Боджау түсінігі, түрлері Болжау грек сөзі «алдын ала білу»



бет1/3
Дата30.01.2023
өлшемі20,45 Kb.
#63740
  1   2   3
Байланысты:
ТАҚЫРЫП 5- ІСКЕРЛІК ОРТАНЫ БОЛЖАУ


ТАҚЫРЫП 5 ІСКЕРЛІК ОРТАНЫ БОЛЖАУ


Боджау түсінігі, түрлері
Болжау (грек сөзі - «алдын ала білу») - келешектегі ақпараттарды алуға байланысты алдын ала көру. Болжау - сөз, математикалық, графиктік т.б. түрінде объектінің мүмкін болатын жағдайына. оның келешектегі ортасына болжау жасау үдерісінің нәтижесі.

1. Болжау түрлері





Топтастыру белгілері

Болжау түрлері

1

Уакытты камтуы бойынша

кыска мерзімді (1 жылга дейінгі); орта мерзімді (болжау кеңістігі 2-5 жыл); ұзак мерзімді (перспективалы). яғни 5 жылдан жоғары.

2

Келешектегі нәтижеге әсер ету мүмкіндігі

енжарлы (әр түрлі кедергілер. белігісіздіктерге байланысты болжау);
белсенді (колда бар мүмкіндіктері мен әлеуетіне байланысты батыл іс-кимыл жасау).

3

Болжау түрлері (типтері)

іздеу;
нормативті;
шығармашылыкка негізделген.

4

Келешек кезеңдегі ыктимаддыктар
дәрежесі

нұскалық (вариантты).; нұскалы емес (инвариантты).

5

Болжау нәтижелерін ұсыну әдісі

дәлдік:
интервалдық.

6

Аумактык қамту

жаһандык;
аймактык;
локальды.

7

Қамту кеңістігі бойынша

біртұтас нарыкты;
жеке тауарлар немесе кызметтер нарығы.



Іздеу болжамы - өткен шақтан келешекке ғылыми болжам жасау әдісі, болжау бүгінгі күннен басталып, қолда бар нақты ақпаратқа сүйене отырып, біртіндеп келешекке өту арқылы жасалады.
Іздеу болжамының 2 түрі бар:

  • экстраполятивті (дәстүрлі);

  • альтернативті (новаторлық).

Бүлар сандық және сапалық болжау әдістері болып табылады
Экстраполятивті әдіс бойынша болжау өткен кезеңнен келешекке қарапайым проекция (экстраполяция) арқылы жүргізіледі Мұнда ең алдымен кәсіпорын қызметінің өткен кезеңіндегі көрсеткіштері, даму тенденциялары (тренд) бағаланады, содан кейін осы тенденцияларды келешекке жалғастырады.
Альтернативті әдіс. Бизнестің ішкі және сыртқы ортасына сараптамалық байланысты үнемі өзгерістерге ұшырайды, себебі кәсіпорынның дамуы тек бір калыпты және үздіксіз ғана емес, сонымен қатар үзіктік және секірмелі болып келеді. Сонымен қатар кәсіпорынның келешектегі дамуының әртүрлі нұсқалары болады.
Нормативті (нормативті-мақсаттыц) болжаудың міндеттері:
- кәсіпорынның келешек кезеңдегі жалпы мақсаттары мен стратегиялық багыттарын анықтау;
- осы мақсатгар бойынша кәсіпорынның дамуын бағалау.
Шыгармашылыққа негізделген болжау - болжау жасаушының интуициясы (ішкі сезім) мен теориялық білімдері және жинақталған тәжірибелерін пайдалану арқылы жасалады.
Инвариантты болжау кәсіпорынның болашақта дамуының тек бір нұсқасын ұсынады. Бұл экстраполятивті әдіске негізделеді яғни тенденцияны жай жалғастыру (яғни график бойынша жүзеге асыруға, кәсіпорын өсу тенденциясында болса, қисық өсу бағытына карай жылжиды және керісінше).
Вариантты болжау келешек кезеңнің едәуір белгісіздігіне орай дамудың ықтимал бірнеше нұсқаларын ұсыну (мұны сцена; рий деп атайды).
Дәлдік болжау - болжанған көрсеткіштің жалғыз мәнін кұрайды, мысалы келесі айда тауар айналымы 5%-га өседі.
Интервалдық болжау- болжанған көрсеткіш мәндерінің диапазонын, бірқатар интервалын көрсете отырып, болашаққа болжам жасау. Мысалы, орташа күндіктауар айналымы 5-8%-га өседі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет