Бөж тақырыбы: Постнаталды кезеңдегі қанның өндірілуі


Э р и т р о ц и т о п о э з



бет3/6
Дата18.02.2023
өлшемі0,61 Mb.
#69035
1   2   3   4   5   6

Э р и т р о ц и т о п о э з


Эритроциттердің дамуы төменде көрсетілген сызбанұсқа бойынша жүреді: БЖ – ЖБЖ (КТБ-ГЭММ – КТБ -гнэ немесе КТБ-МГЦЭ) – унипотентті бастама жасушалар (КТБ-Э) проэритробласт – эритробласт (базофильді, полихромотофильді, оксифильді) – ретикулоцит – эритроцит. Жасушада келесідей өзгерістер орын алады: жасуша мөлшері кемиді, ядро кішірейеді, нығыздала түседі және жоғалады, РНҚ мөлшерінің азаюына орай цитоплазма базофилі әлсірейді, гемоглобиннің жинақталуымен байланысты цитоплазма оксифилі пайда болады.
Проэритробласттарға (рroerythroblastus) ядрошығы айқын көрінген және ұсақ шашыраңқы орналасқан хроматині бар ірі домалақ немесе сопақ пішінді ядро тән. Ядроның шет жағынан жұқа қабатпен базофильді цитоплазма қоршап жатады. Бұл жасушалардың өлшемі 15 мкм жуық. Олар жекеленген түрде немесе 2-4 жасушалардан құралатын топпен орналасады. Бұл жасушаларға тән белгі бөліну әрбір 8-12 сағат сайын жүретін қарқынды пролиферацияға қабілеттілік болып табылады. Проэритробласттардың митоздық бөлінуі нәтижесінде пішіні неғұрлым ұсақ (10-12 мкм) домалақ пішінді жасушалар пайда болады. Олар тұтасымен гомогенді цитоплазмасына ондағы РНҚ-ның жинақталуымен байланысты айқын көрінген базофильдің тән болуымен ерекшеленеді. Ядросы домалақ, біршама қанық түске ие болып келеді. Бұл жасушалық формалар базофильді эритробласттар (erythroblastus basophilicus) деп аталады. Электрондық микроскоп арқылы зерттеу барысында базофильді эритробласттар цитоплазмасында тұрлі мөлшердегі біраз митохондриялар, диффузиялы түрде орналасқан рибосомалар және эндоплазмалық тордың бірнеше көпіршіктері көрініс берген. Базофильді эритробласттар қарқынды көбейе отырып, цитоплазмасы біртіндеп базофилияны жоғалтып гемоглобиннің жинақталуының арқасында тек негізгі ғана емес қышқыл бояулармен де бояла бастаған мөлшері 8-10 мкм болатын одан да ұсақ көптеген жасушалық формаларды түзеді. Бұл жасушалық формаларды цитоплазмасының боялу дәрежесіне қарай полихроматофильді эритробласттар (erythroblastus polichromatophilicus) деп атайды..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет