Бөж тақырыбы: Сезім ағзаларына жалпы сипаттама. Анализаторлар туралы ілім. Рецопторлы жасушалар және рецепцияның механизмдері. Орындаған: Исомитдинова Умида Факультет: Педиатрия Топ: 207 Қабылдаған: Ляззат Нурлановна Жоспары



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата02.11.2022
өлшемі1,21 Mb.
#46929
түріАнализ
  1   2   3   4   5


Нұр-Сұлтан 2022ж
БӨЖ
Тақырыбы: Сезім ағзаларына жалпы сипаттама. Анализаторлар туралы ілім. 
Рецопторлы жасушалар және рецепцияның механизмдері.
Орындаған: Исомитдинова Умида
Факультет: Педиатрия
Топ: 207
Қабылдаған: Ляззат Нурлановна


Жоспары:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Анализаторлар туралы түсінік
2. Сезім мүшелері туралы түсінік
3. Сезім мүшелерің жіктелуі және рецепциясы
4. Рецепторлы жасушалар
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.


Бұл тақырып бойынша негізінен, адамның сезім мүшелерінің 
рецепторлық жұмысы гистология тұрғысынан қарастырылады. Яғни, 
бұл дегеніміз тіндердің қатысында рецепцияның механизмдерін
қарастыру болып табылады.
Рецепторлар – анализаторлардың сырттан келген хабарды ең бірінші 
қабылдап алатын бөлігі. Оларға көру жүйесі, дәм сезу, есту, иіс сезу 
аймағындағы рецепторлар жатады. Және де сезім ағзалары жайында 
сипатталады. Мен жасаған презентацияда осы мәселелер 
қарастырылады.
Кіріспе:


Анализаторлар туралы түсінік:
Анализаторлар немесе талдағыштар (анализаторы) — шеткі қабылдағыш 
бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке 
механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің 
орталық бөлігімен байланыстырып тұрған рефлекторлық доғаның сезімтал 
бөлігі.
Талдағыштар үш бөлімнен тұрады: 
1) тітіркеністі қабылдайтын шеткі бөлім (рецепторлар); 
2) жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім; 
3) қабылданған сезімге талдау жасалынатын ми жабынындағы және
қыртыс астындағы сезімтал орталық бөлім.
Анализаторлардың көмегімен адам мен жануарлар организмдері мен 
қоршаған орта арасында байланыс қалыптасады. Сонымен қатар, олар 
организмдегі зат алмасу процесінің қалыпты өтуі, ұлпалар мен мүшелердің 
қанмен жабдықталуы, әртүрлі жүйелер қызметінің үйлесімді реттелуі туралы 
ақпараттармен орталық жүйке жүйесін хабардар етіп отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет