Бөж тақырыбы: Әлеуметтану теорияларына кіріспе Орындаған


Әлеуметтік тәжірибиедегі себеп-салдарлық байланыстар



бет4/6
Дата13.04.2023
өлшемі38,72 Kb.
#82037
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
алеумет 2

2. Әлеуметтік тәжірибиедегі себеп-салдарлық байланыстар. Жеке мектептер мен бағыттардың дамуы. (О.Конт, Э.Дюркгейм, Г. Спенсер,)Социологияның алғаш негізін қалаушы француз ойшылы Огюст Конт (1798-1857). Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияның негізін салушы болып есептеледі. Оның 1830-шы жылдары «Позитивті философияның курсы» деп аталатын алты томдық еңбегі жарық көрді. Осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары айтылады, оның үшінші томында алғаш рет Конт «социология» деген ұғымды енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеу мақсатын қойды. Ол социология фактіге негізделуі керек және ол әлеуметтік құбылыстарды жаратылыс ғылымындай тәжірибелік және аналитикалық зерттеу қажет деген. 19-ғ. 20-ғ. Басындағы батыс еуропаның көшбасшы социологтарының шешуші идеялары. Бірінші, теологиялық сатыда адам құбылыстарды діни негізде түсіндіреді. Ал екінші, метафизикалық сатыда діни негіздерден бас тартады да, құбылыстарды белгісіз абстрактілі мәндер, себептер арқылы түсіндіре бастайды. Үшінші, позитивтік сатыда адам алғашқы екеуінен бас тартып, дүниені түсіндіруде нақтылы бақылаулармен шектеліп, тұрақты байланыстарды анықтауға негізделеді. Позитивтік ойлау алғашында математикада, физикада, астрономияда қолданылады деп көрсетеді. О.Конт қоғамдық прогрестің шешуші факторы ретінде адамның рухани дамуын, ақылының дамуын көрсетеді. Социология ғылымының негізін салып, оны дамытудағы Конттың рөлін анықтайтын болсақ, біріншіден, ол алғаш рет қоғамтануда ғылыми тәсілді қолданды. Социологияны әртүрлі эксперименттерге, бақылауларға негізделетін ерекше ғылым ретінде анықтады. Үшіншіден, социология ғылымында эмпирикалық зерттеулерді жүргізу мәселесін көтерді. Ғылыми білім қоғамның дұрыс дамуы үшін қызмет ететініне Конт кәміл сенді.
Рөлдік тұжырымдама Американың әлеуметтік психологиясында ХХ ғасырдың 30-шы жылдары пайда болды. Оның ірі өкілдері Кули Чарльз Хортон (1864-1929ж.ж.), Мид Джордж Герберт (1863-1931ж.ж.), т.б. Кули Ч.Х. «шағын кіші» топтар теориясының негізін салушылардың бірі, оның «Зеркальное я», «Человеческяая природа», «Социальный порядок» (1912ж.), «Социальная организация» (1909ж.), «Социальный процесс» (1918ж.), «Социологическая теория», «Социальное исследование» (1930ж.) деген еңбектері бар. Кулидің жалпы әлеуметтік теорияларының негізінде әлеуметтік ұйым және сананың әлеуметтік процестерді қалыптастырудағы шешуші рөлін мойындау жатыр.
Ал, Мидтің әлеуметтану теориясының пайда болу негізінде өткендегі болған әрекет, оқиға (қысқаша «акт») ұғымы жатыр. Бұл акт ұғымы әрекеттеуші субъектінің шынайы өмірді қабылдаудағы ерекшелігін анықтайды. Мидтің пікірінше, әрекет етуші субъект кең мағынада физикалық «субъект», «тірі форма», «әлеуметтік мен» («я») ретінде қарастырылады. Объектілер ұғымының мазмұны, Мидтің пікірінше, индивидтің өткендегі барлық ерекшелігімен сипатталатын тәжірибесі. Осыған қарай объектілер индивид пен олардың арасындағы қатынастарды бейнелейді.
Ч. Кули мен Дж. Мидтің бұл теориялары әлеуметтанудағы әр түрлі ағымдарға кең тараған. Оның ішінде тұлғаның рөлдік тұжырымдамасын Т. Парсонс өзінің әлеуметтік-функционалдық талдау теориясында көп қолданды. Жалпы тұлғаның рөлдік теориясы тұлғаның бейімделу процесін көп дәріптей отырып, оның белсенді, творчестволық жағын жоққа шығарады.
Ч. Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы адамдармен алуан түрлі қарым-қатынастар мен байланыстар негізінде болады деп тұжырымдады. Осылардың негізінде адам өзінің «айналадағы мен» деген имджін жасайды. Ол үш элементтен құрылады:
А) жұрт мені қалай қабылдайды;
Ә) жұрт менің сыртқы түріме қалай әсер етеді;
Б) мен жұрттың тигізген ықпалына қалай жауап беремін.
Бұл теория біздің қоғамдық пікірді қалай қабылдап, оған қалай жауап беру керектігін түсіндіреді.
Джордж Герберт Мид тұлға өзінің «менін» қалай алға дамытатынын түсіндіруде тіпті тереңдеп кетті. Кули сияқты Мид тұлға, яғни «мен» деген ұғым әлеуметтік дамудың жемісі, ол өзі сияқты адамдармен әр түрлі қарым-қатынас, байланыстар негізінде қалыптасады деп санайды.
Жас бала біреудің мінез-құлқының себебін түсіндіре алмайды. Тек қана өзінің мінез-құлқын ойлау арқылы жас бала өмірде бірінші қадам жасайды. Өзін «ойлауды» үйренгеннен кейін ол басқа адам туралы ойлай алады, сол рақылы өзінің «менін» сезіне бастайды.
Мидтің пікірінше, адамның тұлғаға айналу процесі үш түрлі сатыдан тұрады.
Бірінші иммитация. Бұл сатыда балалап үлкен адамдардың мінезіне еліктейді, бірақ, оны түсінбейді. Кішкене бала үйдің еденін жумақшы болып, өзінің ойыншық шаңсорғышымен бөлмеде жүреді.
Екінші, ойын сатысы. Бұл уақытта кішкене бала өзінің
Англияда социология ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820-1903) есімімен байланысты. Жас кезінен ғылым жолында түскен (темір жол инженері) Г.Спенсер, Дарвинның эволюциялық теориясының ықпалымен, эволюция үрдісімен айналысады. Ол эволюция теориясын дүниенің барлық салаларын түсіндіру үшін қолдануға болады деген қорытындыға келді. Спенсердің социологиясының аса құнды жағы – «Әмбебап эволюция заңы». Спенсер еңбектерінің қоғамды зерттеуде жемісті нәтижелері мол. Оның бірі – әлеуметтік институттардың 6 түрін көрсетуі (үкімет, кәсіби, саясат, дін, білім, отбасы). Сонымен бірге Спенсер социологиядағы құрылымдық – функциялық тәсілдің негізін салды. Ол қоғамды ерекше дискретті организм ретінде қарастырады (дискретті – лат. Discretus) деген сөзінен шыққан «жеке бөліктерден құралған» деген мағынаны береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет