Блум таксономиясы негізінде құрылған тапсырмалардың білім алушыларға ықпалы



бет1/3
Дата24.11.2023
өлшемі39,5 Kb.
#125727
  1   2   3
Байланысты:
Блум-таксономиясы-негізінде


Ботабекова Айгул Кенжебековна
Қарағанды қаласы №102 мектеп-гимназиясы КММ Жоғары санатты бастуыш сынып мұғалімі

Блум таксономиясы негізінде құрылған тапсырмалардың білім алушыларға ықпалы


Бүгінгі таңда білім алушыға тиянақты білім беру бастауыш сынып оқытушысының алдында тұрған жауапты міндеттің бірі. Оқыту үрдісінде білім алушылардың өзіндік сенім арттыру мен білімге деген ынтасын көтерудің маңызы зор. Блум таксономиясы негізінде құрылған тапсырмалардан бүгінгі қоғам талабына сәйкес әлеуметтік бейімделуі жоғары, ұлттық құндылықтар бойына дарыған, білім мен біліктіліктерін өмірде қолдана алатын, мәдениеттілігі жоғары сатыдағы, жан – жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру күтілетін нәтижеміз болып табылады.


Білім сапасы шебер оқутышының ғана қолында. Ал оқытушының шеберлік тұсы алға қойған педагогикалық мақсат пен бағдарламаға сай керекті білім мазмұнын тандап алып, тиімді әдіс-тәсіл құралдарын пайдалана білуі болып саналады. Қайсыбір оқыту технологиясын пайдалану оқытушыдан білімділік пен іскерлікті, еңбекқорлық пен шығармашылықты, жаңашылдық пен үлкен дайындықты қажет етеді.
Жаңа технологияларды енгізу кезінде оқытушының технологиялық құзырлылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін мұғалім жаңа технологияның мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін білу керек.
Американдық ғалымдар Ди Кэрон мен Бенджамин Блумның білімді толық меңгерту технологиясының маңызы зор, бұл технологияны педагогикада «Блум таксономиясы» деп атайды.
Блум таксономиясының авторы –Бенджамин Блум. Ол Пенсильванияда Ленсфорд қаласында дүниеге келген. Америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен 1935 жылы бітіріп, Чикаго университетінде докторлық деңгейін 1942 жылы қорғады. Өзінің теориялық білімін дамыту барысында бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы білім алушылардың білім деңгейлерін, шығармашылық деңгейге жетудің жолын «Блум таксономиясы» атты кітабында анықтап, алға тартады.
Төменде көрсетілгендей Блум таксономиясы негізіндегі сұрақтар мен тапсырмалардың үлгілік кестесі (1-кесте) арқылы жеке тұлғаның біліктілік қасиеттерін шыңдай түсуге жол салады, нақты айтсақ, аса сезгіштік, ой ұшқырлығы мен жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой – пікірлерін жеткізе және өзіне сын көзбен қарай білу, қисын ойлау, жаңаны сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге күмән келтіруін шыңдай түседі.


1-кесте. Блум таксономиясына негізделген сұрақтар мен тапсырмалардың үлгілік кестесі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет