Бөж тақырып. Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі стандарттарын енгізу


 Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі КҚБЖ (ЕСКД) стандарттарының тағайындалуы



бет3/31
Дата09.05.2022
өлшемі79,92 Kb.
#33350
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
БӨЖ 1

2. Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі КҚБЖ (ЕСКД) стандарттарының тағайындалуы.

 

КҚБЖ (ЕСКД)   стандарттар комплексі өнімнің өмірлік кезеңінде /жобалау, дайындау, пайдалану, жөндеу т.б./ әзірленетін және қолданылатын конструкторлық құжаттарға өзара байланысқан ережелерді, нормаларды орнатады. ЕСКД стандарттарының негізгі тағайындалуы, конструкторлық құжаттарды рәсімдеу барысында келесі мәселелерді қамтамасыз етеді:



1)        Бұйымды жобалау барысында жетілдірілген әдістер мен құралдарды пайдалану;

2)         Конструкторлық құжаттардың өзара байланысын ешқандай өзгертусіз пайдалану мүмкіндігі;

3)        Конструкторлық құжаттардың тиімді жинақталуы;

4)        Конструкторлық құжаттарды және ондағы ақпаратты өңдеудің механикалығы және автоматтылығы;

5)        Тұтынушының өмірі мен денсаулығына қоршаған ортаға бұйым қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптардың конструкторлық құжаттарда болуы;

6)        Бұйымның жоғарғы сапасы;

7)        Бұйымды жобалауда стандарттау және унификациялау мүмкіндігінің кеңеюі;

8)        Бұйымды сертификаттау мүмкіндігі,

9)        Өндірісті дайындаудың еңбек сыймдылығын төмендету және мерзімін қысқарту;

10)    Бұйымды дұрыс пайдалану,

11)    Жұмыс істеп тұрған өндірісті қайта жетілдіру үшін құжаттарды әзірлеудің ыңғайлылығы; және қол жетімділігі;

12)    Конструкторлық құжаттар мен графикалық бейнелердегі формалардың жеңілдетілуі;

13)     Автоматтандырылған жүйелердің біртекті ақпараттық базасын жасау мүмкіндігі;

14)    Халықаралық стандарттарға сәйкестендірудің ырғақтылығы;

ЕСКД стандарттары машина жасау және прибор жасау бұйымдарына таратылады.

ЕСКД стандарттарымен орнатылған нормалар мен ережелер келесі құжаттарды әзірлеу, өңдеу , рәсімдеу барысында қолданылады:

1)        Конструкторлық құжаттардың барлық түрінде;

2)        Конструкторлық құжаттарды есепке алу, тіркеу құжаттары;

3)         Конструкторлық құжаттарға өзгерістер енгізу бойынша құжаттарға;

4)        Нормативті техникалық, технологиялық құжаттарға;

Сондай-ақ басқа да стандарттарға, нормалар мен ғылыми-техникалық оқу әдебиеттеріне қолданылады.

ЕСКД стандарттары топтық жіктелуі келесідегідей

 


Топ нөмері №

Стандарттар тобының жіктелінген атауы

0

Жалпы жағдайларға байланысты стандарттар

1

Негізгі жағдайға байланысты стандарттар

2

Конструкторлық құжаттардың және бұйымның белгіленуі мен жіктелінуі

3

Сызбалардың негізгі ережелері

4

Әртүрлі бұйымдардың сызбаларын орындау ережелері

5

Конструкторлық құжаттарды өзгерту ережелері

6

Эксплуатациялық және жөндеу жұмыстарын орындау ережелері

7

Сұлбаларды орындау ережелері

8

Жобалау барысында макеттік әдіспен құжаттарды орындау ережелері

9

Басқа да стандарттар

 

 

ЕСКД стандарттары ГОСТ 1.0 стандарттарында орнатылған ережелер бойынша белгіленеді. Стандартты белгілеу келесідегідей:



1)      Стандарт категориясының индексі, яғни ГОСТ;

2)      ЕСКД стандарттар комплексімен берілген сан келтіріледі;

3)      Кестеге сәйкес стандарт тобының нөмерін белгілейтін сан келтіріледі;

4)      Аталынған топтағы стандарттың реттік нөмерін белгілейтін сан келтіріледі;

5)      Стандарттың бекітілген жылын көрсетеді.

ГОСТ 2604-

ГОСТ – стандарт категориясының индексі

«2» - стандарт комплексінің номері

«6» - кестеге сәйкес стандарт тобының номері

«04» - топтағы стандарттың реттік номері

ЕСКД стандарттары халықаралық стандарт үшін орнатылған тәртіпте ендіріледі.

Жаңа немесе қайта қаралған ЕСКД стандарт ендіру барысында оларды қайта рәсімдеуге болады. Тек қана қорғаныс мақсатында әзірленген немесе конструкторлық құжаттар тапсырыс берушімен келісіледі.

Бұрын әзірленген конструкторлық құжаттарды қолдануда, әзірлеуші көшірмесін өз қолында ұстауға немесе қайта дайындауға құқылы.

ЕСКД  классификаторында   барлығы   100  класс   бар.  Барлық  бұйымдар   функционалдық  біртипті   класқа  қатысты  болып  келеді. Резервті  кластар   уақыттың    өтуіне  байланысты   қажеттілікке  орай  бұйымның  жаңа   түрін  орналастыру   үшін  керек.

ЕСКД  классификатордың   әр  класы     10  кішкентай  кластарға   бөлінеді(0-ден   9-ға   дейін),  әр  кішкентай  кластардың   өзі   10   топқа , әр  топ  кішкентай  топшаларға ,кішкентай  топшалар  10   түрге  бөлінеді.

ЕСКД  классификаторын   қолдану  мынаны  қамтамасыз   етеді:

1.Бұйымдардың     және   машина,  құрал  жасап  шығарушы   конструкторлық   құжаттардың   тағайындалуының   біріңғай  жүйесін.

2.Проектеу ,  өндіріс   ремонттау  мақсатында   әр  түрлі  мекемелерде,   ұйымдарда  қолдану   мүмкіндігі.

3.Жасап  шығарушы   және   дайындалған   бұйымдарды,сондай-ақ   конструкторлық  құжаттарды   іздеуді   тездету   және   жеңілдету.

4.Стандарттаудың   және  унификацияның    бағытын  анықтау.

5. Бұйымдарды   өндіруде , проектеуде ,автоматизацияда   қолданылатын    құрал-жабдықтардың     кең   қолданылуы.

КҚБЖ (ЕСКД)  классификаторы   классифицирленген   көпшіліктің   дедуктивті   логикалық   бөлуге  бағытталған   иерархиялық   ондық   әдіс   бойынша  жасалған.  Бұл  әдіс  бойынша  классификацияның   әр  сатысындағы   құжаттар  мен   бұйым классификациясының   белгілерін    нақтылау   жүзеге  асырылады.

Кластағы   бұйымдарды  классификациялау  кезінде   келесідегідей  негізгі   белгілер  қолданылады:

а) Функционалдық (бұйыммен  орындалған     негізгі   эксплуатациялық   функция )

ә)  Конструкторлы ( бұйымның  коструктивті  ерекшеліктері)

б)  Әрекет  ету   принципі (физикалық , физика – химиялық  процесс)

с)  Параметрлік (бұйымның  жұмыс  параметрінің   дәлдік  деңгейлері  және  шамалары:негізгі  размерлер ,қуат ,қысым ,ток  күші ,жиілік)

д) Геометриялық   форма

е) Бұйымның  аталуы.

Кластарды   түзету   кезінде   жиынтық  бірлігінің , комплекттердің, комплекстердің   классификациясының   бірінші   деңгейінде   функционалдыбелгі   қолданылады.Бұл  белгі   кластың  бұйымдары  туралы   мәлімет  беріп және   оларды   басқа  кластың  бұйымдарынан ерекшелеуге  мүмкіндік  береді.

КҚБЖ (ЕСКД)  классификатор   бұйымының   класының   классификациялық   мінездемесінің   коды  Технологиялық  классификатордың  құраушы   бөлімі  ретінде   қолданылады.

Жалпы  құжаттың  классификациясы   үшін   барлық  кластағы   "О"  кішкентай  кластар  қолданылған. Бұл   "О"  кішкентай  класқа  барлық  клас,оның  кішкентай  класы, топ, топша, түр, норма, тәртіп, талап, әдіс, бұйымның  құраушылары, олардың  маркировкасы, орауы, бақылауы, қабылдауы , сақтауы, монтаждауы,  және т.б  құрайтын   құжаттар   жатады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет