Бөж тақырыбы: Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазба деректер


Антикалық авторлардың еңбектері. Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата02.12.2023
өлшемі375,04 Kb.
#132203
1   2   3   4
Антикалық авторлардың еңбектері. Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы 
 
Ал Геродот болса, халықтардың шығыстан батысқа қарай кӛшуін айта келіп: 
«Солтүстік-шығыс Қазақстанды мекендеген аримаспылар исседондарды ӛз 
жерінен ығыстырып шығарды. Ал исседондар скифтерді отырған орнынан 
қозғады, ал киммериліктер скифтердің тепкісіне тӛтеп бере алмай, ӛз елін 
тастап кетті», — деп жазды. Геродот: «Осынау кӛші-қон біздің заманымызға 
дейін VII—VI ғасырларда жүзеге асты» деп кӛрсетеді. Исседондарға ерте 
темір дәуіріндегі Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениеті тән. 
Археологиялық зерттеулер Орталық Қазақстан, Жетісу мен Орталық Азияда 
табылған қару-жарақ үлгілерінің ұқсастығын анықтап берді. Тасмола 
мәдениетіндегі тайпалар (исседондар) сақ тайпаларының қуатты бӛлігін 
құраған.
Геродот келтірген «алтын қырыққан құзғындар» туралы аңыз Алтай 
ӛңірімен байланысты шықса керек. Себебі Алтай ӛңірі алтын кенішіне бай 
екендігі белгілі, онда алтынға бай аримаспылар Алтай баурайын мекендеген 
деп топшылауға болады. Ірі алтын кені бар Алтай ӛңірін, Зайсан кӛлі маңын 
аргиппей және аримаспы тайпалары мекендегенін археологиялық қазбалар да 
айғақтайды. Геродот Батыс псифтерінің Шығыстан кӛшкен далалық 
тайпалардың арасынан қолгендігін хабарлайды. Ал Шығыс Қазақстандағы 
сақтардың Берел, Пазырық, Шілікті қорымдары ежелгі ӛркениеттің қанат 
жайғандығын кӛрсетеді. Геродот сақтардың шӛптен шыққан буды 
пайдаланатыны туралы таңғала әңгімелейді. Геродоттың баяндауынан сақ 
тайпалары ішінен массагеттер мен исседондардың бір-біріне ұқсас тайпалар 
екендігін байқауға болады. Тарих атасының айтуынша, массагеттер Аракс 
(Сырдария) ӛзенінен шығысқа қарай исседондарға қарама-қарсы мекендеген 
ірі 
әрі 
күшті 
тайпа 
болған.
Бұл тайпалар жайлы Страбон еңбектерінен де табуға болады. Ертедегі грек 
географы әрі тарихшысы «География» еңбегінің авторы Страбонның (біздің 
заманымызға дейін 64 — біздің заманымызда 23 жылдары) мәлімдеуіне 
қарағанда, Каспий теңізінің шығысына қарай тұратындар массагеттер мен 
сақтар делінеді. Ал қалғандарын Страбон жалпылама скифтер деген атаумен 
береді. «Бірақ әрбір тайпаның дербес атауы бар. Олардың арасындағы 
барынша белгілілер: асиилер, пассиактар, тохарлар, сакаравилер. 
Массагеттер тек Күнді ғана Құдай деп санайды және оған құрбандыққа 
жылқы шалады… аттылы-жаяу жақсы жауынгерлер. Ұрысқа алтын белдік 
тағып шығады. Аттарына алтын жүген салады. Оларда күміс жоқ, темір аз, 
бірақ қола мен алтын ӛте кӛп. Егіншілікпен айналыспайды, қайта номадтар 
(кӛшпенділер), скифтер сияқты мал бағып, барлық аулап тіршілік етеді», — 
деп жазды. Бұдан Страбонның тарихи материалдарды кӛбінесе Геродоттікіне 
ұқсас 
екендігін 
аңғаруға 
болады. 
Скиф 
данасы 
— 
Анахарсис
Орталық Азия мен Қазақстан жерін мекендеген скифтердің шығыстан 
батысқа қоныс аударуы нәтижесінде Қара теңіздің солтүстік ӛңіріндегі 



скифтер мемлекеті пайда болды. Ал Қара теңіз жағалауы скифтері ӛз 
замандастары гректермен тығыз қарым-қатынас жасаған. Бұл аймақтағы 
тарихи байланыстар жӛнінде бірсыпыра анық мәлімет беретін «Тарихта» 
Геродот Скиф даласынан шыққан ғұлама Анахарсис туралы маңызды дерек 
қалдырған. Анахарсис Скиф жерінен Эллада еліне біздің заманымызға дейін 
594 жылы келеді. Оның шыққан тегі туралы алғашқы деректі Геродот 
былайша береді: «Ариапифаның сенімді кісісі, тыңшысы Тимнен естуім 
бойынша, Анахарсис әке жағынан Скиф патшасы Идантирстің ағасы болып 
келеді. Спаргапифтен Лик, Ликтен Гнур, одан Анахарсис туған». 
Анахарсистің басты мақсаты — Эллада еліне барып, мемлекет ісін, 
философия ғылымын игеру еді. 
Қытай саяхатшылары мен тарихшыларының жазбалары. Б.з.б. ІІ ғ. 
бастап Қазақстан тарихын зерттеуде қытай деректері айтарлықтай рӛл 
атқарады. Антик авторларына қарағанда, қытай авторлары жалпы алғанда 
Қазақстандағы жағдайды жақсырақ білетін еді. Қытай экспансиясының 
батысқа жылжуы Шығыс Түркістандағы, Қазақстан мен Орта Азиядағы 
жағдайды дәл білу қажеттігін туғызды. Бұл орайда халықтар мен 
тайпалардың мінез-құлқы мен ӛмір салты, саяси құрылысы туралы материал 
мақсатты түрде жиналды. Бұл ақпарат елшілердің, саудагерлердің, 
саяхатшылар мен миссионерлердің Орта Азия иеліктеріне жасаған 
сапарларының нәтижесінде, қытай әскерлерінің жорықтары кезінде алынып, 
жеткізіліп 
отыратын.
Қазақстан халықтары туралы алғашқы анық мәліметтер император У-ди 
(б.з.б. 140-86 жж.) батыс облыстарға жіберген тұңғыш қытай елшілігінің 
жетекшісі Чжан Цяннан алынған. Чжан Цянь «батысқа» б.з.б. 138 ж. және 
б.з.б. 115 ж. екі саяхат жасады. Олардың кӛздеген бір мақсаты сюннуларға 
(ғұндарға) қарсы Орта Азия тұрғындары юэчжилермен және Жетісу 
усундерімен одақтасуға қол жеткізу еді. Чжан Цянь ӛз миссиясы барысында 
жат жерліктердің шаруашылығының жай-күйіне, олардың әскерлері санына, 
қару-жарақтарына ерекше назар аударды, сондай-ақ олардың әдет-ғұрпының, 
мінез-құлқының, киім-кешегінің ерекшеліктерін жазып алып отырды.
Әулеттік тарихтар ішінде Қазақстан мен Орта Азия халықтары туралы 
кӛлемді және бағалы деректер Сыма Цянның (б.з.б. 145-86 жж.) «Тарихи 
жазбалар» («Шицзи») деген тарихи еңбегінің «Ӛмірбаян» бӛлімінің «Сюнну 
туралы хикая» және «Давань туралы хикая» деген екі тарауында, сондай-ақ 
Хань императорлары мен қолбасшыларының ӛмірбаяндық суреттемелерінде 
келтірілген. Мұнда Орталық Азия иеліктері, олардың ӛзара және Қытаймен 
қатынастары туралы маңызды мәліметтер жинақталған. Сыма Цянның 
еңбегінде аңызға айналған кезден бастап аса кӛрнекті тарихшы ӛмір сүрген 
кезге 
дейінгі 
бүкіл 
тарихи 
кезең 
қамтылады.
Б. з.-ң І ғ. Бань Гу жазып, оның оқымысты қарындасы Бань Чжао аяқтаған 
«Ежелгі Хань тарихы» («Цянь Ханьшу») еңбегі ортодоксалдық 
конфуциандық еңбектер қатарына жатады, ол тарихи шығармалардың жаңа 
жанрын – бір әулеттің басқару тарихын бастап берді. Қытай мен Орталық 


10 
Азияның б.з.б. ІІ ғ. бастап жаңа заманға дейінгі тарихы баяндалатын 26 
әулеттік тарихы Қытайдың бірегей тарихи мұрасы болып табылады. Бань 
Гудың шығармасында Орталық Азияның жат жерлік халықтары суреттелетін 
мәліметтерге «Сиюй чжуань» («Батыс ӛлке туралы хикая») деген арнаулы 
тарау бӛлінген. Осы тарихи-географиялық жағынан жаңа аймақты бӛліп 
кӛрсету қытайлардың географиялық білімінің кеңейгенін ғана емес, сонымен 
қатар Қытайдың сыртқы саясаты мен геосаясатында оған стратегиялық мән 
берілгенін де дәлелдейді. Хроникада Хань империясынан Орта Азияға 
апаратын негізгі жолдар кӛрсетіліп, оның этникалық топтары, олардың 
айналысатын жұмыс түрі, экономикалық және әскери жағдайы, Шығыс 
Түркістанның қалалары, олардың арасындағы соғыстар мен сауда, саяси 
одақтар суреттелген. Бань Гудың еңбегі 200 жылдай кезеңді қамтиды, онда 
Давань, Усунь, Кангюй, сондай-ақ Сюнну иеліктері туралы, оның ішінде 
сюнну билеушісі (шаньюй) Чжичжидің Солтүстік-Батыс Тянь-Шаньдағы 
иеліктері туралы мәліметтер бар. Алайда, Бань Гу ӛзінің еңбегінде ӛз 
кезіндегі оқиғалар туралы жазбаған, сондықтан оның еңбегі «Ежелгі Хань 
әулетінің 
тарихы» 
деп 
аталады.
V ғ. авторы Фань Е «Цянь Ханьшу» мәліметтерін толықтыра келіп, Бань 
Гудың еңбегіне баға берген. Фань Е Қытайдың сыртқы саясаты мен Орталық 
Азиядағы дипломатиясына, Қытайдың дәстүрлі «батыс» саясатының 
тұжырымдамаларына егжей-тегжейлі тоқталған. Бұл фактінің зор маңызы 
бар, ӛйткені ол Орталық Азия халықтары туралы материалдарды іріктеп 
алуға және олардың Қытай тарихнамасында кӛрсетілуі мен бағалануына 
ықпал жасады. Қытайдың феодалдық тарихында кӛршілес халықтардың 
тарихын баяндау ұлы хандық шовинизм мен қытайлық центризм тұрғысынан 
жүргізілген. 
1.Кӛне 
түрік 
жазбаларының 
ерекшелігі.
2.Күл-тегіннің, Білге қағанның, Тоныкӛктің құрметіне тұрғызылған
ескерткіштер.
3.Жетісу 
ӛңірінен 
табылған 
Талас 
эпитафиялары.
Кӛне түрік жазбаларының ерекшелігі. Біздің заманымыздың І 
мыңжылдығында ежелгі түрік және түркі тілдес тайпалар мекендеген 
жерлерден табылған кӛне түрік жазбаша ескерткіштерінің құны баға жеткісіз. 
Түрік авторлары жазған бұл жазбаша деректердің елеулі және даусыз екі 
қасиеті бар, олар – автохтондылығымен, яғни жергілікті сипатта болуымен 
және түпнұсқалығымен ерекшеленеді – автор ӛзінің кӛз алдында не болғаны 
немесе болғанынан кӛп уақыт ӛтпеген оқиғалар жайында, ӛзі жақсы білетін 
фактілер туралы жазған. Сол арқылы ежелгі түрік деректері түрік 
қоғамындағы этникалық, әлеуметтік және мәдени үрдістер туралы жат 
жерлік байқаушылар жазған мәліметтерге қарағанда неғұрлым дәл түсінік 
береді. Кӛне түрік жазба ескерткіштері табылған аймақтарға Сібірдегі 
Енисей, Лена ӛзендерінің алқабы, Монғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга 


11 
ӛзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сырдария 
бойында, Ертіс пен Іле қойнауы жатады. Орыс этнограф-ғалымы Н. М. 
Ядринцев 1889-жылы Монғолиядағы Орхон ӛзенінің құйылысынан қос тілдік 
жазуы бар ерекше үлкен екі тас тапты. Кейін біреуі Білге қағанға, екіншісі 
оның інісі Күл-тегінге қойылғаны белгілі болып, мазмұны толық анықталды. 
Бұл ескерткіштердің бір қырына Қытай иероглифтері ойылған, ал үш қырына 
ойылған жазу таңбалары «Сібір руналарына», Енисей бойынан табылған 
жұмбақ жазуларға ұқсас. Финн және орыс ғалымдары жүргізген арнаулы 
зерттеулер нәтижесінде Орхон және Енисей ескерткіштерінің нұсқалары 
(фотосурет, эстампаж) жинақталып жарияланған атластар жарық кӛрді. 
Күлтегіннің, Білге қағанның, Тоныкӛктің құрметіне тұрғызылған 
ескерткіштер. Деректануда Енисей мен Таластан ашылған ескерткіштердің 
зор маңызы бар. Ең алдымен түрік қағандары Күл-тегін (732) мен Білге қаған 
(735) құрметіне қойылған ескерткіштер – Кошоцайдам тас тақталарын атап 
ӛту керек. Бұл жазбалардың авторы, қаған әулетінен шыққан Йоллығ-тегін 
түрік тілінде жазған есімі бізге белгілі тұңғыш жазушы. Осы екі ескерткіш 
басқа да руна жазбаларының бәрі дерлік салыстырылатын ӛзінше бір 
ӛлшемге айналды. Тоныкӛк ескерткіші (716 ж.ш.), Күли-Шор құрметіне 
орнатылған ескерткіш (722), Онгин жазбасы қосылатын Кошоцайдамның 
мәнерлі мәтіні негізінен Шығыс Түрік қағанаты жӛнінде мәліметтер береді. 
Сонымен бірге оларда Қазақстан мен Орта Азияның батыс түріктері 
тарихының оқиғаларына қатысты маңызды естеліктер бар, оларға талдау 
жасау 
тарихи-геогорафиялық, 
тарихи-саяси 
және 
этнографиялық 
мәселелердің тұтас кешенін зерттеу жолдарын белгілеуге мүмкінді береді. Ең 
құндысы – «он оқ» (он жебе) халқы, түргештер, қарлұқтар, оғыздар, 
кенгерестер, 
Жетісу 
соғдылары 
туралы 
мәліметтер.
Ұйғыр қағанатының негізін салушылардың бірі – Елетміш Білге қағанның 
(747-759) құрметіне жазылған эпитафия болып табылатын Селенга тасы 
(Шине Усу жазбасы) орхон ескерткіштеріне жатады. Бұл ескерткішті 1909-
жылы финн ғалымы Г. Рамстедт Монғолияға жасаған саяхаты кезінде 
Селенга ӛзенінен оңтүстікке қарай, Могон Шине-Усу шұңқырынан тапты. 
Ескерткіштегі жазбаның басым бӛлігінде ұйғырлардың 742-744 жж. түрік 
қағанаттарымен жүргізген соғыстары туралы баяндалады. Сонымен бірге, 
ұйғырлардың тайпалық бірлестігіне билік еткен түрік-қыпшақтар туралы 
уақыты 
жағынан 
алғаш 
рет 
айтылады.
Терхин құлпытасы да (756) Елетміш Білге қағанға арналған және кӛп 
жағынан мазмұны Шине Усу жазбасынан асып түседі, кейде оған жолма-жол 
сәйкес келеді. Ескерткіште Алтай-Тарбағатай қарлұқтарының Жетісуға 
қоныстану уақытына қатысты мезгілі кӛрсетілген маңызды тарихи оқиға 
айтылады. Ежелгі түріктердің руникалық ескерткіштерінде кейін Қарлұқ 
және Қарахан мемлекеттерінде елеулі рӛл атқарған яғма тайпасының уақыты 
жағынан бірінші рет аталуы да құнды мәліметтердің бірі болып табылады.
VII-Х ғғ. деп белгіленген Енисей аңғарының жазбалары мен Суджа 
құлпытастарынан тұратын Қырғыз мемлекетінің ескерткіштері белгілі бір 


12 
ынта-ықылас туғызады. Енисей аңғарынан табылған бір эпитафияда 
қырғыздар жерінде ӛлген түргеш бегі туралы айтылады. Басқа бір жазбада 
түргештердің Қара ханына елші болып кетіп, қайта оралмаған атақты 
қырғызды жоқтау мәтінінің үзінділері бар. Бұл оқиғалар 744 және 756 
жылдарға жатқызылады. 
Жетісу ӛңірінен табылған Талас эпитафиялары. Батыс түрік 
қағанатының Жетісудан (Талас ӛңірінен) 1932-жылы табылған ескерткіштері 
елеулі мәдени-тарихи қазына болып табылады, оған қабірлерге қойылған 
құлпытастарға, теңгелерге, тұрмыстық заттар мен ағаш таяқшаларға 
жазылған 12 жазба жатады. С. Е. Малов, Х. Н. Оркун, А. М. Щербак, т.б. 
таяқшалардағы жазудың түркі руникалық таңбаларымен ұқсастығын 
кӛрсетіп, оны кӛне түркі тілінде оқып кӛрді. Бұл ескерткіштердің жоғарғы 
мерзімі VIII ғ., ал тӛменгі хронологиялық шегі VI-VII ғғ. шебі болуы 
ықтимал. Талас эпитафиялары «қара рудан» шыққан түргеш қағандары – 
Сұлық Шабыт-шора мен оның ұлы билік етен кезге (716-740 жж.) жатады.
Ежелгі түркі ескерткіштерінің ерте ортағасырлық Қазақстанның тарихи 
географиясы мәселелерін талдап шешуге айқын жарық беретін дерек 
ретіндегі маңызын бағалау қиын. Кӛне түркі жазба ескерткіштерінің тілін 
зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар – В. Томсен, В. Радлов, П. Мелиоранский, 
В. Банг, Г. Рамстед, А. Габэн, С. Малов және т. б. 
Кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы туралы араб деректері. 
Соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы үшін араб тілді деректер парсы 
және түркі тілді тарихнамаға қарағанда онша маңызы емес. Дегенмен, бізге 
қажет нақты мәліметтер белгілі бір дәрежеде айтылатын бірқатар араб тілді 
туындыларды 
кӛрсетіп 
ӛтуге 
болады.
XIV ғ. басында белгілі филолог, тарихшы және саяхатшы Жамал Қарши 
жазған «Мулхакат ас-сурах» («Ас-сурах сӛздігіне қосымша») деген тарихи 
шығармада Алмалықтағы түрік әулеті туралы егжей-тегжейлі мәліметтер 
келтіріледі. Монғол хандары мен олардың серіктері туралы қызықты 
деректер кездеседі. «Мулкахат ас-сурахта» XV-XVI ғғ. кейінгі авторлар 
Моғолстан халқын атаған «жете» термині бірінші рет айтылады.
Сол дәуірде жалпы түрік ортасында болған шаруашылық, әлеуметтік, 
этникалық және мәдени-тұрмыстық сипаттағы кӛптеген қыпшақ терминдері 
мен лексикалық айналымдар арабша түсіндірілетін немесе тура аударылып 
келтірілетін лингвистикалық еңбектер ерекше түпнұсқа деректер болып 
табылады. Бұл топтағы туындылардан 1245-жылы Мысырда құрастырылған 
«Китаб маджму тарджуман түрки ва аджамива мугули ва фарси» («Түрік, 
араб емес, монғол және парсы түсіндірме сӛздері жинағының кітабы») 
сӛздігін атап кӛрсеткен жӛн. Оның негізіне қыпшақ тілі алынған. Авторы 
беймәлім сӛздікте «үйсіз», «кезбе», «қуылған» деген мағынада, яғни 
этникалық емес, әлеуметтік сипаттағы «қазақ» термині тұңғыш рет 
айтылады.
Атақты саяхатшы Ибн Баттутаның (1304-1377) жол жазбалары – Дешті 
Қыпшақ тарихы жӛніндегі маңызды деректердің бірі. Ол 24 жыл (1325-1349) 


13 
саяхат жасап, Мысырда, Палестинада, Сирияда, Иракта, Үндістанда, 
Бенгалияда, Цейлонда, Қытайда, Ауғанстанда, Орталық Африкада болған. 
Ибн Баттутаның саяхаты суреттелген «Тухфат ан-нуззар фи ғараиб әл-амсар 
ва аджаиб әл-афсар» («Қалалардың ғажайыптары мен саяхат кереметтерін 
аңғаратындарға сыйлық») іс жүзінде оның шығармасы емес, оның 
әңгімелеріне 1356-жылы әл-Калби жасаған әдеби ӛңдеу болып табылады. 
Ибн Баттутаның Қырым арқылы Солтүстік Кавказ далаларына, Еділ 
Бұлғариясы мен Алтын Ордаға және сол жерден Хиуаға, Бұхара мен 
Ауғанстанға сапарын суреттеуінде құнды материал бар. Ғалым Астраханьнан 
Константинопольге барған, содан соң Алтын Ордаға қайтып келіп хан 
ордасы Сарайда болған, Алтын Ордадағы халықтың күнделікті тұрмысының 
кӛріністері, әлеуметтік құрылыс, шаруашылық, сауда жолдары, даладағы 
қоныстар мен қалалар және түркі халықтарының тарихына қатысты ӛзге де 
мәліметтері 
ерекше 
құнды.
Ибн Халдун (XIV-XV ғғ.) аса кӛрнекті араб тарихшылары қатарына жатады. 
Оның үш кітаптан тұратын «Ӛсиеттер мен ғибратты үлгілер кітабы» деген 
тарихи 
еңбегінің 
екінші 
кітабында 
мұсылмандардың 
шығыстағы 
мемлекеттерінің, соның ішінде Таяу Шығыс пен Орта Азияда билік еткен 
Қарахандар, Салжұқтар, Хорезмшахтар, Мәмлүктер, монғол әулеттері 
мемлекеттерінің тарихы баяндалады. Ибн Халдунның еңбегінде оғыздардың, 
қарлұқтардың, кимектердің, қыпшақтардың ерте ортағасырлық тарихы 
жӛнінде 
де 
нақтылы 
материалдар 
кездеседі.
Араб тарихшысы әрі әдебиетшісі Ибн Арабшах (XV ғ.) «Абжаиб әл-макдир 
фи наваиб Тимур» («Темір жасаған қасіреттердегі алдын алу кереметтері») 
деген еңбегінде Темір ӛмірінің түрлі кезеңдерін қадағалай отырып, әр түрлі 
елдер мен халықтар, соның ішінде Қазақстан туралы кӛптеген маңызды 
мәліметтерді хабарлайды. Кӛптеген жағдайларда кӛзбен кӛргендердің 
әсерлеріне 
негізделген 
бұл 
мәліметтердің 
құндылығы 
зор.
Салоникиде туған түрік тарихшысы Мунаджжим-баши (XVII ғ.) «Жами ад-
дувал» («Әулеттер жинағы») деген елеулі шығармасында араб, парсы және 
түрік тілдеріндегі деректерді кең кӛлемде пайдалана отырып, 1672-жылға 
дейінгі оқиғалардың тарихын қамтыған. Кітапта Алтын Орданың дәуірі, 
мұсылман әулеттері, орта ғасырлардағы мемлекеттер мен XIV-XV ғғ. 
Қазақстанның тарихи географиясы туралы маңызды материал бар.
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы туралы араб деректері авторларының 
кӛпшілігі ӛз баяндауларында бір біріне байланысты екенін кейде неғұрлым 
кейінгі авторлар ӛз мәліметтерін алдыңғы жазбаша деректерден алып, мұны 
еш жерде ескертпейтіндігін айтып ӛту керек. Ортағасырлық Шығыс 
авторлары құрастыру әдісін кеңінен пайдаланып, ӛз еңбектерінде жекелеген 
фактілерді анықтауда кӛрінеу қателіктерге ұрынады. Соған байланысты, 
ортағасырлық араб авторларының деректері қазіргі зерттеушілерден 
ыждаһатты деректанушылық жұмысты талап етеді. 


14 
Ерте орта ғасырлардағы қытай хроникалары Қазақстан тарихының 
деректері ретінде. Мин әулетінің билігі тұсында жазылған тарихи 
еңбектердегі 
Қазақстан 
тарихына 
қатысты 
мәліметтер.Ерте 
орта 
ғасырлардағы қытай хроникалары Қазақстан тарихының деректері ретінде. 
Ұлы Жібек жолының толысып гүлденуі Қытайда Тан әулеті билік еткен 
кезеңге (618-907) тұстас келеді. Орталық Азия халықтары, олардың тарихы 
туралы мәліметтердің үлкен кешені сол дәуірге арналған екі хроникада бар. 
«Тан әулетінің ескі тарихын» («Цзю Таншу») Қытайдың бӛлшектенуі 
кезеңінде – авторлар тобы, ал «Тан әулетінің жаңа тарихын» («Синь Таншу») 
Сун дәуірінде (1043-1060) Қытайдың кӛрнекті ғалымы әрі ақыны Суян Сю 
(1007-1072) бастаған авторлар ұжымы жазған. Тан әулетінің тарихы 
жӛніндегі екінші еңбек біріншісінен жаңсақтықтар мен қателер кӛп 
табылуына байланысты жазылған. Хроникаларда батыс түріктер, түргештер, 
олардың этногенезі, Батыс түрік қағанатының, Түргеш қағанатының құрылуы 
мен олардың ыдырауы туралы саяси тарих пен этнологиялық мәліметтер 
берілген. Қарлұқтар, олардың Жетісуда және Қазақстанның оңтүстігінде, 
сондай-ақ қазіргі Қырғызстанда орналасуы туралы қытай материалдары ӛте 
құнды. Ертедегі дәуір мен біздің заманымыздың VIII ғ. дейінгі Орталық Азия 
тайпалары мен олардың мемлекеттік құрылымдары тарихының негізгі 
арқауын нақ қытай деректері бойынша біршама толық жасауға болады, бұл 
әсіресе усундердің, кангюйлердің, ежелгі түріктердің, түргештердің, 
қарлұқтардың 
саяси 
тарихына 
байланысты.
Орталық Азияға саяхатшылардың жазбалары Тан әулеті билеген кезеңде де, 
ХІІІ ғасырда да ең басты дерек болып қала береді. «Синь Таншу» мен «Цзю 
Таншуда» Жетісуға Шығыс Түркістан қалалары арқылы жүріп ӛткен қытай 
саяхатшыларының желісі: Шу, Талас ӛзендерінің аңғарлары, Ыстықкӛл 
суреттелген. Алайда, олардың ішінде Буддаға тәуап етуші Сюань Цзан (596-
664 ж.ш.) қалдырған жазбалар мейлінше толық болып табылады. Ол жазған 
шығарма «Ұлы Тан әулеті кезіндегі батыс ӛлкесі туралы жазбалар» («Да Тан 
Сиюйцзи») деп аталады және Сюань Цзанның Орта Азия арқылы Үндістанға 
саяхатына арналған. Сюань Цзан Суяб, Науакет, Талас арқылы жүріп ӛткен. 
Ол қаған сарайын, түрік тайпалары мен т. б. тайпалардың кәсібін және әдет-
ғұрпын 
суреттеген.
Батысқа саяхат жасаушылардың жолжазба жанры монғол дәуірінде толыға 
түсті, бұл кезде қытайлардың география мен этнография бойынша түсініктері 
едәуір кеңейді. Бұл – «Сопы Чан Чунның Батысқа саяхаты туралы жазбалар» 
(«Чжан Чунь чжэнь және Си юцзи»). Чан Чунь Солтүстік Қытайдан Орта 
Азияға 1220-1224 жж. Шыңғыс хан жорықтары кезінде саяхат жасаған, 
саяхатшы Жетісу, Шу және Талас аңғарларымен жүріп ӛтіп, жергілікті 
тайпалардың мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысуын 
суреттеген. Басқа бір «Батысқа саяхат суреттемесін» билік етуші Ляо (қидан 
әулеті) үйінің ұрпағы Елюй Чуцай жазған, ол Шыңғыс хан Орта Азияға 
жорықтар жасағанда оған еріп жүрген еді. Елюй Чуцай монғол ханы жаулап 


15 
алған халықтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы, мінез-құлқымен жақсы таныс 
болған. 
Мин әулетінің билігі тұсында жазылған тарихи еңбектердегі Қазақстан 
тарихына қатысты мәліметтер. Қытайда жергілікті емес әулет бес жүз жылға 
жуық билік еткеннен кейін Мин әулеті орнықты (1368-1644). Орталық 
Азияда Мин империясы жыл ӛткен сайын күшейе түскен Жоңғар хандығына 
қарсы, Хэси қуысы және Тянь-Шань арқылы әмір Темірдің иеліктеріне дейін 
баратын Жібек жолының бір бӛлігін бақылау құқығы үшін күрес жүргізді. 
Қытай деректерінен «қазақ» этнонимі қытай мемлекетінің XVII ғ. алдындағы 
Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарына байланысты ғана табылды.
Қазақ хандығы құрылғанға дейін Қазақстанның жекелеген жерлері әр түрлі 
мемлекеттердің құрамына кіріп, Қытайдың Мин және Цин империялары 
иеліктерінің ұлғаюына қарай олардың сыртқы саяси байланыстары аясына 
тартылып 
отырды.
Аталған кезеңнің негізгі деректері мыналар: «Мин әулетінің тарихы» («Мин 
ши»), «Мин әулеті билік етуінің анық жазбалары» («Мин шилу») және «Мин 
империясына жалпы шолу» («Мин хой яо»). Қалған деректер: Моғолияға, 
Моғолстанға, Темір мемлекетіне және Орталық Азияның басқа да елдеріне 
қытай елшілерінің, барлаушылары мен жолаушыларының, кӛпестерінің 
жазбалары, ортаазиялық елшілер мен мұсылман кӛпестерінен алынған 
мәліметтер қосымша материалдар болып табылады. Сонымен бірге олар 
ӛңделген түрінде Қытайдың ең басты ресми еңбектерінің бәріне кірген, 
олардың ерекшеліктері – Мин империясы күйрегеннен кейін жазылғаны. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет