БӨЖ Тақырыбы: Жаратылыстануды оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері
Орындаған: Әділқұл З
Қабылдаған: Ақынова Л
2023ж
Жоспар
Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні педагогикалық ғылымдар саласына жатады, сондықтан пәннің құрылымы оқытудың жалпы білім беру және тәрбиелеу міндеттеріне сай түзіледі
Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты білім беру және тәрбиелеу процестерінің жүйесіне кіреді. Бұл жүйені меңгеру мұғалімнің Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәндерін тәрбиелеп оқыту процестерін басқаруына мүмкіндік береді. Жаратылыстануды оқыту әдістемесі оқытудың мазмұны мен ерекшеліктерін ескере отырып, бастауыш мектептегі барлық пәндерді оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі.
Білім беру ісі әрқашанда бастауыш білім сатысынан басталады. Білім берудің негізі – бастауышта, яғни бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.Соның ішінде ― жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні тұлғаның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосады. Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні негізінен үш блокты: «адам», «табиғат»,
«қоғам» ұғымдарын бірлестіретін пән болып табылады. Яғни ―өмір әліппесі болып саналған ― «жаратылыстануды оқыту әдістемесі» пәні бастауыш сыныпта жаратылыстану пәндерінің негізін қалайды.
Жаратылыстануды оқыту әдістемесі– оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда педагогикалық әдістермен қоса нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірітабиғаттың күрделі құбылыстары мен дамуын сипаттайтын әдістер де қолданылады.
Сонымен бірге оқыту әдістері – практикалық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, эксперименттер, тәжірибелер, арнайы көрнекіліктер қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл ерекшеліктер мектепте оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекше формаларын қолдануды талап етеді (топсеруендер, оқушылардың өз бетінше, сабақтан тыс және үй жұмыстарын, сыныптан тыс орындалатын жұмыстар т.б.). Мұндағы ерекше оқыту формаларын жүргізу әдістемесі осы пәнде қарастырылады.
Бұл пәннің мазмұны және өзіндік ерекшеліктері, оқытудың әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін де анықтайды.
Жаратылыстануды оқыту әдістемесі сабақтарында табиғат құбылыстарының бір-бірімен байланысын, тірі және өлі табиғат заңдылықтарын оқып-білу оқушылардың ғылыми, диалектикалықматериалистік көзқарастарын қалыптастырады.Сондықтан да болашақ бастауыш мектеп мұғалімі ― Жаратылыстану пәніне қатысты барлық білімдер мен білік-дағдыларды толық меңгеруі қажет.
Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні көптеген ғылым салаларымен байланысты. Ең алдымен студенттер мектеп курсында өткен табиғаттану, ботаника, жануартану, тәнтану, тіршіліктану , астрономия және т.б. пәндерінен алған білімдеріне сүйенеді.Сонымен қатар ― Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні бұрынғы курстарда оқылған жаратылыстану негіздері және физиология пәндерінен білім негіздерін пайдалана отырып оқытылады, гуманитарлық пәндердің көзделген мақсаттарын сәйкестендіреді.
Жаратылыстану пәні мынадай: педагогика, психология, валеология, мектеп жасындағы балалар физиологясы пәндерімен тығыз байланыста оқытылады. Осы білім негізінде дүниенің даму заңдылықтарын түсінетін жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.
Жаратылыстану пәні болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдіру үшін енгізілді. Бұл пәннің теориялық негізі студенттер оқыған жаратылыстану циклі мен педагогика және психология пәндері болып табылады. Бұл пәннің көп бағыттылығы, көп пәнділігі және олардың арасындағы пәнаралық байланыс, оқытудағы жүйелілік және болашақ ― «Жаратылыстану» пәнінің мұғаліміне қажетті білім мен білік деңгейі көрсетілген.
Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні студенттерді бастауыш мектепте ― Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәнін жүргізудің теориялық және әдістемелік негіздерімен таныстырып қана қоймай, адамзатты қоршап жатқан дүниені қорғау қажеттілігін сезінуге және оны жас буынның бойына сіңіре білуге бағыттайды.