Бөж тақырыбы: Жас ерекшелік психологиясының зерттеу әдістері Қабылдаған: Нұрынбетова Салтанат Орындаған: Медет Айымторы Тобы: ФҚӘ-312 Түркістан 2023 Мазмұны



бет5/5
Дата17.10.2023
өлшемі106,63 Kb.
#117252
1   2   3   4   5
Байланысты:
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ

Қорытынды
Педагогика және жас ерекшелік психологиясының өмірге келуі 19 ғасырдың екінші жартысына жатады және психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Жас ерекшелік психологиясының дамуына Ч.Дарвиннің эвалюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Олар психикалық дамудың қайнар көздері проблемасына көңіл аудартты. Психология зерттейтін деректердің рефлекстік мәнін түсіндірудегі психикалық іс-әрекеттің маңызын көрнекті орыс ғалымы С.Сеченов те атап көрсетті. Жасына, жас шамасына қарай даму барысы деген не? Бұл сұраққа жауап адамның психикалық даму табиғатын түсінудегі жалпы қарым-қатынасқа байланысты болады. Айтылып жүрген көзқарастардың біреуі даму сатыларының өзгермейтіндігін, абсолютті болатындығын дәлелдеуге келіп саяды. Жас жөніндегі мұндай ұғым психологиялық дамуды табиғи биологиялық процесс деп түсінумен байланысты. Қарама-қарсы көзқарас- жас даму білім мен дағдылардың жәй жинақталуы ретінде ғана қарастырылады. Кеңес психологиясы жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп, П.П.Блонский мен Л.С.Выготский бұл тұжырымдамаларды одан әрі қарай дамытты. Т арихи даму процесінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды.

Глоссарий:
1.Психология – грек тілінен енген «псюхе»-жан, «логос»-ілім деген мағына білдіреді, психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы болып табылады.
2.Жас ерекшелік психологиясы – адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезін зерттейтін психологияның бір саласы болып табылады.
3.Балалар психологиясы - мектепке дейінгі балалардың психикалық даму заңдылықтарын зерттейтін пихология ғылымының саласы.
4.Рефлекс – латын тілінен енген «бейнелеу» деген мағынаны білдіреді, сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның қайтаратын жауап реакциясы.
5.Импульс – латын тілінен енген «күш» деген мағынаны білдіреді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қ. Жарықбаев. Психология. Оқулық. Алматы, «Білім», 1994ж.
2.Жақыпов С.М., Бердібаева С.Қ. Психология: Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Таймас Баспа Үйі: Алматы 2015ж.
3.Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Педагогика негіздері. Алматы "Заң әдебиеті", 2005 жыл – 228 бет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет