БөЖ 1 Қазіргі Қазақстандағы саяси режим түрін анықтау және өз таңдауын дәлелдеу. «Саяси режим»


БӨЖ 3 Саяси жанжалды реттеу жөніндегі жол картасын әзірлеу



бет3/3
Дата11.12.2023
өлшемі33,34 Kb.
#137385
1   2   3
Байланысты:
Á?Æ 1 ?àç³ðã³ ?àçà?ñòàíäà?û ñàÿñè ðåæèì ò?ð³í àíû?òàó æ?íå ?ç òà

БӨЖ 3 Саяси жанжалды реттеу жөніндегі жол картасын әзірлеу.

Коғамды әлеуметтік дифференциациялау, табыстың, биліктің, мәртебенің және т.б. әр түрлі деңгейде болуы жанжалдарға жиі әкеліп отырады. Жанжалдар қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Солардың ішінде едәуір үлесті саясаттануда әлі де аз зерттелген саяси жанжалдар алады. Сондыктан, билік үшін бәсеке шығындарын төмендетуге және осы майдандағы меншікті шығынды азайтуға мүмкіндік беретін басқару технологиясын жасау және оларды бақылау технологиясы саяси карымкатынас жасайтындардың кез келген мүшесі үшін, оның ішінде билеуші режим үшін бірінші дәрежелі маңызы бар міндетке айналады.


Тиісінше, саясаттанудың алдында адамдарға жанжалдарды баскару технологиясын үйрету, оларды жүзеге асырудың коғам үшін ауыртпалыксыз өтетін әдістері мен тәсілдерін талдап жасау міндеттері тұр. Бұл үшін, бәрінен бұрын жалпы алғанда әлеуметтік жанжалдың, жекелей алғанда саяси жанжалдың табиғатын тани білу керек.
“Жанжал” дегеннің ұғымы латынның “conflictus” - кактығыс деген сөзінен бастау алады. Әлеуметтік жанжалдардың негізі К.М аркстің, М.Вебердің, Э.Дюркгеймның еңбектерінде атағы көрсетілген. Қазіргі кезде әлеуметтік жанжалдардың табиғаты мен формасына деген көзкарастың алуан түрлілігі соншалыкты, бұл ретте бүтін бір мектептер мен бағыттар, тіпті ғылыми пәндер, атап айтканда “конфликтология” пайда болады.
Жанжал — бұл екі немесе одан да көп әр түрлі бағыттағы күштердің карам а-карсы әрекеттер жағдайында өз мүдделерін жүзеге асыру мақсатындағы қактығысы болып табылады.
Қоғамдык өмір әр түрлі жанжалдарға толы . Ол кай салада туындауына байланысты экономикалық, әлеуметтік, мәдени, конфессионалды, саяси жанжалдар болып бөлінеді. Саяси жанжалдар саяси мүдделер мен сол мүдделерді тоғыстырушылар өзара әрекет ететін, сондай-ақ күрестің саяси әдістері мен жанжалдарын шешу қолданыс тапкан жерлердегі әлеуметтік катынастар түрін көрсетеді. Саяси жанжалдар — саяси мүдделерінің, мақсаттарынын, кажеттіліктерінің, кұндылықтар немесе білім жүйесінің кереғарлығы айқын байқалып отырған екі немесе бірнеше субъектілердін кактығысы, қарсылығыболыптабылады.
Әр түрлі субъектілердің саяси жанжалдарды ғылыми баскару мен бақылауға деген жалпы ниеті олардың негіз боларлык құрылымдык элементтерін және параметрлерін айкындауды жорамалдауға мүмкіндік береді. Мұның өзі белгіленген мақсаттарға жетуге жол ашпақ. Аталған элементтер субъектінің саяси саладағы мақсаткерлік кызметінің ерекше кұры лым ын белгілейді, оған ерекш е түр мен мазмұн береді. Көзқарастарындағы белгілі бір қайшылықтарға қарамастан, маманконфликтологтар әдетте жанжалға негіз боларлык элементтер ретінде мы наларды бөліп көрсетеді: дауға қатысушылар арасындағы қайшылыктардың мәнін бейнелейтін жанжалдың көзі, негізі; тараптардың өз мүдделерін, максатарын, бәсекелеспен қарым-катынастағы позициясын корғауға байланысты белсенді іс-әрекеттің бастауы боларлык накты кағидаларды сипатгайтын себептер; саясат саласындағы билік кұрылымдары мен ресурстар жөніндегі таласқа тікелей немесе жанама түрде катысушы жанжал тараптары; бәсекелестік өзара іс-әрекетте контрагентке өз мақсаттарын білдіретін субъектілердің түсінігі мен позициясы туралы түсінігі және олардың мінез-кұлкының баска да субъективті сипаттамалары; тараптар колданатын карапайым ресурстарды сипаттайтын жанжал кұралдары, бір-бірімен өзара іс-әрекеттегі әдістер мен тәсілдер; бәсекелесуш і тараптардың неғұрлым қарапайым қарым-қатынасын көрсететін жанжал сипаты, олар ұстанатын позициянын катандығы немесе иілімділігі, дау мәселесінде модификацияғабейімділігі, делдалдарды тартуы және т.б.
Кең мағынасында алғанда саяси жанжалдардын көздері мен себептері әлеуметтіктен тыс, әлеуметтік және комбинацияланған болып бөлінеді. Онын біріншісіне адамның агрессивтілігі, үрей сезімі, дүрліктірушілік әрекеті, аштықпен оныңмінезіндегі басқадаинстикті мотивациялартәрізді белгілі сипаттарына негізделген саяси шиеленісушіліктің көптеген ошақтары жатады. Осындай факторларға байланысты саяси жанжалдар халыктың тергеусізсоты, аштықбүлігі, фанатиктердіңтеррорлыкактілерітүрі, басқа да ұтымды емес, себепсіз акциялар ретінде көрінеді. Адам мен табиғаттың өзара байланысын көрсететін (ал бұл екеуі де жанжалдың дамуына аз үлес қоспайтыны белгілі) аралықсипаттағы қайшылыктар саяси жанжалдардың арнайы ошағы болып табылады. Жекелей алғанда, экологиялық апаттың саяси салдарларынан, ірі кәсіпорындарда болған авариядан, табиғи апаттан туындайтын жанжалдар. Мұндай ауқымы үлкен жанжалдартабиғи апаттардан ғана емес, сонымен бірге осы оқиғаны ұлғайта түсетін адамның өзінің ісәрекетінен туындайтын әлеумеггік себептерді реттеумен байланысты болмак.
Алайда саяси жанжалдардың негізгі себептері ретінде бәрінен бұрын саясат субъектілері мәртебелерінің, олардың рөлдерінің мәні мен функциясы ның, мүдделері мен каж еттіліктерінің үйлеспеушілігін айқындайтын коғамның әлеуметтік жіктелінушілігін атауға болады. Әлеуметтік позициялардың тең еместігі жеке адамдардың (индивидтердің), адамдар қауымдастығының әлеуметтік топтарының даму ресурсына барар жолдың әр түрлі екендігін білдіреді. Көптеген саяси жанжалдарға ресурстарға кім иелік етеді және оған кандай жолдармен билік жүргізеді? Деген сауалдар себеп болады.
Ресурстарға қожалық ету жөніндегі күрес билеуші элита мен контрэлитаның, әр түрлі саяси партиялар мен белгілі бір күштердің мүдделерін білдіретін және меншікті, ұлттық табысты, мемлекеттік бюджетті және т.б. қайта бөлу күресіне итермелейтін қысым жасаушы топтардың арасындағы жанжалдыңөзара қарым-қатынасын білдіреді. Сонымен, саяси жанжалдың негізгі субъектісі ірі әлеуметтік топтар болып табылады. Олардың қажеттіліктері, мүдделері, максаттары, әрекеттері билікті пайдаланудың арқасында жүзеге асырылатындықтан, жанжалға тікелей қатынасатын да мемлекеттік аппарат, парламенттік фракциялар, қысым жасаушы топтар жәнет.б. саяси үйымдарболыптабылады.
Саяси жанжалдардың неғүрлым жарқын формалалары ретінде революция, бүлік, көтеріліс, азаматтык соғыс бұқаралық қарсылық ісәрекеттерді айтуға болады. Саяси жанжалға саясат субъектілерінің әлеуметтік тәртіпті өзгерту, немесе оны сақтау мүмкіндігін теориялык та практикалык жағынан қамтамасыз ету жолындағы карсы әрекеті деп анықтама беруге болады. Бұл мүмкіндікті жүзеге асыру мемлекеттік биліктің қаржы, репрессивті аппарат және т.б. кұралдарын иемденуге мүмкіндік береді. Сондыктан, саяси жанжалға катысушылардың бірінші кезектегі міндеті мемлекеттік биліктің тұткасын ұстау немесе соған ие болу болып табылады. Сонымен бірге саяси жанжал билікті жеңіп алумен және оны ұстап тұрумен ғана шектелмейді. Онда әр түрлі коғамдык саяси топтар мен олардың көшбасшылары қорғап отырған әлемнің әр түрлі көріністері арасындағы күрес те өрістетіле түседі.
Осыған байланысты саяси жанжал барлық баска жанжалдар сияқты ұлғаюы мен оны шешудің бірнеше кезендерін бастан өткеретін динамикалык, процесті көрсетеді. Әдетте әлеуметтік-саяси жанжалды: жанжал алды, жанжал, жанжалдышешужәнежанжалданкейіндептөрттүрлісатығабөлуге болады. Өз кезегінде әрбір сатыны біркатар фазаларға бөледі .
Бірінші, жанжал алды сатысы екі фазада дамиды. Бастапкы фаза жанжалдық ситуациялардың қалыптасуымен және жеке адамдар және топтық қатынастар жүйесіндегі қайшылыктардың жанжалдық езара іс-әрекет субъектілерінің мүдделерінің, күндылыктары мен нүскауларының алшактауы жағдайында өрши түсуімен сипатталады. Бұл сатыда жанжалдың дамуының жасырын (латентгік) фазасы жайында да айтуға болады.
Бұл сатыны “депривация” әлеуметтік-психологиялык, түсінігінің көмегімен сипаттауға болады. Депривация — бұл күту мен оларды қанағаттандыру мүмкіндігі арасында алшақтықтың болуы тән нәрсе болып келетін жағдай. Депривация уакьггтыңөтуі барысында не күшейіп, не азайып, не болмаса өзгеріссіз калып отырады.
Еуразия конфликтологиясында бұл сатыны көбінесе “әлеуметтік шиеленісушілік” ұғымының көмегімен түсіндіруге тырысады. Әлеуметтік шиеленісушілік - бүл коғамдықсананың ерекше әлеуметтік-психологиялык, жай-күйі, жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың және тұтас алғанда коғамның ахуалы болыптабылады, оқиғаларды кабылдау мен бағалау жоғары эмоциялы козушылықпен, әлеуметтік реттеу және бақылау механизмінің бұзылуымен сипатталады. Саяси жанжалда әлеуметтік шиеленісушілік қарсылықакииясының өсуімен көрінеді, олар: демонстрациялар, митингілер, президент пен үкіметтің отставкаға кетуі, саяси бағыттың өзгеруін талап ететін ереуілдер. Бұл акциялар көбінесе рұксат етілмеген сипатта өтеді, ал оны ұйымдастырушылар мен оған катысушылар биліктің бұл ереуілдерді тоқтату жөніндегі талаптарын елемейді.
Әлеуметтік шиеленісушілік тараптар нақты белгілеген жанжалдар болмаған жағдайда, “біз — олар” бағыты бойынша ашык формадағы касарысу орын алмаған кезде қалыптасады.
Бірінші сатының екінші фазасы кақтығыстың, немесе себептің, яғни жанжалдасушы тараптарды козғалысқа итермелейтін әлдебір сырткы оқиғалардың әсерімен басталады. Бірінші сатының бұл фазасында жанжал латентті фазадан ашык формаға ауысып, ұжымдық бағыттың (мінезкұлықтың) әртүрлі формаларында көрінеді.
Дау-жанжалдың беталысы жанжалдыңдамуының екінші, негізгі сатысын сипаттайды. Дау-жанжалдың беталысы — бұл қарсы тараптардың жетістіктерін олардың мақсаттары, ниеттері, мүдделерімен қоса блокадалауға бағытталған іс-әрекет. Бұл фазаға өту үшін баска тараптарға қарама-қарсы ретінде өзінің максаттары мен мүдделерін сезіну ғана емес, сонымен бірге күреске нұскау алу, оған психологиялык жағынан дайын болу да кажет. Мұндай нұскауды калыптастыру дау-жанжал бағытының бірінші фазасының міндеттеріне жатады. Бұл фазадағы мүдделер жанжалы терең қарама-қайшылыкты білдіреді, өйткені мұнда жеке адамдар мен әлеуметтік топтар реттеуге ұмтылмақтұрмак., өзара байланыстың, өзара іс-әрекеттің және карым-қатынастың калыптасқан бүрынғы қүрылымын бүза отырып, қайшылықты барлык жағынан да терендете түседі.
Әлеуметтік шиеленісушілік бүл сатыда саяси дағдарыска ұласуы мүмкін. Оған ел алдында тұрған проблемаларды шешуде өзінің икемсіздігін танытқан билеуші топтың кызметіне ортак (бұкаралык) наразылық пен ашу-ыза білдіру тән. Саяси дағдарыс бүқараның саяси мемлекеттік көшбасшысына, үкіметке, билеуші партияғадегенсенімін жоғалтуын білдіреді.
Дау-жанжал бағытының бірінші фазасы жанжалды ұлғайту тенденциясын тудырады, бірак ол оған катысушыларды жанжалды шешу жолдарын іздестіруге ынталандыра алады. Толғакты өзгеріс жанжал беталысының екінші фазасына тән нәрсе. Бүл фазада “құндылыктарды кайта бағалау” және ұстанған бағыттың бұдан арғы жердегі тактикасын тандау жүзеге асырылады. Жанжалдың барысы тараптардың өздері жайындағы, карсыластары мен сырткы орта туралы түсінігін өзгертеді, ресурстар таусылады.
Жанжалдасушы тараптар қимыл көрсетудің мына төмендегідей бағдарламасын тандауы мүмкін: біріншіден, жеңіске толык кол жеткізгенге дейін жанжалды жалғастыру; екіншіден, шиеленісушілік деңгейін төмендету, карсыласына ішінара жол беру есебінен жанжалды жасырын формағаауыстыру; үшіншіден, жанжалдышешудіңәдістерініздестіру. Егер үшінші бағдарлама тандалатын болса, онда жанжалдың дамуындағы үшінші кезең - оны шешу кезеңі туады.
Жанжалды шешу объективті ситуациялардын өзгеруі аркылы да, сондай ақ субъективтік-психологиялык кайта кұрулар аркылы да, жауласушы тараптарда қалыптаскан ситуацияның субъективтік образынык өзгеруі жолымен де жүзеге асырылады. Жанжалдың ішінара және толык шешілуі де мүмкін. Толык. шешу жанжалды субъективтік және объективтік деңгейлерде токтатуды, жанжал ситуациясының бүкіл сипатында оны түбірінен кайта кұруды білдіреді. “Жаудың образы” “әріптес образына” ауысып, ал күреске деген психологиялыкнүскау ынтымактасуға бағдар ұстаумен алмастырылады. Жанжалды ішінара шешу кезінде тек сырткы жанжалдың бағыты өзгереді, ал касарысуды жалғастырар ішкі козғаушы нұскаулар сақталынады.
Осы заманға конфликтология жанжалды тиімді шешуге мүмкіндік беретін шарттарды тұжырымдап береді. Олар: жанжалдың себептерінің диагнозын дер кезінде және дәл қою; тараптардың кай-қайсысының да мүдделерін мойындау негізінде кайшылыктарды жеңуге екі жақтың да ынталылығы; жанжалды болдырмаудың жолдарын бірлесіп іздестіру.
Жанжалдан кейінгі корытынды сатыға баса мән беріледі. Бұл сатыда барлықкүш-жігермүдделер, мақсаттар, директивалар кайшылығын жоюға жұмсалынуы тиіс, әлеуметтік-психологиялық шиеленісушілік жойылып, кез келген күрес тоқтатылуы керек.
Жанжалдың өту барысын басқаратын технологияларды анықтау олардың түрін айқындауғатікелей байланысты екенін айтуымыз керек. Бұл ретте саяси жанжалдарды жіктеу мен түрге белудің көптеген түрліше өлшемдері бар.
Аймақтар және аумақтары тұрғысынан қарағанда ішкі саяси және сыртқы саяси жанжалдар болып бөлінеді. Сыртқы саяси жанжалдар халықаралық қарым-каты настар саласында өріс алады. Жекелеген мемлекеттер, мемлекеттер тобы немесе халыкаралық ұйымдар оның негізгі субъектісі саналады. Мұндай жанжалдардың ерекше формасы әлемдік және жергілікті шеңберде болатын соғыстар, сондай-ак экономикалык сауда және кедендік жанжалдар болып табылады.
Ішкі саяси жанжалдар мемлекеттік баскару технологиясы саласындағы, немесе қоғамдық өмірдің баска да салаларындағы ішкі саяси процестердің сипатын көрсететін биліктің әр түрлі субъектілері (билеуші және оппозициялык элиталар, бәсекелес партиялар мен топтар, орталык және жергілікті билік) арасындағы езара іс-әрекетті бейнелейді.
Саяси жанжалдарды уақыттың етуіне байланысты ұзак мерзімдік және кыска мерзімдіктүрлерге бөлуге болады. Демек, жекелеген жанжалдардың қалыптасуы және оларды шешу саясатта кыска мерзімнің ішінде аякталуы да мүмкін, сонымен бірге тұтас бір ұрпақтың өміріне парапар уакытқа созылуы да сөзсіз. Ал, жариялылығы түрғысынан келсек, жанжалдасушы тараптардың өзара іс-әрекетінің ашық, сырттай белгіленген формасы туралы және билік үшін күрестің көлеңкелі әдістері үстем болатын, немесе субъектілердің өздерінің биліктік өкілеттіктерін даулайтын жабык түрдегі жанжалдар туралы айтуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет