Бөж жылу, система, процесс күйі. Газдың ұлғаю жұмысын әр түрлі процестерге есептеу. Химиялық реакциялардың жылу эффектілері



бет4/9
Дата27.10.2022
өлшемі43,18 Kb.
#45574
1   2   3   4   5   6   7   8   9
БӨЖ 5. Реакция жылдамдығына температураның әсері. Аррениус теориялары. Гетерогенді катализ. Адсорбция және хемосорбция. Гетерогенді каталитикалық реакциялардың кинетикасы

  1. 440 градус Цельсия кезінде қандай да бір реакцияның жылдамдық константасы 0,48с-1 тең, ал 400 градусте - 0,03с-1. Вант-Гоффтің температуралық коэффиценті мен реакцияның активтену энергиясын есептеу керек.

  2. 10-50 градус Цельсия интервалында активтену энергиясы 85 кДж/моль болса, Вант-Гоффтің температуралық коэффицентін есептеңіз.

  3. 12-52 градус Цельсия интервалында Вант-Гоффтің температуралық коэффиценті 3,5 тең болса, реакцияның активтену энергиясын есептеу керек.

  4. Егер жүйедегі барлық заттардың парциалды қысымы 3 есе азайса, ал температура 30 °С-ге бір мезгілде азайса реакция жылдамдығы қанша есеге азаяды. Температуралық коэффицент 2-ге тең.

  5. Реакцияның активтену энергиясын есептеу керек, егер температура 330 К –нен 400 К-ге дейін артқанда реакцияның жылдамдық константасы 105 есе артса.

  6. N2О4→2NО2 ыдырау реакциясы үшін 298 және 303°К температура кезінде жылдамдық константасы 4,4•104 және 5,5•104 тең. Жылдамдықтың температуралық коэффициентін есептеңіз(γ).

  7. Н2О2→Н2О+1/2О2 реакцияның температуралық коэффициентін анықтаңыз. Температураға байланысты жылдамдық константасы берілген: А) Т1 = 773° К1 = 0,50 Б) Т2 = 793° К2=1,19

  8. Бромды этилдің гидролиздену реакциясы үшін Аррениус теңдеуіндегі А және В тұрақтылары-12,26•103 және 24,3 тең болса, берілген температуралар үшін жылдамдық константасын есептеңіз:

а) 298°К б) 303°К

  1. Сутегі асқын тотығының ыдырауы реакциясы үшін жылдамдық константасының температураға тәуелділігі берілген:

а) Т1 = 298°К К1 =0,50 б) Т2 = 298°К К2 =1,19
Осы реакцияның активтену энергиясын есептеңіз.

  1. 1-ші ретті реакция 25 °С кезінде 30 минутта 30 %-ға жүреді, ал 40 °С кезінде 5 минутта жүреді. Реакцияның активтену энергиясын есептеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет