БӨЖ №1 № 1 Тапсырма. «LuPraFi-Sim» виртуалды физиология бағдарламасымен жұмыс. (қазақ және орыс топтарында ағылшын тілінде, қазақ және ағылшын топтарындаорыс тілінде орындалады) 1. ҚОЗУ ТАБАЛДЫРЫҒЫН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЗУДЫҢ ЖИНАҚТАЛУ ҚҰБЫЛЫСЫН КӨРСЕТУ. (Виртуальды физиологиялық әдіс) Қозу табалдырығы–бір реттік тітіркендіргіштің минимальды қарқындылығы кезінде әрекет потенциалының пайда болуы мен таралуы.
Табалдырықтан төмен жоғарғы жиілікті күшпен әсер ету әрекет потенциалының пайда болуына алып келеді.
Жабдықталуы:персональды компьютер, «LuPraFi-Sim»жүрек виртуалды физиология бағдарламасымен жұмыс.
Жұмыс барысы:Бағдарламаны қолдану арқылы қозу табалдырығының және әрекет потенциалының көрсеткіштерін және әр түрлі жиіліктегі тітіркендіргіштер әсерінен пайда болған әрекет потенциалын анықтау.
Жұмыс нәтижесі:Виртуалды практикумда берілген нұсқа бойынша әр түрлі қарқындылықтағы тіткендіргіштермен әсер еткендегі нәтижелерін кестеге толтырып жазу:
Қозу табалдырығы
Тітіркендіргіш қарқындылығы мВ бойынша
Тітіркендіргіш саны
Жауап реакциясы (әрекет потенциалы)
Әрекет потенциалы пайда болғанға дейінгі тітіркендіргіш әсері
3
1
+
Табалдырықтан төмен жоғарғы жиілікпен бірнеше рет тітіркендіру
2.8
2
-
2.8
4
+
Қорытынды Қозу табалдырығының және әрекет потенциалының көрсеткіштерін және әр түрлі жиіліктегі тітіркендіргіштер әсерінен пайда болған әрекет потенциалын анықтадым. Тітіркендіргіш қарқындылығын көтеру барысында (3), тітіргіш саны 1 болғанда, әрекет потенциалы байқалды ( +) .
Табалдырықтан төмен жоғары жиілікпен бірнеше рет тітіркендіру нәтижесінде тітіркендіргіш қарқындылығын төмендеткенде(2.8), ал тітіргіш санын(2) көтергенде әрекет потенциалы болмады(-). Енді тітіркендіргіш қарқындылығының мәнін (2.8) өзгертпей, бірақ тітіркендіргіш санын (4) өзгерткенде, әрекет потенциалын қайтадан байқадым(+).