Қорытынды Қорыта келгенде, халықаралық валюталар қатынастар — ұлттық шаруашылықтарының қызметкерлерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Халықаралық валюта қатынастары шаруашылық байланыстарының интернационалдануы негізінде бірте-бірте белгілі бір формаларды иемдене бастады. Нәтижесінде валюталық жүйе қалыптасты.
Валюталық жүйе дегеніміз — ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекет аралық келісім шарттарымен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын білдіреді.
Валюталық жүйелер 3 түрге бөлінеді:
¥лттық валюталық жүйе;
Дүниежүзілік валюталық жүйе;
Аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе
Валюталық рыноктарда валюталық операциялады жүргізуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.
Валюталық бағам дегеніміз — бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру оларды өндіріс және айырбас процесінде пайда болатын объективті құндық қатнастарына негізделеді. Валюталық бағамы валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді. Тауарлармен, қызметтермен саудаласқанда, капиталдар мен несиелердің қозғалысы кезінде, дүниежүзілік және ұлттық рыноктардың бағаларын сонымен бірге әр алуан елдердің ұлттық немесе шетелдік валюталарға шаққандағы құндық көрсеткіштерді салыстырған құндық көрсеткіштерді салыстырған уақытта валюталық бағам аса қажет. Ұлттық валюта жүйесі дүниежүзілік валюта жүйесінің құрылымдық принциптеріне сәйкес қалыптасты. Ұлттық валюта жүйесінің негізін осы мемлекеттің заңымен бекітілген ақша бірлігі құрайды. Қазақстанның ұлттық валютасы Елтаңбасының 1993 жылға 12 қарашасындағы «Қазақстан ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлығы негізінде 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға теңге еңгізілді. Қазақстан дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның халықаралық валюта-қаржы және несие қатнастарына белсенді түрде қатысуын талап етеді. Еліміздің бүгінгі таңдағы негізгі валюталық саясаты теңге құнының тұрақтылығын орнықтыру және оны еркін ауысатын валюталарға айырбастауды мейлінше ырықтандыру.
Қазақстан 1992 жылдың шілдесінде Халықаралық валюта қорға мүше болып кіргеннен бастап өзінің валюта қатынастарын «Ямайка» валюта жүйесінің құрылымдық қағидалармен қордың жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын ұйымдастырушы үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде «Валюта реттеу туралы» ҚР-ның алғашқы заңы қабылданды. Ол кезде Қазақстан Кеңес экономикасы аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстар жоқтың қасында болатын. Қабылданған заң бойынша валютаны ырқына жіберу деңгейіне сәйкес келіп кейбір жағдайларда байланысты дамып келе жатқан валюта қатынастарына тіпті қарама — қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда «Валюталық реттеу туралы» жаңадан заң қабылданды.
Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануына ұмтылыстарына қарыз капиталының дүниежүзілік рыногына шығуына, портфелдік және тікелей инвестициялар операцияларына қатысуына мол мүмкіндіктер береді.