ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕЙМАНДОСТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріндегі адамзаттың
өткені, бүгіні және келешегі туралы
Орындаған:Бигалиева Болсынай
Топ:ТДМ 21-01
Қабылдаған:Еришева Толқын
Түркістан,2021
Болашақта Қазақстан тарихнамасының өзекті
мəселелерінің бірі – тəуелсіз Қазақстан мемлекетінің
пайда болу, қалыптасу жəне даму тарихы болары
анық. ХХ ғасырдың соңында адамзат тарихындағы
ең алпауыт империялардың бірі – Кеңестік
социалистік республикалар одағының күйреуі
нəтижесінде əлем картасында бірнеше жаңа
мемлекеттердің пайда болып, тарих сахнасына
шыққандыңы белгілі. Солардың бірі – Қазақстан
Республикасы. Бұл бірнеше мың жылдық тарихы бар
қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең
жаңа тарихтың басталуы болды. Қазақ халқы осы
елді мекендеген басқа да ұлттар өкілдерімен бірге өз
мемлекетін қайта құру ісімен айналыса бастады.
Қазақстан секілді жер көлемі жағынан əлемде
тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол,
өзіндік даму жолын таба білген елдің ең жаңа
тарихы, əсіресе оның бастапқы кезеңі, дəлірек
айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп,
қалыптасу жəне даму тарихы кімді болса да
қызықтырары даусыз. Ең алдымен ол ұлт тағдыры
шешуші роль атқарған аса маңызды тарихи құбылыс
ретінде, осы елдің қазіргі жəне келешек ұрпағы үшін
қымбат. Уақыт өткен сайын қайта құрылған
мемлекетіміздің алғашқы қалыптасу кезеңіне деген
қызығушылықтың арта түсері, ол кезеңнің қарама-
қайшылыұтарға толы күрделі де, маңызды кезең
ретінде жан-жақты зерттелері, оның тарихына
арналған іргелі еңбектердің дүниеге келері анық.
Сондықтан тəуелсіз Қазақстан мемлекетінің
қалыптасу тарихының терең зерттеліп, шынайы
түрде объективті жазылу ісіне дайындық осы бастап
жүйелі де ғылыми негізде жүргізілуі тиіс. Бұл біз
секілді болашақ тарихшылардың үлесіне тиетін
міндет.
Тағдырдың жазуымен тарихымыздың ең бір күрделі
кезеңінде ел басшылығына ие болған Н.Ə.Назарбаев
ел басқару ісімен қатар, бірнеше еңбектер жазып,
тəуелсіз Қазақстан тарихының деректік негізін
қалауға да өз үлесін қосып келеді.
Əдетте мемлекеттiң стратегиялық даму мəселелерi
туралы еңбектер мейлiнше жалпы мəселелердi
қамтып, ежелден қалыптасқан қағидаларды басқаша
негiздеумен ерекшеленетiн. Нұрсұлтан Əбiшұлының
еңбектерiнiң ғылыми жəне практикалық маңызы
мүлде басқа ендiк пен басқа бойлықтан анықталып
жатады. Онда отандық, өңiрлiк жəне əлемдiк
ауқымдағы құбылыстар түгел қамтылады.
Республика өмiрi үшiн маңызды бiр шешiм қабылдау
үшiн, Елбасының əлемнiң iрi мемлекеттерiнiң даму
тарихындағы осы тектес мəселенiң оң шешiмiн
табуы жолындағы тəжiрибелердi түгел сараптап
шығатыны жəне соның негiзiнде өзiнiң стратегиялық
болжамдары мен тұжырымдарын мейлiнше айқын,
дəлелдi, негiздi қасиеттермен даралай түсетiнi
аңғарылады. Тəуелсіз елдің тұңғыш президенті
ретінде Нұрсұлтан Əбішұлының қаламынан
туындаған еңбектерінің тарихи маңызы өте зор.
Елбасы кітаптарында тəуелсіз Қазақстан
Республикасының тарихы ең алғашқы күндерінен
бастап, барлық қырынан дерлік бейнеленген,
мемлекеттігімізді қалпына келтіру барысындағы
алғашқы нақты іс-шаралардан бастап, ел өміріндегі
елеулі оқиғалар жан-жақты баяндалған.
Елбасының əр еңбегiнiң өзi арнайы зерттеудi қажет
ететiн жаңалықтарға, жаңашыл, шынайы байқаулар
мен байымдауларға, ғылыми жəне практикалық
маңызы жоғары тұжырымдар мен шешiмдерге бай.
Осы орайда менің зерттеу жұмысымның негізі болып
отырған Нұрсұлтан Əбiшұлының қаламынан
туындаған еңбектерін атап өтер болсам: “Əдiлеттiң
ақ жолы” (1991), “Тəуелсiздiгiмiздiң бес жылы”
(1996), “Ғасырлар тоғысында” (1996), “Тарих
тағылымдары жəне қазiргi Қазақстан” (1997),
“Қалың елiм, қазағым” (1998), “Тарих толқынында”
(1999), “Қазақстан-Ресей қатынастары” (1999),
“Бейбiтшiлiк кiндiгi” (2001), “Сындарлы он жыл”
(2003), “Евразия жүрегiнде” (2005), «Қазақстан
жолы» (2007). Көрсетiлген еңбектерде елбасының
тəуелсiз Қазақстанның тағдыры, келешегi туралы
асыл мұраттары мен биiк ойлары, терең
толғаныстары суреттелген.
Мəселен, елбасы Н.Ə.Назарбаевтың 1999 жылы
жарық көрген «Тарих толқынында» атты кітабында
қазақ халқының өткені мен кеткенін ой елегінен
өткізіп, өз болжамдарын, қазақтардың арғы төркіні
мен шығу тегін, даму жолдарын əлемдік тарихи
құбылыстар шеңберінде, солармен тығыз
байланыстыра қарастырған. Кітаптың «Ұлттық
келбетті ұлықтайық» деген алғашқы тарауында автор
ұлтымыздың қасиетті сипаттары мен қастерлеуге
тұрарлық құндылықтарын сараптап, жан-жақты
талдайды. Аталған еңбегінде Н.Назарбаев ұлттық
рухты қайта түлетудегі жəне дамытудағы қазақ
зиялыларының ролін ерекше атап көрсетеді. Қазақ
этносы – мыңдаған ғасырлардың жемісі, өз
аумағының ежелгі тұрғыны. Н.Назарбаев осы
кітабында қазақ ұлтының қазіргі мекені, ол ежелден
ата-бабамыздың бізге қалдырған мол мұрасы екенін
атап көрсеткен. Ұлттыұ тарихқа заңды мақтаныш
сезімін туғызу үшін оны білу керек. Кітаптың «Қазақ
даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы» деген
тарауы осыған қызмет етеді. Яғни, автор қазақтың
түркі тілдес халық ретінде оның ежелгі тарихын
Евразия құрлығындағы көшпелі ұлы мемлекет –
Түркі қағанатының тарихымен байланыстырады.
Сондай-ақ аталған кітаптың үшінші «Мəдениет
келешегі» деген тарауында Қазақстан сияқты
көпұлтты мемлекетте мəдениет қандай болу керек
деген мəселе ерекше сөз болады. Бұл мəселе жөнінде
автор: « Қазақстандағы диаспоралардың өз
мəдениетінен қол үзбеуімен қатар қазақ елінің жалпы
ұлттық мəдениетін игеруге, оны өзі атсалысып,
дамытып отырған ортақ мəдениет деп қарауға
дағдылануы қажет. Сонда ғана ұлттық мəдени
жүйелердің үндесіп, жақсы ансамбль құрайтыны
сөзсіз». Сонымен қатар Елбасы қазіргі жағдайда
əлемде болып жатқан ақпараттық үлкен үрдіс
кезінде, ағылшын тілінің экспансиясы шапшаң белең
алып,тұрмыста күшті сұранысқа ие болып
отырғанында, ертеңгі келер ғасырда қазақ
мəдениетінің күні не болатынына, нарық дəуірінің
мінез-құлқы мəдениет жасаушылардың жаңа
буынына нендей ықпал ететініне де алаңдауын
жасырмайды. Н.Назарбаев осы кітабының «Алаш
мұрасы жəне осы заман» тарауын қоғамдағы
интеллигенцияның тарихи ролін пайымдауға
арнаған. Бүгінгі қазақ зиялыларының бойында сонау
бағзы заманнан келе жатқан парасаттылық
дəстүрлері барлығын айрықша атап көрсетеді.
Кітапта теориялық жағынан кең қарастырылған
мəселе –ұлттық бірегейлік жайы. Елбасы баршаны
бір тілге, бір идеологияға, бір мəдениетке көшіруге
тырысудың өзіміз бастан кешірген сабағы бұл
саясаттың зиянды болғанын алға тартады.
Сондықтан да ол бірегейлендірудің бұл күштеу
əдісін біржола теріске шығарады. Н.Назарбаев
қазақтың өзіндік ұлттық өрлеуін қамтамасыз ете
отырып, бірегей этникалық санасын қайта жаңғырта,
түлете түсуді басты міндет ретінде алға қояды.
Сонымен кітапта бірегейлендірудің бірінші деңгейі –
біздің азаматтық əрі саяси бірлігіміз деген тұжырым
жасалған. Бұл деңгейдің мəнін Н.Назарбаев «өзіміз
азаматтық саяси тағдырымызды барша азаматтардың
тағдырымен бірдей дəрежеде қорғайтын Қазақстан
мемлекетімен ұштастыруда жатыр» деп түсіндіреді.
Бірегейліктің екінші деңгейін ол қазақтардың
өздерінің ұлттық бірегейлігімен байланыстыра
қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |