Бөж Тақырыбы: ««Қазіргі қазақстандық жастардың құндылықтарын әлеуметтанулық талдау» тақырыбында эссе-талқылау жазыңыз.» Пәні



Дата26.11.2023
өлшемі132,77 Kb.
#128466
Байланысты:
Әлеумет Диана


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы




Бөж
Тақырыбы: « «Қазіргі қазақстандық жастардың құндылықтарын әлеуметтанулық талдау» тақырыбында эссе-талқылау жазыңыз.»
Пәні: Әлеуметтану
Мамандық: 6B01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Орындаған: Таганиязова Диана
Топ: 210
Қабылдаушы: Сулейменов А.
Алматы қаласы
2023 жыл
Қазіргі заманауи жастардың білімі мен кемелді келешегі қазіргі кезде де қоғамды толғандыратын басты мəселеге айналып отыр. Қоғам өз құндылықтары мен мəдениетінің орнын бағалайтын кейінгі ұрпаққа қалдырғысы келеді. Қазіргі қоғамда тамаша тəрбиеленген, қабілетті, бастамашыл, дүниетанымы терең, көкірегі ояу ұрпақ қоғамның басты діңгегі болып тұрады. Сол себепті қазақ мəдениетіндегі адами құндылықтарды жетілдіру, эконимикалық өркендеу, даму əлем елдерінің арасынан лайықты орын алу секілді көкейкесті мəселелерді талқыға салған кезде осындай мақсаттарға қол жеткізуде жалынды жастардың шешуші қызмет атқаратынын естен шығаруға болмайды.
Қазіргі қазақстандық қоғамдағы құндылық мәселесі барған сайын танымал бола түсуде. Бұл, ең алдымен, құндылықтарды қайта бағалаумен және 90-жылдардың басында болған идеалдардың күрт өзгеруімен байланысты.менің зерттеуімнің тақырыбы жастардың құндылықтары, әлеуметтік институттардың, бұқаралық ақпарат құралдарының (батыс және отандық) жаңа Қазақстанның өскелең ұрпағының дүниетанымына, адамгершілік және мәдени мұраттарына әсері болды. Жастар — белсенді құндылық-жасампаз қызмет кезеңі, сондықтан мен зерттеу нысаны ретінде жастарды таңдадым. Жастардың белгілі бір объектіге деген оң немесе теріс көзқарасын өздері үшін қалай түзететінін анықтау қажет.
Қазақ халқы айтарлықтай тарихи жəне мəдени мұраға бай. Бүгінгі таңда Қазақстанның ішкі жəне сыртқы экономикасы шығыс жəне батыс мемлекеттерімен тығыз байланыста, осының нəтижесінде қазақ халқы өзінің мəдениетін барынша паш етті десек те болады. Міне, осындай тарихы бай халықты қазір көптеген Батыс жəне Шығыс елдерімен қатар шет мемлекеттер де мойындап жатыр десек те болады. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, қаншама тəуелсіздік үшін қуғын-сүргінге де, аштық-апатқа да шыдап аман- есен қалған қазақ елі, міне, өз тəуелсіздігіне қол жеткелі жиырма жылдың жүзі болды. Қаншама көкірегі ояу қазақ елі деген азаматтарымыз бен біртуар ұлы тұлғалар өмірден өтті.
Қазақ халқының мəдениеті сонау көшпенділерден бастау алатын салт-дəстүрімізді, əдет-ғұрпымызды, адамгершілік құндылықтарымызды болашақ ұрпаққа үлкен мұра етіп қалдырды. Сондықтан қазақ халқы қоғамында мəдениетіміз мəңгілік өмір сүруге ұмтылады. Қазіргі қайта жандану таңында жастардың мойнына үлкен міндет артылады. Өйткені жетпіс жыл өмір сүрген коммунистік дінсіз, рухсыз жүйе құлады, міне, сондықтан кəрі буын əлі де көптеген жылдар бойы ескі əдеттері мен идеяларынан арыла алмауы да мүмкін. Олар сол бетті бақытсыз-бақсыз «жоғалған ұрпақтың» құрбандары күйінде, үн-түнсіз тарих қойнауына сіңіп кете барады.
Қазіргі заманауи қоғамның жастары жаман əдетті оңай жұқтырғыш келеді. Тəрбиелі жастар бұл жағдайларға жол бермей, керісінше жағдайды уақтысында іске асырып, жақсы жақтарын өз бойларына сіңіре білуі керек, яғни қоғам жастары болашақты басқаратын жастар десек те болады. Жастардың тəрбиесі мен өмірге дайындығын қамтамасыз ететін бағдарлама мемлекеттің ең маңызды бағдарламасы болуға тис. Қазіргі қоғамда өскелең жас ұрпақты өз бетінше қалдыруға болмайды, оларды өркениетіміздің болашағына кепіл болатындай етіп тəрбиелеуіміз керек. Жас ұрпақты тəрбиелеуде бірінші орында тəрбиенің орны ерекше деп білеміз. Сондықтан қай орта- да болмасын жастарға тəрбие бере отырып, Қазақстанның болашағы осы жас ұрпақтың ақыл- парасатымен құрылып, өмір сүретін болады.
Ойшылдардың пікірі бойынша, бір ойлау жүйесімен басқа ойлау жүйесіне көшу үшін үш ұрпақ буыны ауысуы керек дейді. Заманауи жастардың рухани құндылықтарын бағалауы социалистік ойлау жүйесінен арыла алмай жүрген адамдар баршылық. Біреулер Батысқа қараса, енді біреулер Шығысқа қарайды, ал үшінші біреулер қайда қарарын білмей жүр. Қалыптасып отырған осы ахуал жастар тəрбиесіне салқынын тигізуде. Осыған орай, əр мемлекетте жерінің көлемі мен адами əлеуетіне қарап, олардың тəрбиесіне лайықты жағдай тудырады.
Қоғамның ең маңызды əлеуеті болып табылатын жастардың екі түрлі байлығы бар: олар – денсаулық пен уақыт. Жастар Алла сыйлаған осы екі байлықтың бағасын жақсы білуге тиіс. Уақыт деген өте бағалы нəрсе, оны зая кетіруге болмай- ды, ал оны зиянды іске, рухани азғындау жолына жұмсау – масқарашылық. Уақыт пен тəрбие ара- сында тығыз байланыс бар. Тəрбие – бұл уақытты қадірлеу жəне азға қанағат ете білу.
Тəрбие – жеке адамның тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру үшін мақсатты түрде жүргізілетін қоғамдық өмірдегі ең басты əрекет. Тəрбие – ағарту ісі мен оқытудың алтын арқауы. Əлемнің екінші ұстазы əл-Фараби «тəрбиесіз білім адамзаттың қас жауына айналады» деп, тəрбиенің дүниетаныммен, білім берумен, ағарту ісімен бетбұрыс əрекет екенін жоғары бағалап, оның ғылыми, əлеуметтік мəнінің зор екенін дəйекті дəлелдеген. Жеке тұлғаны өмірге бейімдеп, жан-жақты дамыта даярлау үшін бұл қасиетті əрекетке жеке адам, ұжым, топ, жалпы əлеуметтік жауапкершілікпен қатысады. Сонымен қатар тəрбиеге халық тəжірибелері əдебиет, өнер, кино, радио, теледидар, табиғат мүмкіндіктерін пайдалануға да болады.
Егеменді ел болған біздің көп ұлтты мемле- кетімізде тəрбие ісіндегі еркіндік тəрбие- леушілердің жаңаша іс-қимылдық əрекеті мен тəлімдік тəжірибелері қоғамдық өмір қолда- нысына айналуда. Бұл жағдайда қоғамдағы қалыптасқан ұлттық тəрбиеге көңіл бөлініп, этностық мəдениеттің тəрбие негіздері екендігін мойындау, əдептілік дəрістері, этнопедагогика мен этнопсихологиялық ғылым болып жүйеленуі, пəн болып оқытылуы тəрбие тарихындағы дамудың саннан сапаға айналу кезеңі болып табылып отыр. Өйткені қайта құрылған нарықтық үнем қоғамында, өркениеттік, демократиялық құрылыс үшін күрес кезеңінде халықтың, даналардың, ғалымдардың ғасырлар бойы қалыптастырған тəлімдік мұраларын сараптай саралап, оның озық үлгілерін одан əрі дамыта пайдалану қажеттілігі арта түсуде. Мысалы: «имандылық» сияқты ұлттық дəстүрдің бұрынғы қолданысы қарама- қайшылыққа ұшырап, дамытыла қолданылатын қазіргі жəне келешек қолданысы бар əрбір тəрбиеші мен тəлімгердің іс-əрекеттегі біліктілік парасатынан айқын көрініп тұрады.
Тəрбие мақсатындағы негізгі қағида өткен өркениет нысандарды қабылдау, жеткенге қанағаттанып, тоқтамай, болашаққа баратын жолды айқындау, өсудің биіктеу мен құлдырау шектерін сараптай біліп, келешекке көрегендікпен «көз» тастау екенін əрбір салауатты адам салта- натты ой парасатымен бағалай білуі тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет