БөЖ №5 Тақырыбы: Пікірталас мəдениеті



Pdf көрінісі
Дата20.09.2023
өлшемі63,13 Kb.
#109106
Байланысты:
сөз өнері бож5



БӨЖ №5
Тақырыбы: Пікірталас мəдениеті
Пікірталас термині (лат. discussio – зерттеу, қарастыру, талқылау) жиналыстарда,
баспасөзде немесе əңгімелесу үстінде белгілі бір мəселені талдау; қайсыбір даулы
мəселені көпшілік алдында талқылау, еркін пікір алысу немесе пікірталас; қайсыбір
мəселе туралы оппонеттердің өз тұжырымдарын айтып, қорғай сөйлеуі, ой жарысы,
идеялар қақтығысы ретінде түсіндіріледі. Пікірталас іскерлік қатынаста көп
қолданылады. Іскер адамдар өз ойларын түсіндіре, дəлелдей алуы керек, сондықтан
олар жан-жақты біліммен қоса, пікірталас шеберлігі мен мəдениетін жете меңгерулері
қажет. Пікірталас қоғамды дамытады, демократияны алға бастырады.
Пікірталас көзқарастар қайшылығы бар жерде туындайды. Пікірталастың бірнеше
түрлері
бар:
пікір алмасу, ойталқы, пікірсайыс, ойбөліс, сөзталас, айтыс.
Əрқайсысының өзіндік мақсаты мен ерекшелігі бар.
Пікіралмасу (лат. discussio – зерттеу, талқылау, талдау) көпшілік арасында өтеді.
Мақсаты – əртүрлі пікірлерді салыстыра келе шындық пікірге жету, мəселенің шешімін
табу. Дұрыстыққа көз жеткізудің ең тиімді тəсілі, оған қатысушылар бір шешімге
келеді.
Ойталқы (лат. disputatio – ой жүгірту, жарыссөз, айтыс) – ғылыми жəне қоғамдық мəні
бар тақырыптардың төңірегінде көпшілік арасында өтетін сөз жарысы. Мұнда да сөз
жарысына қатысқандар белгілі бір пікірге тоқтайды. Қатысушылар арасында пікір
алшақтықтары бола береді. Бір мəселе жайында əр түрлі көзқарас, пікірлер талқыға
түседі.
Пікірсайыс (грек – polemikos – жаулық, дұшпандық) табиғаты өзгешелеу. Бір мəселені
талқылау мақсатында жиналыстарда, баспасөзде орын алатын сайыс. Көзқарасқа қарсы
тұрушылық, идеядағы бітіспестік. Мақсаты – қарсы жақты жеңіп шығу, өз пікірінде
қалып, соны бекіту. Пікіралмасу да, ойталқы да, пікірсайысы да бұлтартпас дəлелдерге,
ғылыми аргументтерге сүйенеді.
Пікірталастың ойбөліс, сөзталас, айтыс деп аталатын түрлері табиғаты жағынан
бір-біріне жақын. Бұларда пікірталасына түскен адамдардың арасында сыйластық,
түсіністік орын алады.
Ойбөліс (фр. debat – айтыс, жарыссөз) көпшілік алдында екі адамның не екі топтың
бірдеңе туралы ой-пікірлерін ортаға салуы. Ойбөлісте пікір алшақтығы болғанмен, ол
түсіністікке негізделеді.
Сөзталас (орыс. прения – қандай да бір мəселені көпшілік алдында талқылау) ойбөліс
сияқты баяндамаларды талқылағанда, хабарламалар жасағанда, конференциялар мен
жиналыстарда орын алады. Ойбөліс екі адамның арасында да орын алады.
Айтыс (қазақ. – сөз жарысы, өнер жарысы) екі адамның да, көпшілік арасында да
жүзеге асады. Айтыс ақындарының тілі төгіле жөнелетін шалқыма шешендікке
негізделеді. Ақындық айтыстардың шешендік сөзге жататындығы оның тек қана
шындықты айтатындығында, айтыста қоғамдағы, тұрмыс- тіршіліктегі орын алған
кемшіліктер айтылады, жақсылықтар мақталып, үлгі-өнеге етіледі. Сондықтан, айтыста


əлеуметтік үн болады. Айтыс тыңдаушы, сыншы жұрттың алдында өтеді, бұның өзі
айтыс ақынынан қиыннан қиыстыратын шеберлікті, мол білімді, алғырлықты,
тапқырлықты талап етеді. Пікірталас мəдениетінде қарсыласын құрметтеу, пікірін
сыйлау, оны сабырлылықпен тыңдау – маңызды нəрсе. Қарсыласының сөзіне нанымды
дəлелдермен тойтарыс беруге болады, бірақ дөрекі сөздермен, мазақ күлкімен
жəбірлеуге, дауыс көтеріп ұрысуға мүлде болмайды. Басқалардың көзқарасын
құрметтей білу – ойлы, ақылды, білімді адамдардың ісі. Сыйлы қарам-қатынас,
қарсыласыңның пікірі мен көзқарасын түсінуге тырысу даулы мəселелерді жемісті
талқылауға қажетті алғы шарт болып табылады. Сондықтан барлық мəселеге бірдей
қарсы шығуға болмайды. Қарсыласыңның кейбір пікірімен келіскен де пайдалы. Келісе
отырып, бұл дəлелдердің пікірталас тақырыбына қатысы жоқ екенін ескертуге болады.
Сөйтіп, өз көзқарасыңның дұрыстығын қорғап қалуға болады. Қарсы жақтың келтірген
дəлелдері орынды болса, оған қарсы шығудың қажеті жоқ. Қасарысқан қыңырлық
ешқашан пікірталаста нəтиже бермейді.
Пікірталастың қай түрінде болмасын, сайысшылар пікірталас мəдениетін білулері
керек, ол пікірталастың нəтижелі өтуіне көмектеседі, табыс əкеледі. Алдымен
пікірталастың тақырыбын біліп алулары маңызды. Қандай пікірталас болмасын,
тақырыбы анық болғанда ғана сəтті болады. Тақырып дегеніміз – талқыға түскен
мəселенің аты жəне сөйленетін сөздің негізгі мағынасы, мазмұны, түйіні. Сайысшылар
пікірсайысына түспес бұрын сол тақырыпқа көзқарастарын анықтап алады, демек оған
қалай қарайтыны, қолдайтын, қолдамайтыны белгілі болуы керек. Егер бұл мəселеде
нақты көзқарас болмаса, пікірталасқа түсіп, абырой табу екіталай. Сайысшылардың
пікірі əр түрлі болғанмен, ортақ шешім шығаруға, шындыққа көз жеткізуге ұмтылу
керек.
Пікірталаста ой мен сөз бірлігі – жеңіске жеткізетін құрал. Пікірталастың тақырыбына
қатысты ұғымдарды анықтап, қажетті сөздер мен терминдерді дəл тауып алу қажет.
Əйтсе, де ғылыми терминдерді шектен тыс қолданбаған жөн. Пікірталасқа
түскендердің бəріне ортақ қолданылған сөздер түсінікті болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет