«Астана медицина университеті» КеАҚ В.Г. Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Иммундық реактивтіліктің типтік бұзылыстары. АИТВ инфекциясы мен ЖИТС патофизиологиясы.
Орындады: Жарқынбек Ж. Б.
Топ: 319 ЖМ
Қабылданды: Бегларова Г. Е.
Астана 2022
ГЛОССАРИЙ
Иммунды тапшылық жағдайлары мен иммунды тапшылық — ағзаның иммундық жүйесінің бөгде антигенді жою және ыдырату реакцияларын жүзеге асыруға тиімділігінің төмендеуімен немесе қабілетсіздігімен сипатталатын ИББ (иммунобиологиялық бақылау) жүйесі патологиясының типтік формалары.
Иммундық реактивтілік – организмнің антигеннің әрекетіне арнайы жасушалық және гуморальды реакциялармен жауап беру қабілеті.
И ммундық тапшылығы— иммундық жауаптың бір немесе бірнеше механизмдерінің ақауына байланысты иммундық күйдің өзгеруі
Салдарлық немесе жүре пайда болған иммундық тапшылық-депжарық дүниеге келгеннен кейін, тектік құрылымдардың өзгерістеріне тікелей байланысты болмай, сыртқы немесе ішкі ықпалдардың әсерінен дамитын организмнің иммундық қорғанысының бұзылуы.
Иммунопатология-иммундық жүйенің өзіне тән қорғаныс функцияларын орындай алмауы.
Патологиялық резистенттілік- бұл иммунобиологиялық бақылау жүйесінің бөгде антигендерге "төзімділігінде" жатыр, бұл бактериялардың, вирустардың, қатерлі ісік жасушаларының антигендеріне қатысты көрінуі мүмкін.
Аутоиммунды үрдіс— қалыпты және патология жағдайында аутоантигендер тудыратын иммундық жауаптың бір түрі.
Трансплантацияға қарсы рецепиент реакциясы-реципиентке құрамында иммуноциттер бар донорлық тіндерді (мысалы, сүйек кемігі, көкбауыр, лейкоциттер массасы) трансплантациялау арқылы реципиенттің иммундық жүйесінің тіндері мен мүшелерінің зақымдануы және осыған байланысты иммундық тапшылықтың дамуы.
Спецификалық емес резистенттілік-организмнің эволюция процесінде дамыған, ағзаны бірінші болып қорғайтын механизмдермен бөтен агенттердің әрекетіне қарсы тұру қабілеті.
Аутотолеранттылық-ағзаның аутоантигендеріне реактивтіліктің болмауы, бұл оның жасушалары мен тіндеріне сәйкес өмір сүру қабілетін анықтайды.
Аутоиммунды аурулар-бұл адам ағзасының иммунитет жүйесінің функцияларын бұзумен байланысты аурулар, олар өз тіндерін бөтен деп санап, оларды зақымдайды
Жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы( ЖИТС)-адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған және инфекциялардың, қайталама ісіктердің және неврологиялық бұзылулардың дамуына әкелетін терең иммуносупрессиямен сипатталатын ауру.
Оппортунистік аурулар- қорғаныс күштері төмендеген кезде қоздырғыштары қайта белсендірілетін аурулар (мысалы, қатерлі ісік кезінде). Бұл жалпы иммун тапшылығының белгілері.
А ИТВ-инфекциясы-бұл ретровирус тудыратын созылмалы прогрессивті адам ауруы, онда иммундық жүйе зардап шегеді және оппортунистік және қайталама инфекциялардың, сондай-ақ қатерлі ісіктердің дамуына әкелетін иммунды тапшылық жағдайы қалыптасады.
Дегдар бақылаушылар- антиретровирусты терапия жүргізбегеннің өзінде вирус титрі төмен не мүлде анықталмайтын адамдар тобы.
Иммунопатологиялық процестер – бұл иммунитеттің бұзылуы нәтижесінде дамитын дененің реакциясы. Көп жағдайда олар тиімді иммундық жауапты қамтамасыз ету үшін қажетті бір немесе бірнеше механизмдердің ақауының немесе сарқылуының салдары болып табылады.
Иммунотерапия – науқастың иммундық жүйесін көтеруге бағытталған ем түрі. Оның мақсаты ағзадағы лейкозды агентке иммунологиялық тұрақтылықты жойып, лейкоз тіндерінің өсуін бақылайтын және басатын иммунологиялық жауапты белсендіру.
Пайдаланылған әдебиет: