Мақсат
| | | | | |
Берілген жаңа түсінікті ұғу, еске ұстау, бұрынғы білімді еске түсіру.
|
Айтыңдар, жазыңдар, атап беріңдер, орнына қойыңдар.
|
Тыңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды.
| | |
Жаңа материалда берілетін білімді түсіну, өзінше түсіндіру немесе болжам жасауы.
|
Өз ойларыңды айтыңдар, түсіндіріңдер, ұқсастық, айырмашылығын көрсетіңдер, мәнін түсіндіріңдер.
|
Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады.
| |
| | | | | |
Ережелерді, әдістерді, заңдарды, ұғымдарды, қағидаларды, теорияны қолдану. Оқушы жаңа жағдайларда ұғымдар мен қағидаларды пайдаланады, әдісті немесе әрекетті дұрыс қолдануын көрсетеді.
|
Қолданыңдар, табыңдар, пайдаланыңдар.
|
Бұрынғы білім негізінде соны пайдалана отырып жаңа проблеме шешеді.
| | |
Біртұтастың бөліктерін белгілеу: олардың өзара байланысын айқындау; тұтасты ұйымдастыру қағидаларын түcіну. Оқушы қисынды ойланудағы қатерлері мен кемшіліктерін көрсетеді.
|
Былай қарағанда, салыстырғанда, басқаша ойластырғанда, басқаша ерекшелігін табыңдар, негізгі қасиетін дәлелдеңдер.
|
Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, ашады, ізденеді.
| |
| | | | | |
Жеке бөлшектерден, дара ұғымдардан тұтас дүние жасау (жалқыдан жалпыға).
|
Құрайық, ойланайық (жаңа нәрсе), керісінше, мүмкін.
|
Ойланып табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады. Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады.
| | |
Жаңа ұғым, жаңа материалдың құндылғын, керектігін анықтау, пайымдау.
|
Бәрінен жақсы, бәрінен жаман, неге солай, пікірдің біреуіне келісемін, сын айтыңдар.
|
Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады.
| |
С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» тақырыбындағы сабақ мақсатының алгоритмі
Білу
Түсіну
Қолдану
Жүйелеу (талдау)
Жинақтау
Бағалау
|
Өлеңде қандай мәселелер көтерілген? Ақынның өмір сүру мақсаты.
«Адам болу» дегенді қалай түсінесің? Ақынша «адам болуға» қандай қасиеттер кедергі жасайды? Қандай қасиеттер оған жақындатты?
Ақын өлеңінің бүгінгі таңда маңызы бар ма? Өлеңнің өздеріңе әсері арқылы ойларыңды айтасыңдар.
Қалай ойлайсыңдар, ақын арманына жетті ме? «Адам болу» мақсаты орындалды ма? Ойларыңды ақын өмірі, соңғыға қалдырған мұрасы арқылы дәлелдеңдер.
«Ақын арманы» немесе өз қалауларың бойынша ат қойып, шағын шығарма-толғау жазыңдар. «Адам болу - мұратым» атты ауызша сұхбат жүргізіп, пікірлесіңдер.
Ақын өлеңінің бүгінгі таңда маңызы бар ма? Өлеңнің өзіне әсері арқылы ойларыңды айтасыңдар.
|
Достарыңызбен бөлісу: |