Энергияның жиналуы. Жиналған энергияны АТФ синтезiне пайдалану. Химио-осмос кезінде пайдаланылатын энергия — ол электрлiк заряды бар бөлшектер - иондардың қатысуына байланысты болатын электрхимиялык энергия қарсы зарядталған бөлшектер бiрiн-бiрi тартады. Егер осы бөлшектердiң қосылуына кедергi жасалса, электрхимияльиқ энергия жиналады:Иондардың арасындағы кедергілерді ашса, электрохимиялық энергия жұмыс істейді.
Профессор А.А. Ничиорович қазіргі кездегі атмосферадағы оттегінің бәрі фотосинтез нәтижесі, сондықтан осы замандағы тіршілік түрлерінің бәріне мүмкіншілік туғызатын осы процесс деп тұжырым жасады. Тіршілік үшін қазетті белок, май, липид, витамин, фермент, хлорофилл және т.б.органикалық заттардың құрамына азот, фосфор, күкірт, темір, мыс, мырыш қола және т.б элементтер енеді. Әр түрлі элементтердің тоттықққан иондары өсімдік бойына енгенде тікелей немесе жанама жолмен, күн сәулесінің энергиясын пайдалану арқылы тотықсызданады.
Фотосинтезге қабілетсіз гетеротрофты бактериялар және саңырауқұлақтар, азот және күкірттің тотыққан иондарын фотосинтез нәтижесінде пайда болған органикалық заттардың химиялық энергиясын пайдалану арқылы тотықсыздандырады.
Өсімдіктердің элементтік құрамында 1-2% азот, 0.20-0,25 % фосфор, 0,25-0,50% күкірт, және 45% көміртегі болады.Фотосинтез процесінде 1000 кг көміртегі игерілгенде өсімдіктер азоттың 30-40 кг, фосфор мен күкірттің 5 кг-ын қоса игереді. Осыған байланысты азоттың жыл сайынғы айналымы 6×109 т күкір пен фосфордікі 8,5×108 т болады. Бұл элементтер органикалық заттардың құрамына еніп,олардың минералдану нәтижесінде қайтадан өсімдіктердің келесі қоректену циклдеріне пайдаланады. Яғни фотосинтез прогцесінің арқасында топырақтағы минералдық элементтердің табиғи айналымы жүзеге асады.
Фотосинтез эндотермиялық процесс болғандықтан тек сырттағы энергияны пайдалану арқылы ғана жүзеге асады. Егер өсімдіктер жыл сайын 175 млрд т көміртегін игеретін болса, онда 1,7× 1018 ккал, немесе шамамен 2×1015 квт сағат энергияны байланыстыру керек.
Жасыл өсімдіктердегі күрделі фотосинтездік аппарат миллиондаған жылдарға созылған эволюциялық процестің нәтижесінде қалыптасты. Фотосинтез – фотохимиялық күрделі физиологиялық процесс ретінде өсімдіктің жалпы күйіне, оның әр түрлі ұлпаларының, жеке клеткаларының және органоидтарының, соның ішінде хлоропластардың күйлеріне де тығыз байланысты.
Фотосинтезге түрлі жағдайлардың әсерін зерттеу көбінесе оның сыртқы көрсеткіштерін – қарқындылығы мен өнімділігін анықтауға негізделеді. Фотосинтездің қарқындылығы жапырақтың белгілі ауданына (дм2), белгілі уақыттың ішінде (1 сағ) сіңген көмірқышқыл газының мөлшерімен немесе бөлінген оттегінің мөлшерімен анықталады. Осы көрсеткіштерді анықтауға мынадай әдістер қолданылады.
1.Радиометрлік
2.Фотосинтездің «таза» өнімділігін анықтау әдісі
3.Манометрлік әдіс
4.Инфрақызыл спектрометрлік әдіс
5.Балдырлардың фотосинтезін суға бөлініп шыққан оттегінің мөлшерімен анықтау әдісі.