде бұлтта сақталып отырады және резервті көшірме жасайды;
• әрқашан жаңа және жаңартылған аппараттық өңдеулер жүзеге асырылады. Бұлттық технологиялардың кемшіліктері:
• Интернет болмаған жағдайда жұмыс тек құрылғыға жүктелген құжаттармен жұмыс істеумен шектеледі;
• бұлттық программалардың жұмыс жасау жылдамдығы баяу болады;
• ақпараттың зақымдалу қаупі бар;
• көптеген бұлттық сервистер бірнеше гигабайт көлемді ғана тегін ұсынады, ал оны тек қосымша ақы төлеу арқылы кеңейтуге болады;
• кейбір бұлттық технологиялар отандық және халықаралық стандартқа сай емес.
Достарыңызбен бөлісу: |