Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.
Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау.
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді
|
-Элементтерді талдау,
-Қарым қатынасты талдау,
Ұйымдастыру қағидаттарын талдау;
— Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;
— Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды,
— Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;
— Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.
|
Құрылымы қандай? Салдары неде?
Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз
|
Жинақтау
|
Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.
Жаңа үлгідегі әртүрлі тәсілдермен элементтерді қиыстыру арқылы ақпараттарды жүйелеу немесе балама шешім ұсыну;
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
|
— Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;
— Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;
— Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығрамшылықпен қолданады
|
Өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз, бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз.
|
1.Эссе, шығарма, өлең, шешендiк (ораторлық) сөз, сценарий, компьютерлiк бағдарлама жазу.
2. Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (Тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау).
3. Ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну
4. Алма бәлішінің жаңа түрін ойлап табыңыз.
|