Ғылымда білімді қабылдау мен қолдануды 5 деңгейге бөледі.
Ақпараттық деңгей Жалпыламаланған табыс критерийлерінің мысалдары
қолданылған терминдерді
есте сақтайды және қайталайды;
нақты фактілерді келтіреді;
әдістер мен жұмыстың орындалу
ретін (процедурасын) қайталайды;
негізгі ұғымдарды есте
сақтайды және қайталайды;
ережелер мен қағидаларды
жатқа келтіреді.
Оқушы: 2. Түсіну
Оқу материалын түсінгендіктің көрсеткіші ретінде келесідей
әрекеттерді атқаруды атауға болады:
Трансляция – яғни оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге»
ауыстыру (мәселен математикалық формуланы сөзбен айтып беру немесе,
керісінше, сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету);
Интерпретация – оқу материалын “өз сөзімен” түсіндіру, қысқаша
баяндау;
Жорамалдау - оқу материалы бойынша әңгіменің әрі қарай не
туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
Мұндай оқу нәтижелері материалды есте сақтау деңгейіне қарағанда
анағұрлым жоғары болады.
Шәкірт:
Фактілерді, ережелерді, қағидаларды салыстырады,
айырмашылығын көрсетеді, мысалдар келтіреді;
Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер,
диаграммаларды түрлендіреді, өзгертеді;
Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға
өзгертеді (немесе керісінше);
Берілген ақпарат бойынша болашақта туындауы ықтимал