Жас ерекшелік психологиясындағы зерттеу әдістерінің ерекшеліктері Психология ғылымының бір саласы бола отырып, педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы ғылыми талдауға ұшырауы мүмкін психологиялық фактіні – бақылау мен экспериментті алудың негізгі екі әдісін пайдаланады. Психологиялық-педагогикалық зерттеу пәнінің ерекшелігі аталған әдістерді пайдалануда айрықша өзгерістер тудырады. Мысалы , жас ерекшелік психологиясындағы бақылаулар, көбіне бала психикасының дамуын дәлелдейтін фактілерді жүйелі тіркеу сипатына күнделікті жазу түрінде болады. Француздардың белгілі марксист – психолог А.Валлон 1952 жылы : “Білімнің түрлі саласында эксперимент қарапайым бақылауды ығыстырып отыратын болса, психологияның көпшілік бөлімдерінде бақылаудың рөлі басымырақ болып қала береді. Балалар психологиясы, былайша айтқанда, ерте сәбилік шақ психологиясы тек қана бақылауға негізделеді.”. Соңғы жылдары педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясында психологиялық эксперименттің рөлі айтарлықтай өсті. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде пайдалануының жиілігі жағынан лабораториялық эксперимент баланы зерттеуде жетекші рөл алып жүрген табиғи экспериментке ғана жол береді. Оқу тәрбие процесі жағдайында жүргізілетін табиғи эксперимент оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жеке адамның қалыптасу ерекшеліктерімен жеке адам арасындағы қатынастарды тәжірибенің табиғи жағдайға жақын әлеуметтік ұйымдастырылған және арнайы өзгерткен жағдайларында зерттеуге мүмкіндік береді. Елімізде педагогикалық-психология үшін табиғи эксперименттің ерекше түрі- қалыптастыру эксперименті өте маңызды болып есептеледі. Бұл жерде сыналушылардың іс әрекетінде болатын өзгерістер зерттеушінің (педагог рөлін атқаратын) сыналушыға (оқушыға) белсенді әсер етуі нәтижесінде бақыланып отырады. Мысалы бастауыш мектеп жасында абстрактылы ұғымдарды меңгеру мүмкіндігін дәлелдейтін деректер бірсыпыра оқыту экспериментін жүргізу нәтижесінде алынады. Психологиялық-педагогикалық мәліметтерді алудың ерекше бір тәсілі- егіздер әдісі деп аталынады.Оның мәні- бір жұмыртқадан өрбіген егіздердің психикалық дамуын бақылаулар мен эксперимент жағдайларында салыстырып көру. Бұл олардың тұқымқуалаушылық қорының бір деңгейлігін еске ұстай отырып, орта мен тәрбие ықпалының болатын бірқатар факторлардың әсерін ажыратуға мүмкіндік береді. Зерттеуші психиканың қалыптасуының нақ сол сәттегі психологиялық ерекшеліктерін білуге тырысқан кезде бала психикасының дамуын көлденең кесу әдісімен де зерттей алады. Бірнеше қайталанылатын мұндай кесулер бірқатар сыналушылар жөнінде мағлұмат алуға көмектеседі. Кейде психологтар бір сыналушының өзін, оның психологиясындағы, елеулі өзгерістерді жүйелі тіркей отырып, ұзақ уақыт (кейде жылдар бойы) зерттейді. Мұндай зерттеу бойлай зерттеу деп аталынады. Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы өзіне бақылау мен эксперименттің және олардың өзгертіліп пайдаланылған (әңгіме, іс-әрекет нәтижесін талдау, тесттер т.б) барлық түрлерін қамтитын сан алуан нақтылау зерттеу методикаларын кең қолданады. Нақтылы психологиялық методикалардың молдығы мен сан алуандылығы қазіргі педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының күрделі теориялық әрі практикалық мәнді проблемаларын шешуді қамтамасыз етеді. Оқушының даралығы ерекшеліктеріне қабылдау ойлау өзгешеліктері жеке адам бойындағы мінез, темперамент, қабылдау, секілді қасиеттер жатады. Нерв жүйесінің типтік қасиеттері адамның мінез-құлқының табиғатының негізін құрайды. Дербес қабілеттің дамуы жеке адамдардың табиғи мүмкіншіліктеріне байланысты.