БөЖ-2 Пәні: «Қазақстан тарихы» Тақырыбы


Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері



бет3/6
Дата09.04.2023
өлшемі143,2 Kb.
#80742
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
бөж 2 қтарих сағинбай ж

Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күштi қанатты
Мен жастарға сенемiн!
Бүкіл бір ұлтты бір арнаға ұйытатын әйгілі "Мен жастарға сенемін" атты өлеңін бәрі жатқа білері анық. Өлеңдегі өміршең қуат пен сөнбес жалын жас ұрпаққа рухани күш беріп, қазіргі таңда өмірлік ұранғаа айналды деуге болады.
Мағжан Жұмабаев алғашқы өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты.
"Туған жерім – Сасықкөл" деген өлеңінде патшаның отаршылдық саясатына қарсы жаза бастайды.
Айдын көл ата қоныс, құт болған көл.
Сусын боп, сұрағанға от болған көл.
Кеше бірлік, ынтымақ түгел шақта,
Бейне бір сенің басың сот болған көл.
Білмеймін не боларын қайран көлім?
Жарайды тең болмаса күн мен түнің,
Итиіп қара шекпен келіп қонса,
Басыңнан құсың ұшып, кетер сенің, – деп туған жерінің зарын зарлайды.
"Анама", "Жазды күні қалада", "Есімде тек таң атсын", "Жауынгердің жыры", "Орал", "Алыстағы бауырыма" деген өлеңдері ұлтқа деген сезімінің ояна бастағанын көрсетеді.
Жұмабайұлы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді ("Шын сорлы"), халқын өнер-білімге шақырды ("Ләззат қайда?", "Жазғы таң", "Өнер-білім қайтсе табылар", "Балалық шақ", "Қазағым", "Қарағым", "Осы күнгі күй", "Мен сорлы").
"Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Не жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз. Ол табиғатты суреттей ме, әйелді жаза ма, тарихи адамдарды ала ма, ертегі айта ма, ұран сала ма – бәрінде де ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жанының күйзелуі, көңілінің кірбеңі көрініп тұрады. Қай өлеңін оқысаң да, не ақынмен, не өз жүрегіңмен, не ел жүрегімен сырласқандай боласың. Ақынның өзі көрінбейтін өлеңдерін оқысаңыз да, еріксіз бір сезім туғызады. Әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде аятқызады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді…" Белгілі жазушы Жүсіпбек Аймауытов Мағжанның ақындығы туралы осылай деген еді.
Мағжан Жұмабаевтың бірқатар өлеңі махаббат тақырыбына арналған. "Жас келін", "Зарлы сұлу", "Сүйгеніме", "Алданған сұлу" және тағы басқалары. Нәзік лирикасымен махаббатты жырлаған ақын. Әсіресе Гүлсімге ғашық болған кезде махаббат жайлы біраз өлең шығарады.
Мағжан түрік халқының басқыншыларға қарсы азаттық қозғалысына үн қосады. Мұнда реалистік, романтикалық сарындар бір-бірімен астасып, бірге өріліп отырады.
Түркі тақырыбы қазақ халқының ұлт-азаттық тақырыбына ұласып, отаршылдыққа қарсы күреске алып келді ("Орал тауы", "Алыстағы бауырыма", "Жер жүзінде", "Қазақ тілі", "Тез барам!").
Ақын соңғы деміне дейін ұлт-азаттық тақырыбын өз поэзиясының өзегі етті. Халқымен бірге күйзелді.
Сентиментализм әсері, әсіресе, әйел теңдігіне арнап жазған өлеңдерінде ұшырайды. "Домбыра", "Зарлы сұлу", "Жәмила", "Шын сорлы", "Жас келін", "Алданған сұлу", "Тілегім" деген өлеңдерінде әйелдің халін өте ауыр көрсетіп, әйелмен мұңдасқандай, әйелді аяғандай, есіркегендей, оқушылардың жанын ашытқандай мұң бар, зар бар.
Жәмила, мұнша неге жүдедің,
Бетіңде тамшы қан жоқ қой.
Сарғаймашы, бауырым? – деп іші-бауыры елжіреп қатты аяйды.
Мағжан – философ ақын. Ақынның философиялық көзқарасы өз өлеңдерінде жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік тәрізді қарама-қайшылықты философиялық ұғымдарды шебер шендестіре білуінен байқалады. Ол дүниені біртұтас құбылыс ретінде алып, адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде суреттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет