І кезең – өсімдіктерді жинау, кептіру. Бұл кезеңде оқушылармен бірге далаға шығып, өлкемізде өсетін өсімдіктерді жинаймыз, қағаздар арасына реттеп салып кептіреміз.
ІІ кезең – өсімдіктерді анықтап, кеппешөптер дайындау. Кепкен өсімдіктерді А4 парағына желіммен жапсырамыз не болмаса тігеміз, әдебиеттерді пайдалану арқылы өсімдікке толық сипаттама беріп, этикеткасын дайындап жапсырамыз. Кеппешөп дайындаймыз.
ІІІ кезең – кеппешөп қалдықтарымен шығармашылық жұмыстар. Кепкен өсімдіктердің қалдықтарын пайдалану арқылы оқушылар өз талғамдарына қарай түрлі шығармашылық жұмыстар дайындайды.
ІV кезең – өсімдік атауларын 3 тілде жаттау, деректер жинау. Оқушылар жинаған немесе күнделікті өмірде пайдаланатын және өз өлкемізде өсетін өсімдіктерді 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) жазып,жаттайды. Әрқайсысына сипаттама бере отырып, деректер жинақтап, буклет, альбомдар жасайды.