4)Адамдарды сендіру көңілсіз де қиын нəрсе, тіпті керегі жоқ та болуы мүмкін. 5) Өзіміз үшін өте маңызды əрі қажетті, өзіміз шын қастерлейтін жəне сүйетіннің бəрін біз сирек мақтаймыз 6) Тағдыр, əсіресе, идеалдар мен ажалды бейбақтардың сəуегейліктерін тəлкек етуге құмар – жəне дəл оның ұлы данышпандығы да осыдан сезілетін тəрізді. 7) Адамдарды, өмірді, əлемді білсек деген құлшынысымыз – солай жасауымызға кедергі болып жүр. 8) Данышпанның ақымақтықты ақтап алғанынан гөрі ақымақтың данышпанды жұрт алдында бар абыройынан жұрдай етуі əлдеқайда жеңілірек 9) Ең маңызды да, мəнді ойлар, жаңалықтар өмірге сөзкөйлексіз жалаңаш келеді: оларға лайық сөз табу – ерекше, өте қиын іс, бүтін бір өнер. 10) Жарық адамның сұлулыққа деген көзін ашады – бірақ ол, сол сияқты, сиықсыздықты да əшкерелеп береді. 11) Біздің өзімізге де күмəнді көрінген пікірлердің өзі туралы тым кесімді сөз айтып, жəне, тіпті, оны ақиқат деп тануды талап етіп тұрып алатын 12) Кекірік адамның ең асқақ ойларын күрт үзеді. Бұдан қажет болса, белгілі бір қорытынды шығаруға болар еді, бірақ, қажет болса, ешқандай қорытынды шығармауға да болады.
13) Жаңа ойлар, тіпті өз ойларың болса да, бірден ұнамды бола кете қоймайды. Алдымен оларға үйренісу керек. 14) Байбалам салу арқылы адам жанының кез-келген қажетінің аузына уақытша құм құя тұруға болады. 15) Біз өміріміздегі аса қиын сəттерде – көп ойланамыз, ал еріккенде – қолға қалам алып, жазуға кірісеміз. 16) Данышпандар ақымақтардан артық білмейді: олардың бойындағы ержүректік пен өзіне-өзі сенімділік қана артық.
Пайдалынылған әдебиеттер: Философия : Жоғарғы оқу орынарындары студенттеріне арналған оқулық// құрастырған Т. Ғабитов аударған
Б. Сатершинов –Алматы: Қаржы-Қаражат , 20002—352 б
Философиялық сөздік. —/ Редокл:Р.Н. Нұрғалиев, Ғ.Ғ. Ақмамбетов ж.б. –Алматы, 1996-480б.
Байсенов Қ.Ш. Философия тарихы: Оқулық.-Шымкнет, 2005—452б.