4. Рөлдік теориялар Қорыта айтқанда, қандай да бір қоғамда адамның әлеуметтік жүйедегі орны бар. Ал, қоғамның адамға белгілі бір талап қоюы оның әлеуметтік рөлінің мазмұнын, мәнін құрайды. Сонымен, әлеуметтік рөл дегеніміз, әлеуметтік дүйеде белгілі бір статусы бар адамның орындайтын іс-әрекетінің жиынтығы
Әрбір статус бірнеше рөлдерден құралады. Нақтылы статустан шыққан бірнеше рөлдердің қосындысын рөлдер жиынтығы (набор) деп атайды. Әлеуметтік рөл рөлдік тосу, күту, үміт ету және . мінез-құлық болып екіге бөлінеді.
Рөлдік тосу, күту, үміт ету (ожидание) – бұл ойын ережесіне сәйкес нақтылы рөлден бірдеңені үміт ету, тосу, күту, ал, рөлдік тәртіп дегеніміз, адамның өзінің рөлі шеңберінде белгілі бір міндеттерді атқару. Күнделікті өмірде адам бір рөлді алып, осыған байланысты құқықтар мен міндеттерді анық түсінеді, бұдан іс-әрекеттің, жұмыстың жобасын, оларды атқарудың реттерін біледі және өзінің мінез-құлқын айналасындағы адамдардың мүдделерімен сәйкестендіреді.
Әлеуметтік рөл – бұл мінез-құлықтың нұсқасы, қоғамдық жүйедегі және тұлғааралық қатынастағы тұлғаның объективті берілген әлеуметтік ұстанымы. Рөлдердің жиынтығын рөлдік жүйе дейді. «Рөлдік жиынтық» ұғымын Р.Мертон анықтады. Әлеуметтік рөлдер адамға заң немесе басқа да құқықтық актілер арқылы формальды бекітілуі мүмкін, және ол көптеген моральдық тәртіп нормалары арқылы формальды емес болуы да мүмкін. Әлеуметтік рөл рөлдік күтіліс пен рөлдік мінез-құлыққа бөлінеді. Рөлдік күтіліс «ойын ережесіне» сәйкес рөлді күтеді, ал рөлдік мінез-құлықты адам өз рөлінің шеңберінде нақты орындайды. Адам кез келген уақытта қайсыбір рөлді өзіне алғанда онымен байланысты құқықтары мен міндеттерін нақты түсінетін болады, әрекеттердің нобайын және бір ізділігін біледі, сөйтіп өзінің төңірегіндегі адамдардың күткеніндей өз жүріс-тұрысын құрады. Осыған орай қоғам бәрінің дұрыс орындалуын қадағалап отырады. Сол үшін әлеуметтік бақылаудың тұтас жүйесі – қоғамдық пікірден заң қорғау органдарына дейінгі және соған сәйкес әлеуметтік тыйым жүйесі – бетіне басудан, айыптаушылықтан күштеп тоқтатуға дейінгі қамтыған.
Қоғам бұл мәселеде әр уақытта «осылай болу керек» деген қағиданы басшылыққа алады. Осыған сәйкес қоғамда бақылау жүйесі орнаған. Ол қоғамдық пікірден тәртіп сақтау органдарына дейін бар және осыған орай қоғамдық-әлеуметтік санкция жүйесі орнап, қызмет арқарады. Ол адамды ұялтып бетіне басудан (порицание), кінәлаудан, айыптаудан (осуждение), күштеуге дейінгі шараларға барады.
Қорытынды.
Қорытындылай келе жаратылыстық дүниені эволюциялық түсіндіру білімінің барлық салаларына бойлады. Жаратылыстық сұрыптау заңы және өмірді организмнің қоршаған ортаға бейімделу процесі ретінде түсіну осы заманғы биология мен психологияның өзегіне айналды. Эволюциялық философия сөзсіз кеңейіп, адам өмірінің әлеуметтік құбылыстарын да қамтуға тиіс болатын. Тіршілікті протоплазмадан адамға дейін зерттеп шыққан ғылым оның ішкі құрылысын түсіндірумен шектеле алмайтын еді. Ол оның толып жатқан сыртқы қатынастарымен, этностық топтармен, адамдардың жаратылыстық қоғамдарымен және оларда байқалатын барлық құбылыстармен танысып, сондай-ақ соның бәрі бүкіләлемдік эволюцияның нәтижесі емес не деген мәселелерін зерттеуге тиіс болатын.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Тұрғынбаев Ә. Х. Социология. Алматы – 2019– 160 б.
Булатова А.Н., Исмагамбетова З.Н. Курс лекций по социологии. Алматы – 2018. – 284 с.
Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану. Оқулық – Алматы: Қарасай, 2018ж.
Рахметов Т. Социология Алматы 2019ж.
Сорокин П. Человек. Цивилизация. Общество. Москва 2017г.