Оқытудың мақсаты: білім алушыларды негізгі біліммен, тиімді пайдалануға арналған заманауи ақпараттық технологиялармен жүретін жұмыс дағдылары және қабілеттерімен қамтамасыз ету болып табылады.
Оқыту міндеттері:
білім алушылардың ақпараттық процестердің қоғамдағы түсінігін, ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әр түрлі салаларында пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын қалыптастыру;
білім алушылардың ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және одан әрі жұмысында тиімді пайдалана алу мүмкіндігін қалыптастыру;
білім алушыларға жүйені талдау, шешімдерді әзірлеу, программалық қосымшалар жасау, өздерінің өнімдерін бағалау үшін, олардың компьютермен жұмыс істеудің базалық қағидаларды түсіну түсініктерін дамыту;
талдау, абстракция, модельдеу мен программалау арқылы білім аушыларға әр түрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;
білім алушыларда логикалық, алгоритмдік, сонымен қатар, жалпылау мен үйлестік, тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ заңдылықтарды бөлу, қойылған тапсырмаларды шешуге тиімді және рационалды тәсілдер табу мүмкіндіктерін қосатын есептік ойлауды дамыту;
білім алушыларда ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің мүддесін көздеу;
жасанды интеллект, Blockchain, Startup, Crowdfunding терминдерін түсіну;
білім алушылардың академиалық тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуға септік жасау.
Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 11 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
Информатика пәнінен 11 сынып бойынша жиынтық бағалау жұмыстарының өту кестесі:
Достарыңызбен бөлісу: |