Бөж пәні: Философия Тақырыбы: Қазақ философиясы Орындаған: Аманбек Мереке Мәдиқызы Тексерген: Раисов Қазбек Даирбекович



Дата20.12.2023
өлшемі39,26 Kb.
#141284
Байланысты:
философия


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті



БӨЖ

Пәні: Философия
Тақырыбы: Қазақ философиясы

Орындаған:Аманбек Мереке Мәдиқызы


Тексерген:Раисов Қазбек Даирбекович

21.11.2023


Жоспар:
1. Қазақ философиясының қалыптасып-дамуының негізгі кезеңдері.
2. Түркі дүниетанымы — қазақ философиясының бастауы. Әл Фара-би, Жүсіп Баласагұн, Қожа Ахмет Йасауи.
3. Қазақ философиясының вербальді-дискурсты сипаты. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлеріндегі және ақын-жыраулар шыгармашылыгындагы философиялық даналық.


Қазіргі заманғы қазақ ғалымдары М.Орынбеков, Н.Байтенованың зерт-теулеріне сүйене отырып, қазақ халқының философиялық дүниетанымы-ның қалыптасып дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады: Ежелгі заманнан ІХ-ғасырға дейінгі кезең — қазақтардың ата-тегінің философиясы (предфилософия протоказахов). Бұл кезеңдегі философиялық көзқарастарда діни сипат басым.
Түркі тілді халықтардың философиясы, ІХ-ғасырдан ХV-ғасырға дейінгі кезең. Оның көрнекті өкілдері бүкіл түркі дүниесіне ортақ тұлғалар — Анахарсис, Қорқыт, әл Фараби, Ж.Баласағұн. М.Қашғари, Қ.Иасауи. Бұл кезенді түркі тілді халықтардың философиясының «Алтын гасыры » деуге болады. Аталған ғұламалар тамаша шығармалар мен философиялық еңбектерді дүниеге әкеліп, әлемдік философияның дамуына елеулі үлес қосты.
Қазақ хандығы дәуіріндегі философия, ХV-ХVШ ғасырлар аралығын қамтиды, үш бағытта дамыды: а) жыраулар философиясы; ә) билер философиясы; б) «Зар заман философиясы».
ХІХ-ғасырдағы Ағартушылық философиясы: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев философиясы — антропоцентристік және экзистенциалистік сипатқа ие.
ХХ-ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ философиясы. Негізінен саяси философия болды: Ә.Бокейханрв, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, ЦД.Құдайбердиев. —
Кенес дәуіріндегі Қазақстандық философия. ХХ-ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап, 90-жылға дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы кеңестік философия секілді коммунистік партияның идеологияпық қызметшсіне айналып, өзінің ұлттық ерекшеліктерінен айрылды. Бірақ негізінен марк- систік сипатта болғанымен, осы кезенде кәсіби философия қалыптасты. 1958 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының құрамында Философия және құқық институты, Қазақ мемлекеттік университетінде философиж факультеті ашылды. Кеңестер Одағы кеңістігінде танымал болған Қазанстандық философия негізінен таным теориясы, таным диалектикасы және диалектикалық логика мәселелерін зерттеумен айналысып, биік деңгейге көтерілді.
Тәуелсіздік кезеңінін философиясы — соңғы он бес жылда қалып- тасты, қазақ халқының философиялық дүниетанымын терендеп зерттеумен айналысып, үлкен табыстарға жетті. Салыстырмалы түрде тарихи аз уақыттың ішінде қазақ халқының философиялык дүниетанымын жарқы- ратып көрсеткен тамаша зерттеулер дүниеге келді және бұл саладағы жұмыстар толассыз жалғасуда.
Қазақ философиясы өзінің бастауын көне түркі дүниесінен, оның көрнекті өкілдері әл Фараби, ЖүсіпБаласағұн, Қо.жа Ахмет Иасауиден алады.
Әбу Нәсір әл Фараби қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысында өмір сүрген түркі тайпасында шамамен алғанда 870 жылы дүниеге келген. Әлі Фараби философиясының негізгі зерттеу объектілерінің бірі — адам. Антика дәуірінің ойшылдары секілді әл Фараби де адам өмірінің мақсаты — бақытқа жету деп түсінеді. Адам әуелі бақыттың не екенін түсініп, оныі өзінің мақсаты ретінде анықтап алған соң ғана оған жетудің жолдарыні танып-біле алады. Әл Фарабидің пікірінше, шын бақыттың не екенін түсінуге көмектесетін — адамның ақыл-ойы. Ақыл адамға күш береді; ақыл-ойына көбірек жүгінген адам ғана жақсы мен жаманды айыра алады. Жігердің үш түрі бар, біріншісі — түйсіктен, екіншісі — елестетуден, үшіншісі — ойлау қабілетінен туындайды деп көрсеткен әл Фараби соңғысын еркін тандау деп атайды және ол адамға ғана тән, басқа жануарларда ол жоқ дейді. Әл Фараби нағыз бақыт деп білімге, ізгілікке және әдемілікке ие болу деп түсінді. Оған жету үшін адамның бойында жігердің осы үш түрінің бәрі де болуы шарт. Бірақ адамдардың бәрі бірдей бақытқа бөлене бермейді, себебі олардың ойлау қабілеттері, мүмкіндіктері әр түрлі. Бақыттың не екенін, оған қалай қол жеткізуді түсінбеген адам өзінің өмірлік мақсаты етіп мүлде басқа нәрсені таңдап алуы мүмкін. Бұл жағдайда адам абсолюттік ізгілік — бақытқа емес, абсолюттік зұлымдыққа тап болатындығын ескерткен әл Фараби бақытқа бөленуге күші жетпеген адамдарды тәрбиелейтін ұстаз, басшы қажеттігін айтады.
Ұстаз, басшы болу, өзінің соңынан басқаларды ерту кез-келген адамның қолынан келе бермейді, ол үшін ерекше қасиеттер керек деген әл фараби өзінің «Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде ұстазға тән қасиеттерді сипаттайды. Басшы адам, имам, ен әуелі өзін басқарып, тәрбиелейтін басқа басшыны қажет етпейді. Дененің басты мүшесі ретінде әуелі жүрек, сонан соң ғана дененің басқа мүшелері одан төмен орналасатыны секілді, басшы бәрінен жоғары, ол қала, ұйымының және оның мүшелерінің басты себебі. Қала тұрғындарының бойында жігерден туындайтын қасиеттерді тудыратын да осы басшы. Дене мүшелерінің біреуі бұзылғанда оны жүрек түзететіні сияқты, басшы қала ұйымының бұзылған мүшесін түзеп отырады. Әл Фараби басшы бола алатын адамға қажетті он екі қасиетті атайды: оның дене мүшелері кез-келген харекетті қиындықсыз орындай алатындай мінсіз, жан-жақты жетілген; оған айтылып отырған нәрсені түсінетіндей және онын іс жүзінде қандай болатындығын көз алдына елестете алатындай табиғи қасиеті бар; түсінген, көрген және қабылдаған нәрсесінен ешттеңені ұмыт қалдырмайтындай жақсы есте сақтай біледі; заттың кішкене ғана қасиетін байқау арқылы оның не нәрсені білдіріп тұрғанын тез түсінетіндей қырағы ақылға ие; ойлаған нәрсесін айқын жеткізе алатын шешен: оқуға және танып-білуге деген махаббаты бар және бұл істе шаршамайды, азаптанбайды; тамақ пен сусын ішуде, жыныстық қатынастарда шектен шықпайды, табиғатынан ойынды және одан туындайтын рахатты жек көреді; шындықты және ол үшін күресетіндерді сүйеді, өтіріқті және өтірік айтатындарды жек көреді; маңғаз жанға ие және арнамысты биік ұстайды: оның жаны табиғатынан төмен істерден жоғары тұрады және асқақ істерге ұмтылады; дирхем, динар және күнделікті өмірдің тағы басқа да атрибуттарын жек көреді; әділеттілік пен оны жақтаушыларды сүйеді және тирания мен оны тудырушыларды жек көреді; өз адамдарыңа және жат адамдарға әділ, әділеттілікке бағыттайды және әділетсіздік құрбандарының шығындарын өтейді, ол ізгі және әсем деп түсінетін нәрселерді барлық адамдарға береді; әділетті, бірақ бірбеткей емес, әділеттіліктің алдында мінез көрсетпейді, бірақ кез-келген әділетсіздік пен төмен істерге қатысты қайтпастай мығым; өзі қажетті деп есептейтін нәрсені жүзеге асыруда батыл және ержүрек, үрейлену мен қорқақтықтың не екенін
1 білмейді. Әл Фараби осы қасиеттердің бәріне ие адамдар өте аз кездеседі ‘ дей келіп, олардың алтауы немесе бесеуі бойында бар және елестету қабілеті жағынан басқа адамдардан асып түсетін адам қала басшысы бола алады дейді.
Әл Фарабидің ойынша, айналандағы адамдар бақытсыз болса, жеке бақыт баянсыз: «…бір адам басқаның өмір сүруіне қажет нәрсенің бір бөлігін беру арқылы адамдардың бір-біріне көмектесуіне негізделген көптеген бірігудің нәтижесінде ғана адам табиғатынан маңдайына жазылған кемелденуге жетеді». Әл Фараби қайырымды қалаға қарсы қалаларды да сипаттайды: надан, азғын, адасқан, қажеттілік және тағы басқа қалалардың ортақ мақсаты жоқ, көздегендері бақытқа жету емес, өткінші байлық пен алдамшы рахатқа бөлену. Мұндай қалаларды алдап-арбау мен сұмдықтың неше түрі, моральдық құлдырау, нәпсіқұмарлық, мансапқорлық, билік құмарлық, надандық, діннен безушілік секілді ізгілікті адамға жат, тағылық қасиеттер жайлайды. Қала басшысы мұндай қала-мемлекетті тек күштің көмегімен басқарады, сондықтан олар әлсіз, болашағы жоқ, дамудың жоғары сатыларына жете алмайды
Бір қарағанда әл Фарабидің бұл ізгілікті қаласы утопия немесе қол жет- пейтін идеалды, мінсіз қоғам секілді болып көрінуі мүмкін. Бірақ осы модельдің өзінен біздің жас мемлекетімізге пайдалы көп нәрсені байқауға болады.
Мұсылмандық Шығыс дүниесінің тағы бір көрнекті өкілі, ХІ-ғасырда өмір сүрген ғұлама ойшыл Жүсіп Баласағұн еді. Ол өзінің негізгі туындысы «Құтадғу білікте» адам өмірі туралы өсиетін қалдыруға бекінеді. Жүсіп Баласағұн үшін адам баласы — дүниедегі ең басты құндылық. Адамды жаратушы алла тек оны ғана емес, ай мен күнді, күн мен түнді, аспан мен жерді, дала мен тауды, қол мен елді де дүниеге әкелді бірақтек адамға ғана теңіздейін телегей ақыл, білімге бой ұрдырар зерде қайырымды іс қылдырар ар-ұят пен намыс сыйлады. Баласағұнның ойынша, ендігі міндет — осы адам деген атақты жоғары ұстау, оған сай өмірі сүру. Ол өмірді адамға алланың берген қарызы деп түсінеді, осы өмірд мәнді кешкен адам ғана қарызын қайтара алады. Баласағұн Мәнді өмірге жетудің азапты жолында адамға серік болар төрт қасиетті — әділет, дәулет, ақыл, қанагатты бөліп көрсетеді және оларға Күнтуды, Айтолды Өгдүлміш, Одғұрмыш деген есімдер береді.
Баласағүн Дәулет-құт өткінші, тұрақсыз, бүгін бар да ертең жоқ, сондықтан адамды дәулетке шектен тыс қызығушылықтан сақтандырады; ол үшін адамға қанағат керек. «Құтадғу білікте» Қанағат-Одғұрмыш адамның мал жиыаудың соңына түскендігіне өкпелеп, қоғамнан бойын аулақ салады, Күнтуды-Әділеттің шақырғанына қайырыла коймайды. Бірақ Күнтуды Одғұрмыштан адамның уақытша осалдығына, бойындағы табиғи эгоизмді жеңе алмауына, мал-дәулет алдындағы солқылдақтығына кешіріммен қарауға, адамға деген өкпесін ұмытып, қоғамға оралуды, кісікиік болмауды талап етеді, адам қоғамда ғана бақытты, жалғыз өмір кешіп, өз қамын ғана ойлаған адамның соры қалың деп ескертеді.
Айтолдының өмірін мысалға ала отырып, Баласағұн тіршілікке алдан-бауға, дүниеге малданбауға үгіттейді. Мал-дүниесін жұртқа таратса да, өлімнен қашып құтыла алмаған Айтолды Өгдүлмішке өліммен адамшылық пен кісілік арқылы күрес деп өсиет қалдырады, «өлімді ойла, ұмытпа еш, сарала» дейді. Бұл өсиетті қазіргі адам да жадында ұстағаны дұрыс. Жалпы алғанда, Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білігі» өмірмәндік қағидаларға толы, әрбір адамға аса қажетті, құндылығы мәңгілік туынды.
Орта ғасырлық мұсылман дүниесінің тағы бір кернекті ойшылы -Кожа Ахмет Иасауи. Оның пікірінше, адамның мақсаты — кемел адам қалпына жету, ал кемелдік жолы — сопылық, алладан басқаны мойында-май, дүниені, бала-шағаны, нәпсіні тәрк етіп, тақуалық жолына түсу, жүректі оятып, алланы сүю, оған деген махаббат, ғашықтықтудыру. Бірақ аллаға ғашықтық жолында адамға кедергі болатын оның нәпсісі. Иасауи адамды нәпсіден без, оны еркіне жіберме деп үйретеді. Нәпсі адамға табиғатынан тән қасиет болғанмен, ол санаға тәуелді болмаса, адам оны саналы түрде реттеп отырмаса, нәпсі адамның түбіне жетеді. Иасауи нәпсіні кең мағынасында қолданады. Оның пікірінше, нәпсіқұмарлықтек тәнқұмарлық емес, билік пен байлыққа, өткінші қызыққа шектен тыс берілгендік. Нәпсіні тиып, алланы сүю жолына түскен адам рухани тазарады, сол арқылы өмірдің күйбең тіршілігінен жоғары көтеріліп, бойына имандылық, қанағат, адалдық. мейірімділік секілді адамгершіліктік қасиеттерді жинайды, сонда ғана шариғат, тариқат сатыларынан өтіп, хаки-қатқа — аллаға ұласуға жетеді. Шариғат алланы сүю туралы сүю туралы ілім, тариқат — адамның осы білімді жүзеге асыру жолындағы харекеті. Хақиқатқа жету қиын, бірақ оған ұмтылу, нәпсіні тиып, бойында аллаған махаббат пен имандылық қалыптастыру — әрбір мұсылманның міндеті дейді Иасауи.
Жазбаша философиялық шығармалар қазақта кейінірек пайда болды, ал оған дейін казақ халқы өзінің философиялық ойларын вербалъдік, ауызша формаларда бейнеледі.Түркі Қағанаты дәуірнде түркілердің төл жазу үлгілері болғаны қазір дәлелденіп отыр. Бірақ тарихи даму барысында көнетүркілік жазу мәдениеті бірте-бірте жоғалып, кешпелі халықтар өз мәдениетін кейінгі үрпаққа вербальдік формалар арқылы ғана жеткізіп отырған. Бұл құбылыстың жағымды да, жағымсыз да жақтары болды бір жағынан үлкен рухани жеңіліс, себебі тарихи тұлғалар, оқиғалар туралы мәліметтер жазылып алынбағандықтан, ұмыт бола бастады, нақтылықгың орнын аңыздар басты. Жазба әдебиеттен ауыз әдебиетіне көшудің жағымды жағына келетін болсақ, «бар алфавитінен айырылғанмен, халықтың ендігі сенері санасы, сезімі болды. Өлең, жыр, эпос, дастандар ел арасында ауызша тарап, соның арқасында ауыз әдебиетінің философиялық пайымдауларға толы небір үлгілері біздің заманымызға дейін жетіп, асыл мұрамызға айналдьқ
Тіл — адам рухының маңызды және жұмбақ жемісі, адамды ғана емесі жалпы өркениетті қалыптастыратын, оны түсінуге көмектесетін кілт. Тіл мен мәдениет халықпен бірге өмір сүреді, эволюциялық түрде дамушы этносты сипаттайтын – оның тілі мен мәдениеті. Демек, қазақтың шұрайлы мазмұны терең, сөздік қоры бай, өміршең тілін және оған деген қазақ халқының көзқарасын зерттеу арқылы оның дүниетанымын түсінуге болады.
Сөз өнерін қазақ ежелден аса жоғары бағалады, қоғамдық өмірдің қай саласында болмасын, қазақтың сүйеніші тілі мен сөзі болды. Қазақтың сөз өнері жай ғана ауызекі тілдің функциясымен шектелмей, дискурстық, яғни пайымдық, пікірталастық сипатта болды. Дискурс адамдардың арасында туындайтын мәселелерді күштің көмегімен емес, ақылға құлақ түре отырып пікір алысу мен пайымдауға жүгіну арқылы шешіп, субъектілер арасында түсіністік орнатады, жай келісім емес, әлеуметтік келісімге қол жеткізеді.
Бұл ерекшелік қазақ халқының шешендік өнерінен, әсіресе мал мен жан, жер мен жесір, ар мен намыс дауын қара қылды қақ жарып әділ шешкен дала соттары — билердің қызметінен жақсы байқалады.
Ауыз әдебиетінің философиялық тұрғыдан арнайы зерттелмеген қара өлең, қоштасу, жоқтау, аңыз және тағы басқа түрлері философиялық пайымдауларға толы жәңе бұл философиялық толғаныстардың басты объектілері — адам, өмір және қоғам.
Қоштасу мен жоқтау қазақтың салт өлеңдерінің ертеден келе жатқан, мазмұны жағынан қара өлеңге жақын түрлері. Қоштасу қазақта қалыптасқан дәстүр бойынша өлең-жырмен немесе нақыл сөзбен айтылған. Оның түрлері сан алуан: «жермен, елмен, өтіп бара жатқан дәуренмен, заманмен, өмірмен, артта қалып бара жатқан дүниемен қоштасу болады». Қоштасу өлендерінің осы аталған қай түрі болмасын өмір туралы толғауларға толы. Ерекше атап көрсететін бір нәрсе — қазақтың қоштасу елеңдерінде өлімнен қатты қорқу, үрейлену сезімі байқалмайды, өлімді өмірден болмей, заңды құбылыс ретінде түсіну басымырақ. Өз өмірін белгілі бір іске, мақсатқа арнаған, ісін жалғастырушысы бар, өміріне риза адам өлімді тайсалмай қарсы алады. Оның мысалын Наурызбай батырдың өлім алдындағы қоштасуынан көруге болады. Өмірін еліне арнаған, дүшпанда кеткен кегін алатын алатын інілері Сыздық-Жаппар бар батыр өлімін өкінішсіз қарсы алады. Ал әйгілі Әсет ақынның құрбысы Кемпір-бай ақынның қоштасу өлеңінен оны «аһ» дегізген өкініш сезіледі. Ауырып жатқан ақын өзінің сырын түсінетін Әсет ақын келгенде ғана басын көтеріп, ілулі тұрған домбырасын сұрайды да, қоштасу өлеңін айтады. Өтіп бара жатқан өміріне шолу жасаған Кемпірбай Әсет досына ең басты арманын, екінішін жеткізеді. Ол өкініш — ақындық ісін жалғастыратын ұрпағы жоқ. Өлім аузында жатқан Кемпірбай ақынды қинайтыны — баянсыз өмірді мәнді ететін сенімнің жоқтығы.
Қазақ ауыз әдебиетіңің өмір туралы толғаныстар көрініс тапқан тағы бір түрі — жоқтау. Өмірден өткен қимас адамына жоқтау айту қазақтың ертеден келе жатқан, қазір мүлдем дерлік ұмыт бола жаздап отырған салты. Жоқтауда өмірдің жалғандығы, баянсыздығы мен тұрақсыздығы қара өлен деңгейінде суреттеледі, өлімнің зандылығы да жоқтауда соз болады. Бірақоның мазмұнындағы маңыздырақ нәрсе — өмірмәндік мәселе. Жоқтау айтқан адам өмірден өткен асыл азаматтың өмірін, ерекше қасиеттерін, тындырған ісін, қоғамдағы орнын және қол жетпеген армандарын сипаттайды. Мамай батырдың шешесі Қараүлек айтқан жоқтау — қазақ жоқтауының классикалық үлгісі. Онда өзінен туған ұрпағын жоғалтқан ананың орасан зор қайғысы. жан азабы, күйзелісі мейлінше дәл суреттелген. Зар салып баласын жоқтаған ана бір сәт өзін жұбатады.
Азалы ананың көңіліне медет болатын күш — баласының үлгілі өмірі. Мамай елі үшін опат болды, онын өлімі жай өлім емес, ерлік өлім, елін жаудан қорғау — батырдың өмірлік мақсаты еді, ол сол мақсатына жетті. Казақтың басқа батырлары сияқты Мамай да өзінің адамгершілік келбетін сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде танытты, сондықтан да халықтың беделіне ие болды. Оның өзі әлсе де, ісі жұртының есінде мәңгі қалмақ. Мамайдың мәнді өмірі өлімге осылайша қарсы тұра алды, өлімнің оны жеңуі мүмкін ёмес. Қараүлек ананы жұбататын да осы ой. Өмірдің қай саласында болмасын қазаққа қорғаныш болған өлеңі оның өліммен күресінде де демеу болды. Жоқтау айта отырып көңілін басқан қазақ өмірден күдерін үзбейді, түпкілікті түңілмейді, өмірдің әлімнен күштілігіне сенеді.
Қазақ ауыз әдебиетінің тағы бір маңызды түрі — аңыз. Адам қоғамы пайда болғаннан бері өмір сүріп келе жатқан аңыз қоғам дамуының сатыларынан адаммен бірге өтіп, әлі күнге дейін қоғамдық сананың елеулі бөлшегі болып қалып отыр. Аңыз қашанда адамның өмір сүруін жеңілдету құралы болды деуге болады, мысал ретінде Қорқыт, Асан қайғы туралы аңыздарды және қазіргі заманғы аңыздарды атасақ жеткілікті. Қазақ аңызында Қорқыт ақылды, дан, еліне қамқор парасатты жан ретінде суреттеледі. Бұл тұрғыдан алғанда оны түркі жұртының философы деуге болады, себебі Қорқыт белгілі бір адамның немесе топтың, билік басындағылардың мүддесін қорғаушы емес, қарапайым адамдардың ақылшысы, сөзімен ғана емес, ісімен де өнеге көрсетуші, іс пен сөздің бірлігін қуаттаушы. Еш мінсіз, кемшіліксіз адам туралы қазақтың арманын осы Қорқыт бейнесін көреміз. Бірақ Қорқыт екі аяқты пенде, оны да адам тірлігінің шектеулігі толғандырады. Өлімді жеңудің жолы — өмірді мәнмен толтыру. Қорқыттың түсінігінше, жоғарғы мән — ар-иман. Қорқыт туралы аңыздардың қайсысында болмасын
ар-иман ұғымы міндетті түрде кездеседі, өмір өткінші, қай өмір болса да өліммен бітеді, бірақ ең басть сы — адамшылықты, ар-иманды сақтау.
Қазақ философиясының негізгі кезеңдерін және ауыз әдебиетіні түрлерінде жинақталган дуниетанымдық ұгымдарын тапдау арқылы қазақтың ұлттық философиясы жалпы қазақ халқының, оның әрбір өкілінің бойында қалыптасқанын, қазақ халңының басқа халықтар философкясынан еш кем емес философиялық дуниетанымы бар екенін айқын көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет