«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»КеАҚ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ИНСТИТУТЫ ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ
БӨЖ Тақырыбы: Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік топтағы адамдардың мүдделерін қолдау
Тексерген:
Орындаған: «6В05301-Химия» білім беру бағдарламасының
1-Курс студенті:
Алматы 2023 жыл
Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қатысты саясаттың тиімділігін бағалау үшін алдымен әлсіз әлеуметтік топқа жататын азаматтардың әр өңірдегі үлес-салмағын әр категория бойынша біліп алған дұрыс. Азаматтардың кей категориясы арнайы қамтамасыз етуді, ерекше инфрақұрылымды қажет етеді.
Алайда, ашық дереккөзде тек өңірлер бойынша ғана емес, жалпы ел көлемінде әлеуметтік әлсіз топтардың кей категориясы туралы ақпарат жоқ.
Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қатысты мемлекет ұсынатын қандай да бір мүмкіндіктер мен қызметтер туралы ұсынылған ақпарат та толық емес. Азаматтардың өзі бұл жағдайды қалай шешіп жүргенін, олардың ақпараттық жағынан қаншалықты хабардар екенін, тиісті көмекті қандай көлемде және қаншалықты сапалы алып жүргенін түсіну де қиын.
Әлеуметтік топтаптығы адамдар Олар: балалармен жас өспірімдер, көп балалы отбасылар,жастар оқушылар , студент жастар, мүгедектер, кәрі , кәрі жалғыз адамдар , жаңадан қоныстанушылар , Ішкі істер органдары мекемелерінде мерзімді уақыттарын өтегендер,жұмыссыздар.
Қазіргі экономикадағы дағдарыс, отбасыларына ауыртпашылық түсіріп тұр, отбасыларын әлеуметтік қорғау мақсатында 1993 жылдың 24 маусымында ҚР Министірлер Кабинеті №528-ші «Отбасыларына жәрдем ақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы қаулы қабылдады».
Онда отбасыларына төленетін төмендегідей жәрдем ақының түрлері қаралған.
-Бала туғанда берілетін бір жалғы жәрдем ақы;
-Балалары бар отбасыларына бірыңғай жәрдем ақы;
-Жалғыз басты аналарға;
-7 жасқа дейінгі төрт және оданда көп баласы бар жұмыс істеметйін аналарда;
-Мерзімді қызмет атқарылып жүрген әскери қызметшілердің балаларына жәрдем ақы.
Жастардың, жас отбасыларын әлеуметтік қорғауға :
-Оқушылар мен студенттердің темір жол транспортарының жеңілдікпен жүріп тұруы;
-Жас отбасыларыда нәрісте туған кезде берілетін несие ақша;
-Жас отбасыларына үй құрылысын немесе ұй сатып алуға байланысты берілетін несие ақша;
Әлеуметтік көмектің түрлеріне қосарым
-Пенсиямен қамтамасыз ету;
-Телефон, радио орнату және оларды пайдалану жөніндегі жеңілдіктер;
-Қоғамдық транспортта жүріп тұру жеңілдіктері;
-Жұмыс орнының жағдайы қаралған.
Кәрі және кәрі жалғыз қалған адамдар:
Кәрі және кәрі жалғыз қалған адамдар өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды. Бұл топтағы адамдардың мүддесін қорғайтын «Қазақ ССР-індегі азаматтарды пенсиямен қамсыздандыру туралы» Заңы бар болғанымен өте аз пенсия беріледі ,сондықтан оны да көтері керек деп ойлаймын.
Егер қария жалғызілікті деп, танылса, тіршілікке қарайласатын балалары болмаса, әлеуметтік күтушілер берілуі керек.
Жаңадан қоныстанушылар:
Соңғы жылдар елдегі саяси - әлеуметтік жағдайларға байланысты, көшіп келешілер, босқындарды әлеуметтік қорғау мәселесі туындады.
Оларға:
-Тұрғын-үймен қамтамасыз ету;
-Уақытша жәрдем ақы төлеу;
-Балаладың мемлекеттік жүйедегі мектептер пен бала бақшаларға орналастыру, Кәрі, зейнет ақы жабындағы азаматтар мүгдектер болса, зейнет ақы тағайындау.
Халықтың әлсіз әлеуметтік топтарына қатысты саясат әр категория тұрғысынан алғанда әртүрлі, ол бірнеше бағыттан тұрады. Атап айтқанда, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін төлем бар, оның өзі бірнеше деңгейден тұрады. Бұған қоса, білім беру және тұрғын үй саясатында белгілі бір жеңілдіктер бар, бірқатар медициналық қызмет түрі тегін көрсетіледі, бірқатар алым мен салықтан босатылады.
Тұрғын үй мәселесін шешу үшін 2019 жылдың маусым айында «Бақытты отбасы» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды, ол бойынша 20 жылға 10%-дық алғашқы жарнамен жылдық мөлшерлемесі 2% жеңілдетілген ипотека беріледі. Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан әлсіз топ өкілдеріне сатып алусыз әлеуметтік үйді жалға алуда басымдық беріледі.
2019 жылы елдегі әлеуметтік әлсіз топтардың ішінде мұқтаждардың саны 150 мың отбасынан астам болған.
Денсаулық сақтау саласындағы қызметке бірқатар қымбат медициналық процедура, көптеген дәрілік препараттар, стоматология қызметі және басқа да жеңілдіктер кіреді.
Дегенмен, әлеуметтік қамсыздандыру мәселесінде өңірлік фактордың да маңызы зор, көп нәрсе жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне байланысты. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында мүгедектер мен зейнеткерлердің санаторий-курорт жағдайында сауықтыру, түрлі даму және демалыс орталықтарына бару мүмкіндігі болса, өзге өңірлерде мұндай қызмет түрі көрсетілмеген.
Халықтың әлсіз әлеуметтік тобына жататындардың ішінде белгілі бір категориялар мемлекеттің тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқылы. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тек үй алып қана қоймай, өздеріне мейлінше қолайлы үйді таңдауға құқылы, ол үйдің арнайы құралдар мен жүріп-тұруға бейімделген болуын да талап ете алады. Мүгедектерге тиесілі қызмет түрлері тізімінде толыққанды өмір сүру үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету де бар.
Жетім балалар да кәмелеттік жасқа толғаннан кейін үй алуға құқылы.
Халықтың әлсіз әлеуметтік топтарына қолдау көрсету шаралары мейлінше анық-қанық жазылғанымен, олардың іс жүзіндегі тиімділігі туралы айту өте қиын. ҚР бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылы белгілеп берген халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарына қатысты атаулы әлеуметтік көмек жөнінде атқарушы органдардың ресми тәсілі туралы айтқаны да жағдайды қиындатып отыр.
Елдің әр өңірінде әлеуметтік әлсіз топтарды ұсынуды түсінудің өзінде қиындық кездеседі. Ашық дереккөзде ауыр созылмалы аурулардың кейбір түрімен ауыратын азаматтар саны туралы дерек жоқ, өңірлерге қатысты ақпаратты табу тіптен қиын. Мүгедектер туралы ақпарат бар болғанымен, өңір бойынша арнайы инфрақұрылымның бар-жоғы туралы ақпарат жоқ.
Еліміздің әр өңірінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарының әлеуметтік қамсыздандыру жағдайы әртүрлі, сондықтан олар алып отырған көмектің сапасы туралы айту қиын. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары бойынша қажетті инфрақұрылымды дамыту мәселесіне назар аударылып отырғанымен, басқа өңірлерде бұл мәселеге қатысты ақпарат ұсынылмаған.
Еліміздің әр өңірінде қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейін білу үшін бірыңғай ресурс, интерактив тақта керек, мұндай мәлімет мүгедектер бойынша ғана емес, қарттарға, ауыр дертке шалдыққандарға қатысты да болғаны жөн. Мұндай ресурс халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын азаматтары үшін де қажет, жағдайды түсіну үшін, ұсынылып отырған мүмкіндіктер туралы құлағдар болып отыру үшін де керек.
Қорытындылай келе, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қолдау көрсету саласындағы жағдайды жәй ғана түсіну үшін де ақпарат алудың күрделі екенін атап өткен жөн. Әлеуметтік көмек алатын категория саны – 11, олардың әрқайсы бойынша мемлекет жүзеге асырып отырған барлық қолдау түрі көрсетілген бірыңғай тізім болуы керек және оның халыққа түсінікті тілде жазылуы маңызды.