БөЖ №8 “Қазақ тілін оқыту әдістемесі”



Дата19.11.2023
өлшемі188,31 Kb.
#124821
Байланысты:
Казак тілі бөж8 Арыс А


Қазақстан Республикас Ғылым және Жоғары білім министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
С. Қирабаев атындағы «қазақ тілі мен әдебиет» кафедрасы


БӨЖ №8
Қазақ тілін оқыту әдістемесі”
«Блум таксономиясы»

Орындаған: Арыс Ақерке
Қабылдаған: Османова З.Ж

Алматы, 2023-2024


Блум таксономиясы :
6-сынып
Лексикалық тақырып :
Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз.Морфология
Грамматикалық тақырып : Үстеу. Үстеудің мағыналық түрлері

БІЛУ
«Екі шындық, бір жалған» әдісі арқылы тақырыпты қаншалықты білгендерін анықтау. Оқушылардың ақпараттың неліктен шындық, я болмаса жалған екенін дәлелдер келтіру арқылы түсіндіруі міндетті.

Ақпарат

Шындық н/е жалған

Заттың іс-әрекетін, қимылын білдіретін сөз табы үстеу деп аталады








Мекен үстеуі қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді.








Үстеулер сөйлемде етістікпен тығыз байланысқан күйде кездеседі









ТҮСІНУ

«Әткеншек» әдісі арқылы
оқушылар тақырыпты өзара түсіндіріп талқылайды.
Шарты : оқушылардың әрқайсысы әткеншектің суреті жапсырылған стикерлерді алып, артқы жағына үстеудің мағыналық түрлеріне байланысты 2 сұрақтан жазып шығады. Мұғалім оны жинап алып араластырып , оқушыларға қайта таратады. Оқушылар алдына түскен сұрақтарға ауызша, нақты, толық жауап беруі тиіс.
ҚОЛДАНУ
Көп нүктенің орнына сын қимыл үстеулерін дұрыс қолданып, сөйлемдерді өз бетіңше толықтырып құрап жаз


ТАЛДАУ
Салыстыру әдісін пайдаланып, оқушылар мезгіл үстеу мен мекен үстеудің айырмашылықтарын табады.



ЖИНАҚТАУ

Үстеудің барлық мағыналық түрлері құрамында бірнеше рет кездесетіндей етіп «Біздің отбасымыздың ерекше салт-дәстүрлері» тақырыбында қысқаша 100сөздік эссе жазыңдар

БАҒАЛАУ
«Гүлдер әдісі» арқылы
Оқушылардың сабақ барысында тапсырма мұғалім оқушылардың әрбір тапсырма орындағанына, жауап бергеніне, белсенді болғанына қарай 1 гүлден беріп отырады. 1 гүл – 1 балл


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет