Еңбекте кездесетін зат есімдер: Иағмұр – жаңбыр
Азұқ – азық
Ағыз – ауыз
Атыш – атыс
Сын есім СИПАТ (СЫН ЕСІМ) РЕТІНДЕ АЙТЫЛМАҒАН СИПАТТАР ТУРАЛЫ
Бұл сипаттар (сын есім) түрлі мақсаттар үшін, түрлі сөздерден әртүрлі жолдармен жасалады:
Біріншісі: істеушінің сол іс-әрекетті анда-санда істейтінін білдіретін сипат. Мысалы: bardu er (барды ep) - барған ер» деген тұлғадан жасалған, bardaшы er (бардашы ер)- барушы ер (адам)», keldi rc (келді ер)- келген ер» тұлғасынан жасалған, «келдеші ер – келуші ер» дегендерге ұқсас болып келеді. Бұл түрдегі сипаттар айтылмады.
Екіншісі: істеушінің (іс-әрекет жасаушының) сол іс-әрекетін дүркін-дүркін, әлденеше қайтара жасайтынын білдіретін сипат. Мысалы: «Ол ер ол евге бараған – Ол ер ол үйге бараған», «Ол кіші ол бізге келеген» түріндегі сипаттар.
Үшіншісі: істеушінің бір істі істеуге ынта-ықыласы мен ұмтылысын аңғартатын сипат. Мысалы: «Ол ер ол евге барығсақ – Ол ер ол үйге баруға құмар», «Ол кіші ол бізге келігмек – Ол кісі бізге келгісі келмек» деген секілді. Бұларды сипат ретінде сөз етпедік.
Төртіншісі: бір істі істеу сол арқарушының борышы екіндігін білдіретін сипат. Мысалы: «Олевге барғұлұқ ерді – Ол үйге баруға тиіс еді». Бұл сипат түсіндірілмеді.
Бесіншісі: істеушінің бір іс-әрекетті атқару үстінде екендігін білдіретін сипат. Мысалы: «Мен евге баргалы турмын – Мен үйге барғалы тұрмын», «Мен сізге келгелі тұрмын» деген секілді. Бұларды да сипат қатарында айтпадық.
Мұндай сипаттардың бәрі тек етістіктен жасалған. Әртүрлі етістіктерден сол мәнде осы әдіспен түрлі сипаттар туындайды. Бұлар кітапта келтірілмейді.
Істелген іс, оның үстіне болғанын білдіретін сипаттар мен ерекшеліктері де көрсетіліп отырмады.
Егер қағиданың қалай қолданылатындығын және бұл сөздердің халық тілінде қалай кездесетіндігін көрсету қажет болса, сол қағидаларға тоқталғанда айтып өтеміз.
Бірлік, көптеу, салыстыру, асыру, кішірейткіш, септеу мен түрлену және басқа мәселелері сөз болмады. Сол үшін бөлек бір кітап жазып, оған «Түрік тілінің асыл жәуһарлары» деп ат қойдым. Тәңірдің бұйрығымен осы ережелер сол кітапта айтылды.
Сын есімдер:
1.ҰЛҰҒ – Бір нәрсенің ұлықтығы, биіктігі. Жырда былай айтылған:
Ұлұғлығ болса сен едзгү қылын, Болғыл кішіг беглер қатын иахшы ұлан – (Ұлықтық болса, сен ізгілік істе, Кішік болғын, бектер қатарында жақсылықты жалғастыр.)