БөЖ №13 Алмасу реакцияларының иондық теңдеулерін құру және тұздар гидролизі



Дата22.04.2022
өлшемі15,83 Kb.
#31968
Байланысты:
БӨЖ 13-14-15


БӨЖ №13 Алмасу реакцияларының иондық теңдеулерін құру және тұздар гидролизі

  1. Натрий нитриті, аммоний хлориді, натрий гидрофосфаты, мыс хлориді, сурьма(III) хлориді, темір (III) хлориді, мышьяк (III) хлориді, қорғасын нитраты, қалайы(II) хлориді гидролиздерінің молекулярлық және иондық теңдеулерін құрастырыңыз.

  2. Натрий гидрокарбонаты, калийдің дигидрофосфаты, алюминий сульфиді, натрий силикаты, магний хлориді, алюминийдің гидроксохлориді, висмут нитраты (III), натрий ацетаты гидролиздерінің молекулярлық және иондық теңдеулерін құрастырыңыз.

  3. Натрий сульфиді мен алюминий хлориді; калий карбонаты мен темір (III) нитратын; натрий карбонаты мен алюминий хлоридін араластырғанда не байқалады?

  4. Келесі заттардың (сулы ертінділері) арасындағы иондық реакция теңдеулерін құрыңыз: барий хлориді мен натрий сульфаты; калий гидроксиді мен күкірт қышқылы; натрий хлориді мен калий нитраты; мыс сульфаты мен натрий гидроксиді.

БӨЖ №14 Осмос қысымы, Вант-Гофф заңы бойынша есептер шығару

  1. 25 кезінде 100 г суда еріген 0,312 г мочевинаның осмос қысымын есептеңіз.

  2. 27 кезінде 1л судағы 0,3 моль глюкозаныңосмос қысымын есептеңіз.

  3. 27 кезінде 1л бензолдағы 0,3 моль мочевинаның ертіндісінің осмос қысымы неге тең?

  4. Егер 68,4 г қант 100 г суда ерісе, 20 кезінде оның осмос қысымы неге тең?

  5. 68,4 г қант 1000 г суда еріген. Егер эбулиоскопиялық тұрақтысы 0,52 тең болса, бұл ертіндінің қайнау температурасы неге тең болады?

  6. 68,4 г қант 1000 г суда еріген. Егер криоскопиялық тұрақтысы 1,86 тең болса, бұл ертіндінің қату температурасы неге тең болады?

  7. Қанттың 10%-дық сулы ертіндісінің қайнау температурасын анықтаңыз, егер судың эбулиоскопиялық тұрақтысы 0,52 болса.



БӨЖ №15 Фарадей заңдары тақырыбы бойынша есептер шығару

  1. Тұз қышқылы, мыс купоросы және күкірт қышқылы ертіндісі арқылы 1 А тоқ 1 сағат бойы өткен. Түзілген сутегінің, мыстың және оттегінің мөлшерін есептеңіз.

  2. Мыс купоросының электролизі кезінде 10 сағат ішінде катодта 17,78 г мыс бөлінген. Ертінді арқылы өткен тоқ күшін табыңыз.

  3. Натрий гидроксиді ертіндісі арқылы электролиз жүргізгенде 140 л қ.ж. оттегі бөлінген. Электролиз кезінде ыдыраған заттың массасын анықтаңыз.

  4. Күкірт қышқылы ертіндісінің электролиз кезінде катодта 112 л қ.ж. газ бөлінген. Электролиз кезінде ыдыраған заттың массасын анықтаңыз.

  5. Балқыған криолиттегі алюминий оксиді ертіндісінің электролизі кезінде 100 г алюминий бөлінген. Анодта қандай газ және қанша мөлшерде бөлінген?

  6. 78,5 мл 8%-дық (тығыздығы 1,075 г/мл) мыс хлориді ертіндісінің электролизі аяқталғанда катодта бөлінген мыстың массасы қанша?

  7. балқымасының инертті электродтағы электролизін жазыңыз.

  8. балқымасының инертті электродтағы электролизін жазыңыз.

  9. ертіндісінің инертті электродтағы электролизін жазыңыз.

  10. ертіндісінің электролизін жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет