Блум таксономиясы бойынша сабақжоспарынқұру әдістемесі


Таным мен ойлаудың орта деңгейі



бет2/4
Дата25.04.2023
өлшемі22,38 Kb.
#86480
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
блум таксономиясы

Таным мен ойлаудың орта деңгейі.
Негзгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактілермен идеяларды түсінетіндегін көрсету:
Оқу материалын түсінген ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:
Аударма жасау /трансляция/ – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру
(мысалы, сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
Экстраполяция-/ Жорамалдау/ Құбылыстың бір бөлігіне қатысты түйіндерді оның екінші бөлігіне тарқату;
– оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.

·Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;
·Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;
·Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;
·Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.

Қалай? Неліктен?
Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз; графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.
Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір.

Оқушыларда метафора мен теңеу туралы түсiнiк бар (Білім), олардың айырмашылығы да белгiлi (Түсiну), ендi олар Абайдың “Қыс” өлеңiнде метафора мен теңеу қандай бейнелерді құрастыратындығын айтып беруi керек.
Бәліш пісіру үшін алманың қандай түрі жарамды, неге?

Қолдану

Таным мен ойлаудың орта деңгейі.
Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.

— Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;
-Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;
— Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.

Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір.



Оқушыларда метафора мен теңеу туралы түсiнiк бар (Білім), олардың айырмашылығы да белгiлi (Түсiну), ендi олар Абайдың “Қыс” өлеңiнде метафора мен теңеу қандай бейнелерді құрастыратындығын айтып беруi керек.
Бәліш пісіру үшін алманың қандай түрі жарамды, неге?

Талдау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет